Майда еритін витаминдер
Презентация қосу
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Биология және Биотехнология факультеті
Пән: Дәрілік өсімдіктер
№ 7 ДӘРІС:
ҚҰРАМЫНДА ВИТАМИНДЕР БАР ДӘРІЛІК
ӨСІМДІКТЕР ЖӘНЕ ШИКІЗАТТАР.
Орындаған: Қуан Л.
Қабылдаған: б.ғ.к., аға оқытушы
Тыныбеков Б. М.
Жоспар:
I. Витаминдер туралы жалпы түсінік.
II. Майда еритін витаминдер.
– Құрамында майда еритін витаминдер бар өімдіктер
• өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері
• химиялық құрамы және дәрілік шикізаты.
• Медицинада пайдаланылуы
• Халық медицинасында пайдаланылуы
III.Суда еритін витаминдер
– Құрамында суда еритін витаминдері бар өсімдіктер
• өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері
• химиялық құрамы және дәрілік шикізаты.
• Медицинада пайдаланылуы
• Халық медицинасында пайдаланылуы
Витаминдер туралы жалпы түсінік.
Витаминдер – химиялық құрылысы әртүрлі, бірақ та биологиялық
маңыздылығымен және адам мен жануарлар организмдері үшін қажеттілігімен
біріктірілген табиғи заттар. Негізгі заттармен (белок, көмірсулар, майлар)
салыстырғанда витаминдер организмге өте аз мөлшерде қажет. Бірақ та
организмде олардың жетіспеуі зат алмасу процесінің бұзылуына, ал олардың
организмде тіпті болмауы әртүрлі ауруға шалдықтырады – авитаминоз немесе
гиповитаминоз (цинга, рахит, тауық соқыр, полиневрит және т.б.).
Авитаминоз – тағамда витаминдердің жетіспеуінен болатын ауру.
Гиповитаминоз – организмде витамин жетіспеуінен пайда болатын ауру.
Витаминді алғаш ашқан орыс биохимигі, врач Н.И.Лунин (1880). "Витамин"
деген атты ендірген польша ғалымы Казимир Функ (1912 ж).
Витаминдер өсімдіктерде синтезделеді. Адамдар тамақ жегенде
(өсімдіктерден және жануарлардан жасалған тағамдардан) тіршілікке қажетті
барлық заттарды алады. Көптеген витаминдер адам организміне дайын күйінде
сіңіріледі. Бірақ та кейбір витаминдер өсімдіктерден провитаминдер
формасында түседі. Провитаминдер дегеніміз - витаминдердің алдындағы
заттар. Ең маңызды провитаминдер қатарына каротиноидтар – А витаминдер
тобының алдындағы заттар жатады. Витаминдер химиялық реакциялардың
катализаторы ролін атқарады. Ферменттермен тығыз байланысты көптеген
витаминдер ферменттер құрамына кіреді. Витамин дегеніміз жалпы алғанда –
организм тіршілігіне керекті тамақ құрамындағы заттар.
Витаминдер классификациясы.
Алғашқы витаминдер ашылғаннан осы уақытқа дейін әріптер классификациясы қолданылады. Яғни
латын алфавиті бойынша А,В,С және т.б. әріптермен витаминдер аталады. Практикаға витаминдердің
химиялық классификациясы ендірілуде. Сонымен бірге пайдалануына және әсер ету сипатына
байланысты фармакологиялық классификацияда пайдаланылады. Практикалық тұрғыдан ең ыңғайлысы
барлық витаминдерді олардың ерулеріне байланысты екі топқа бөлуге болады:
Майда еритін витаминдер.
А тобы витаминдерінің провитаминдері–каротиндер
D тобы витаминдерінің провитаминдері – эргостерол және басқа фитостеролдары.
Е тобы витаминдері – токоферолдар
К тобы витаминдері – филлохинон (К1) және Менахинон (К2).
F – комплексіне жататын витаминдер – жоғары шексіз май қышқылдары және простагландиндер.
Суда еритін витаминдер.
В1 витамині – тиамин
В2 витамині – рибофлабин
В5 витамині – пантотен қышқылы
В4 витамині – холин
В6 витамині – пиридоксин
В7 витамині – карнитин, витаминге ұқсас зат
В8 витамині – инозит; витаминге ұқсас зат.
В9 витамині – (Вс, витамин М) – фали қышқылы
В12 тобының витаминдері – коболаминдер
В13 витамині – ороб қышқылы; витаминге ұқсас зат
В15 витамині – пангамов қышқылы
H витамині – биотип; витаминге ұқсас зат
Дәрілік өсімдіктерден дәрумендерді бөліп алу
Дәрілік өсімдіктерден дәрумендерді бөліп алу әдісі олардаың физикао-
химиялық қасиеттеріне негізделген. Суда еритін дәрумендерді сумен
экстрагирлейді, қышқылдардың сулы қоспаларымен, буферлі қоспалармен
және кейінгі фракциялаумен - байланысқан дәрумендер формалары үшін. Ал
майда еритін дәрумендерді бөліп алу үшін органикалық еріткішер
пайдаланады: ацетон, этанол, хлороформ, петро-лейлі эфир.
Дәрумендерді балластты заттардан бөліп алу үшін әртүрлі
хромотографиялық әдістерді пайдаланады: “тонкослойную, колоночную,
ионообменную».
Дәрумендерді сапалы анықтау үшін көп жағдайда хромотографияны жұқа
қабатта пайдаланады. Дәрумендерді хроматограммада көрінетін жарықта
түстері бойынша ажыратады (каротинойдтарда), флуоресценцияда УФ-
сәуледе және аранйы реакциялардан кейін.
Майда еритін витаминдер.
Каротиндер.
А тобының витаминдерінің болмауы организмнің өсуін бұзады, ауруларға шыдамдылығын
төмендетеді және тауық соқырлыққа алып келеді. Бұл витаминдер негізінен жануарлардан алынған
тамақтарда болады. Жануарлар организмінде ол витаминдер каротиннен пайда болады.
Каротиндер – каротиноидтардың негізгі топтарының бірі болып табылады, шығу-тегіне келетін
болсақ, олар- тетратерпендер С40H64.
Каротин өсімдіктерде үш изомер формасында болуы мүмкін:
Өсімдіктерде каротиндер белсенді оттегіні тасымалдаушы ролін атқарады. Оны өсімдіктерде
каротиндердің көптеген оттегілік туындыларының болуымен түсіндіруге болады.
Өсімдіктерде каротиндер гүлдердің, жемістердің және басқа өсімдік мүшелерінде пластидтерінде –
хромопластарында болады. Сонымен қатар хлоропластардың хлорофиллдерімен бірге өсімдіктердің
көк-жасыл мүшелерінде, суда еритін белок комплекстерінде немесе май тамшыларында болады.
( изомер формасы негізгі ең көп таралған каротин болып табылады.
Организмде ( - каротин молекуласы гидролиздік бөлінудің нәтижесінде А витаминінің 2 молекуласы
пайда болады.
Ал ( және (-изомерлері каротиндерінен тек А витаминінің 1 молекуласы ғана пайда болады.
А витамині адам организміне тек қана жануарлар майымен ғана келіп түседі.
Каротиндер көптеген өсімдіктер түрлерінде болады. Бірақ та денесінде көп мөлшерде каротин
жинақталатын өсімдіктер ғана каротиннің көзі ретінде бағалы болып есептеледі.
Ондай өсімдіктердің кейбіреулері (сәбіз және асқабақ) каротин өндірудің өндірістік шикізаты болып
есептеледі. Олардан таза каротин алынады. Өсімдіктердің басқа түрлері экстракт алуға немесе
тұнбалар, қайнатпалар алуға пайдаланылады.
Фитостеролдар.
Фитостеролдар D тобы витаминдерінің негізін салушылар болып саналады.
Өсімдіктен жасалған тамақтармен жануарлар организміне фитостеролдар
келіп түскенде олар холестеролға, ал холестеролдар одан әрі одан витаминдер
қалыптасады. Мысалы, ашытқыларда (дрожжи) болатын эргостерол
жануарлар организмінде D2 витаминіне айналады. Осы сияқты D тобының
басқа да витаминдері пайда болады. D2 және D3 сияқты табиғи витаминдер
көп мөлшерде бауырда және теңіз жануарларының және тресканың майлы
ұлпаларында жинақталады.
Токоферолдар – Е тобы витаминдері.
Е витамині табиғи антиоксидант болып саналады. Яғни Е витамині
организмде әртүрлі заттарды тотығудан сақтайды. Белок синтезіне, ұлпалар
тыныс алуына және басқа да клетка метоболизміндегі маңызды процестерге
қатысады. Организмге өсімдіктермен бірге келіп түседі.
Бұл витамин төрт жоғары молекулярлық спирттің қосындылары екендігі
анықталған, және (-тоноферолдардың. Олардың ішіндегі ең белсендісі (-
тоноферол. (-тоноферол басқа витаминдермен бірге (каротиндер, аскорбин
қышқылы) көптеген өсімдіктерде кездеседі. Дәрілік препарат ретінде (-
токоферолдың ацетаты қолданылады.
К тобының витаминдері.
К тобының витаминдері өздерінің химиялық табиғаты жағынан 2-метил-1,4
нафтохинон өнімдері болып саналады.
Табиғатта олардың бірнеше қосылыстары белгілі. Олардың ішінде жоғары
сатыдағы өсімдіктерде тек витамин К1 болады (филлохинон). К1 организмде
қанның тромбогендік қызметін реттейді.
К витамині (филлохинон). Қазіргі күні К витаминінің жеті түрі белгілі, бірақ
үш түрі К1, К2, К3 жиі пайдаланылады. К1 витамині (альфа-филлохинон) —
1939 жылы жүгеріден алынған. Таза күйінде ол сарғылт, майлы сұйық, май
еріткіштерде ериді. Нейтралдық ортада қыздыруға төзімді, ультракүлгін сәуле
өсерінен бұзылады. К2 витамині микроорганизмдерде кездеседі, алғаш рет
шіріген балық ұнынан табылған. Химиялық құрамы жағынан К1 витаминінен
ерекше. Ол сары кристалды ұнтақ, суда ерімейді, май еріткіш ертінділерде
ериді. Жарық пен қыздыруға төзімсіз. К витамині жасыл өсімдіктердің
жапырақтарында, сүрлемде көп болады, ал астық тұқымдас дақылдардың
дөндерінде, тамыр-түйнек жемістілерде өте аз. Малдың ас қорыту
жолдарындағы бактериялар К витаминін түзеді. К витаминінің жетіспеуі
малдардың қан ұюына өсер етеді, бүйректе протромбинніқ құрылуы
төмендейді. Күйіс малы К витаминіне қажеттіліктерін табиғи азықтардан
толықтырады, тек ауылшаруашылық құсты жөне шошқаны азықтандырғанда
К витаминінің мөлшерін қадағалайды. Қазіргі уақытта өнеркәсіп К
витаминінің туындысы К3 викасол шығарады.
Құрамында майда еритін витаминдер бар өімдіктер
Кәдімгі қырмызыгүл - Calendula offіcіnalіs L. – Календула лекарственная
Үштармақ итошаған - Bіdens trіpartіta L. - Череда трехраздельная
Кәдімгі шетен - Sorbus aucuparіa L. – рябина обыкновенная
Итшомырт - Hіppophae rhamnoіdes L. – Облепиха крушиновая
Қосүйлі қалақай - Urtіca dіoіca L. – Крапива двудомная
Кәдімгі жұмыршақ - Capsella bursa-pastorіs (L.) Medіk. – Пастушья сумка
Құрамында К тобының витаминдері бар өсімдіктер:
Қосүйлі қалақай - Urtіca dіoіca L. – Крапива двудомная
Кәдімгі жұмыршақ - Capsella bursa-pastorіs (L.) Medіk. – Пастушья сумка
Тұқымдас: Күрделігүлділер - Asteraceae – Сложноцветные
Туыс: Қырмызыгүл - Calendula - Календула
Түр: Кәдімгі қ. - C. offіcіnalіs L. – К. лекарственная
Биологиялық сипаттамасы.
Кәдімгі қырмызыгүл – біржылдық
шөптесін өсімдік. Бүкіл өсімдік безді
түктенген бұтақтанған сабағының
биіктігі 50 см шамасында.
Жапырақтары кезек-кезек
орналасқан, ұзарған жұмыртқа
тәрізді. Гүлдері алтынды-сары немесе
қызғылт-сары ірі жеке себеттерде.
Сбеті үлкен, етжеңді 50 мм, шеткі
тілше гүлдері сары немее қызыл сары
ішкі гүлдері қызыл қос жынысты.
Жемісі – тұқымша – шеткі тілшік
тәрізді гүлдерден дамиды, ортаңғы
түтік тәрізді гүлдері тұқымсыз. Жаз
бойы, кеш күзге дейін гүлдейді.
Тұқымы иілген дөңе жағында тікенегі
бар.
Таралуы: Дәрілік календула - Жерорта теңіздік түр. Оның табиғи ареалы
Оңтүсік Еуропаны, Кіші Азияны шығысында Иранға дейін алып жатыр.
Россияда, Қазақстанда табиғи флорада кездеспейді, бірақ кеңінен
мәдениелендірілген медицинада пайдалану үшін Москва, Воронеж, Самара
олыстарында Солтүтік Кавказда, Украинада, Белорусияда өсіріледі.
Қазақстанның барлық жерлерінде өсіріледі. Кейде арам шөп ретінде бау-
бақшаларда, жол бойларында кездеседі.
Химиялық құрамы.
Себет гүлдерінде каротиноидтар: каротин (30 мг/100г), ликопин және
каротиннің оттегілік туындылары – виолаксантин, цитроксантин,
рубиксантин, флавоксантин және т.б. Шеткі боялған гүлдерде,
каротиноидтардың жиынтығы құрғақ массасы 3%-ға жетеді. Гүлдердің
иістері эфир майларының іздері болуына байланысты.
Кәдімгі қырмызыгүлдің гүлшоқтарында аскорбин қышқылы, қарамай
(смола 3%), алма қышқылы (6%), қоймалжың заттар (4%), ситостериндер,
силицил қышқылы іздері болады, 3%-ға жуық каротинойдтар, цитраксантин,
ликопин, киалоксантин, рубиксантин, флавохром т.б., эфир майлары – 0,01%,
қышқылдар: алма қышқылы, пентадецил және салицил –6-8%, сөлдер – 4%
-ға дейін, шайыр – 3,4% құрайды.
Жерасты мүшесінде фитонцидтер, тұқымында – майлар және алколойдтар,
гүлінде – эфир майлары, каротинойдтар (α мен β каротинойдтары, ликопин,
лютеин, виолаксантин және т.б.), флаванойдтар, сапониндер, сависиль
қышқылы, шайыр, органикалық қышқылдар, алколойдтар.
Дәрілік шикізаты.
Медицинада гүл себеттері пайдаланылады. Оларды гүл сағақтарынсыз
жинайды. Жаз бойында 10-20 рет жинауға болады. Жиналған шикізатты
көлеңкеде немесе арнайы кептіргіштерде кептіреді.
Бүтін кептірілген себеттер (корзинка) диаметрі шамамен 0,5-4 см, гүл табаны
жазық, жалаңаш, өсімдік гүлінің жамылғы қабаты (обвертка) бір қатар көк-
жасыл жіңішке ланцетті-ұшталған жапырақшалардан тұрады. Шеткі тілге
ұқсас гүлдерінің жоғарғы жағында 2-3 тісшелері болады. Бұйра гүлдерде
(махровые) 12 қатарға дейін тілге ұқсас гүлдері болады.
Қолданылуы
Ресми медицинада
Тұнба және мазь (май) түрінде кесіп алған жараларды, іріңдеген жараларды,
күйікті емдеуге пайдаланады. Сонымен бірге тамақ ауруды (ангина) емдеуге де
тамақты шаю үшін пайдаланады.
Қазіргі кезде Вивасан компаниясы Швецарияда өндірілген табиғи- емдік,
косметикалық өнімдер,биологиялық белсенді қоспалар және өсімдіктерден
жасалған денсаулыққа пайдалы өнімдерді ұсынуда.
Табиғи УФ-сүзгі бола отыра, теріні күнге күюден қорғайды және оларды
емдейді. Тәтті бадам құрғамайтын құнарлы майларға, сондай-ақ эмульсин
ферменттеріне, В2 витаминіне белоктық және илегіш заттарға, қант пен
шырышқа бай, теріге жақсы сіңеді, жұмсартып,ылғалдандырады, ұсақ
тыртықтар мен кесілген жерлердің жазылу үрдісін жеделдетеді және оны
қоршаған ортаның жағымсыз ықпалынан қорғайды.
Қаныққан май қышқылдарына, жоғары молекулалық спирттерге, қаныққан
көмірсутегілеріне, каротиноилдарға, А витаминіне, антибиотиктер мен басқа
дабактерицидтік заттарға бай ара балауызы терінің сіңірімділігін қамтамасыз
етеді, терігеқорғаныстық әсер етеді, оның кедергілік қызметтерін көтереді,
теріні тамаша жұмсартады,ылғалды сақтайды.
Токоферил ацетаты (Е витамині) – бағалы косметикалық құрамдардың бірі,
белсендіантиоксидант. Тері үстіндегі липидтерді және коллагендік
талшықтарды қышқылдану менбұзылудан қорғайды, сол арқылы терінің
икемділігін сақтайды,уақытша қартаюдан қорғайды, оның себебі зиянды
қоршаған факторлардың ықпалы болып табылады.
Халықтық медицинада
Асқазан жарасын емдеуге және өт бөлуді жақсарту үшін ішіледі.
Халық медицинасында антисептикалық дәрі ретінде, қабынуға қарсы және
жараларды жазу үшін де пайдаланылады. Халықтық фитотерапияда тамыр
тұнбасын тіс ауруларында, іш өтуге, асқазан ауруларына, зәр шығару
органдарының ауруларына қолданылады.
Қырмызыгүл тұнбасы – бауыр мен өт ауруларына ем.
Тұнба әзірлеу үшін 2 ас қасық қырмызыгүл гүлі, 1 ас қасық сәбіз тұқымы, 400
г ыстықсүт пен 200г қайнаған су қажет. Алдымен қырмызыгүл гүліне қайнаған
суды құйып, 2 сағат тұндыра тұру керек. Ал сәбіз тұқымына ыстық сүттен
құйып, қараңғы жерге 1 сағаттай қоя тұрады. Сонан соң 1-2 сағаттан кейін
әрқайсысын жеке сүзіп алып, тұнбаны бір - біріне қосады.
Осы тұнбаны таңғы астан бұрын жарты стаканнан 6 күн ішукерек.
Оданкейін3 күнүзілісжасап, тағыбір рет қайталаңыз. Сондай-ақбұлтұнба
бауыр (гепатит) мен қуықтың қабынуына (цистит) шипа болады.
Қырмызыгүлінің темекі тартуды тастау үшін пайдасы.
1 кг жуылған сұлыны ыдысқа салып, үстінен 1 литр су құйып отқа
қоясыз. Баяу отта жарты сағат қайнату керек.Судан сұлыны сүзіп алып
тастап, әлгі суға 2 ас қасық қырмызыгүл салып 8 сағаттай жылы орап
қойыңыз.Қырмызыгүлді сүзіп тастап, күніне 2 стақаннан жылытып ішу
керек. Екі апта бойы ішкен соң, темекіден, өзіңіз-ақ бас тартатын боласыз.
Дәрілік сусын таусылып қалса, оны қайтадан осындай жолмен даярлап
алып қолдануға болады.
Кәдімгі қырмызыгүлден алынатын дәрілер
Тұқымдас: Күрделігүлділер - Asteraceae – Сложноцветные
Туыс: Итошаған - Bіdens - Череда
Түр: Үштармақ и. - B. trіpartіta L. – Ч. трехраздельная
Биологиялық сипаттамасы.
Үштармақ итошаған – біржылдық
шөптесін өсімдік, биіктігі 25-75 см,
жуан супротивті – бұтақтанған
сабағымен. Жапырақтары қарама-қарсы
орналасқан, бірігіп қосылған терең үш
бөліктен тұрады. Гүлдері түтікше
тәрізді, сары, үлкен жазық себетке
(корзинка) жиналған, жеке сабақ және
бұтақтар ұшында орналасқан. Жемісі –
тұқымша екі кетілген қылқанымен
маусым айының соңында гүлдей
бастайды. Бүкіл Қазақстанда өзен, көл,
арық жағалауларында, ылғалды
жерлерде, огородтарда кездеседі.
Тұқымы қысыңқы, ұзын бірқырлы.
Тұқымының ұзындығы 6-8 мм. Маусым
айының басынан қыркүйек айна дейін
гүлдейді. Қыркүйек айының аяғында
жемі береді.
Таралуы: Россияның барлық Еуропалық бөлігіне тараған, Сібңрде,
Орталық Азия, Кавказда, Қиыр Шығыста өседі.
Өзндердің ылғалды жиектерінде, өзен айналасында, болоталарда,
арықтардың жиектерінде өседі.
Химиялық құрамы.
Үштармақ итошаған өсімдігі қүрамында Юшақты флаваноидтар болады
олардың ішінде лютеолин-Д-глюкопиранозид, бутеин, сульфуретин, бутеин
Д-глюкопиранозиді. конденсацияланған илік заттар 6,5%, қызыл флобафен,
каротин, кумариндер, умбеллиферон жэне скополетин, С дәрумені, 60-
70мг(100 грамда) эфир майы іздері, шырыш, аминдер ащы заттар жэне т.б.
болатындыңы аныкталған.
Өсімдікте 60 мг/100г дейін каротин, 70 мг/100г дейін аскорбин қышқылы,
аз да болса эфир майлары, ащы заттар, қоймалжың заттар және илік заттар
болады. Микроэлементтерден – марганец болады.
Дәрілік шикізаты.
Гүлдегенге дейін жапырақтарын сыпырып және сабақтарының,
бұтақтарының жоғарғы шоқтарын жинайды. Гүлдері түтікше тәрізді, сары.
Өзіне тән иісі бар, ащылау.
Қолданылуы
Ресм медицинада
Итошаған өсімдігінің ұлпасын жануарлар тамырына енгізгенде седативті
касиетке ие екендігін көрсетті, артериялык кысымды төмендетеді, сондай-ак
жүректін жиырылу амплитудасын біршама көтереді. Тәжірибе жасау
барысында анықталғандай итошаған шөбі антиаллергиялық препараттар
катарынажатады,сондай-аконыңкұрамындааскорбинқышқылының болуына
байланысты бүйрек үсті қызметін реттеп, организмде зат алмасу
процестеріне жан-жақты әсер етеді. Антиаллергиялық әсері жануарлардың
Артюс феноменінің дамуының тоқтауында жэне тэжірибелі
анафилактикалық қорқыныш үрей белгілерінің элсіреуімен байқалады.
Жануарларға тэжірибе жасау барыснда олардың гипофизін алып тастағанда
итошаған антиаллергиялык әсері байқалады. Үш тармақ итошағаны
флаваноидтар мен по-лисахаридтер комплексінің холеретикалык касиеті бар.
Итошаған өсімдігінің күрамындағы флавоноидтар мен полисахаридтер ком-
бинациясы тэжірибеде фламин эсерін холатосинтездеу функци-ясын, өт
жолындағы кышкыл мөлшерін жэне холато-холестерин коэффидиентін
көбейтіп жібереді. Флавоноидтарға холеретикалық, холатостимулярлық,
қабынуға карсы жэне капиллярларды қатайтатын компоненттер тэн.
Үштармақ итошағандағы флавоноид-тармен суда еритін
полисахаридтердіңтіркесі өсімдіктегі комплекстің сіңірімділігін және
белсенділігін артырады. Тэжірибеден үштармақ флавоноидтары гепатотроп
уларының эсерін жойды, бақылау сан-дарына дейін халатов запыранның
секрециясын калпына келтірді.
Өсімдікте табылған марганец иондары зат айналу процестерІне әсер етеді.
Олар әр түрлі ферменттер жүйесінің күрамына кіреді, кан ай-налу
процестерінде бауыр клеткаларының атқаратын қызметіне, та-мыр
қабырғалары тонусына, кан тамыр тромболарына эсер етеді.
Халық медицинасында. Бүйрек ауруларында жэне несеп шығару
жолдарында келесі дэрілік шикізаттарды үхынады: үштармақ итошағанның 2
бөлігі, толостянканың 3 бөлігі, кайың бүршігінің 1 бөлігі. Шикізаттан
қайнатпа дайындайды. Үштармақ итошағанды псориазда, микробты экземада,
эпидермофитте, баздануда қолданады. Псориазда үштармақ итошаған
қайнатпасын ішке (20,0:200,0) колданады. Қайнатпаны стаканнан күніне 2-3
рет қабылдайды. Крапивница да дәрілік шикізат түрінде қолданады,
құрамында итошаған шөбі, қалақай жапырағы, түйежапырақ тамыры жэне
қойбүлдіргеннін жапырақтары болады. Қайнатпаны дайындау үшін әр
өсімдіктен 1 ас касыктан алып 1 литр суык су косады, су буында 10 ми-нут
қайнатады, сүзеді, 2 ас қасықтан 1 сағат сайын қолданады. Итошаған, қалақай
жапырағы, мыңжапырақ гүлі, қара қарақат жапырағы 10 г, үш түрлі фиалка
шөбі (20г), түйежапырақ та-мыры (15г) және койбүлдірген жапырағы (15г)
қоспаларын тері ауруларында қайнатпа түрінде (1 ас қасык шикізатқа 200 мл
су қосып) пайдаланады.Тері ауруларында (диатез) және рахитте итошаған
тұндырмасын (10-30г шөбін) ванна түрінде қолданады. Тұндырманы ваннаға
құяды да, ас түзын немесе теңіз түзын қосады. Судың температурасы 37-38 °С
аспау керек.
Суланған котырларға (экзема), диатезде итошаған шөбінен, емен қабығы
және түймедақ гүлінен жергілікті ванналар тағайындайды. Әр өсімдіктен 1 ас
касықтан алып 1 литр суық су қосады да 10-12 сағат тұндырады, сосын
қайнауға дейін жеткізеді, түндырманы сүзеді де ваннаға күяды (балалар
ваннасына Юлитр су, 37-38° С температурада). Ауруды шомылдырғанда
экссудаттық диатез-де жэне тері ауруларында итошаған концентрациясын 2-3
ретке көбейтеді. Барлық қышыма дерматоздарда жергІлікті ванналар-ды
(мысалы, отыруға арналған ванналары үшін қышымаларда қант диабеті,
гемаррой ауруларында) пайдаланылады. Мойын, арқа, қолтық асты жэне шат
қышымаларында итошаған тұндырмаларын, буланған шөптің аппликациясын
компрес-стер жасауға ұсынуға болады. Нейродермитте, кышымаларда,
итошаған түндырмасын аппликация түрінде жергілікті ауыртуды басатын
(новокаин, анестезин) заттармен қолданады. Балаларда суланған диатездерде
итошаған кайнатпасына дэкені сулайды да теріге басады, күніне 5-6 рет
қолданады. Қабынуларды басулар-да суықтай пайдаланады. Итошаған
қайнатпасын сыртқа іріңдеген жараларға, ойык жаралардын қабынуларында
қолданады. Итошаған жара бетін кептіреді жэне жаралардың жылдамырак
жазыла бастау-ына мүмкіндік туғызады. Итошаған өсімдігін микробты
экземаларға, эпидермофитияда ванналар дайындау үшін және басуларда пай-
даланады. Итошағанды косметикада себореяға, безеулерге қарсы колданады.
Итошаған қайнатпасын косметикада маска жэне бетті жуу үшін қолданады.
Итошаган шөбі дәріханаларға пакеттерде 100 г немесе арнайы брикеттер
түрінде түседі. Итошаған кайнатпасы. 10 г шөпті эмальды ыдыста
араластырады, 200 мл бөлме температурасындағы судан қосады, кақпағын
жауып су буында жиі араластырып 15 минут қайнатады, бөлме температу-
расьшда 45 минут суытады, сүзеді де үстіне 200 мл су косады. 1 ас қасықтан
күніне 2-3 рет қолданады.
Үштармақты иошағаннан алынатын дәрілер
Тұқымдас: Раушангүлділер - Rosaceae – Розоцветные
Туыс: Шетен - Sorbus - рябина
Түр: Кәдімгі ш. – S. aucuparіa L. - р. обыкновенная
Биологиялық сипаттамасы.
Кәдімгі шетен – ағаш, сұр, тегіс
қабығы бар. Гүлшоғы – тығыз
қалқан. Жемістері – алма тәрізді,
шар тәрізді, қызыл-қоңыр, қышқыл,
ащылау. Тамыз-қыркүйек айларында
піседі және суық ұрғанша ағашта
қалады.
Таралуы: ТМД елдерінде Европа
бөлігінде таралған. Оралда, Кавказда
(таулы аудандарда) және Сібірде
кездеседі. Негізінен аралас
ормандарда бұталар арасында және
қылқан жапырақты ормандарда
өседі. Кәдімгі шетенді көп жерлерде
парктерде және бақтарда өсіреді.
Химиялық құрамы.
Жемістері каротиноидтарға өте бай, әсіресе (-каротин мөлшері 18-20 мг/100г
(құрғақ масса үшін) шамасында болады. Онымен бірге витаминдер С (40-200
мг/100г), P, В2, Е болады. Жемістері құрамында моно- және дисахаридтер (8%
дейін) кетосахар L-сорбозы және спирт сорбит болады. Органикалық
қышқылдар (алма, лимон, вино) – 4% дейін, тритерпенді қышқылдар (урсол,
олеанол) – 1,8-1,9%. Оларға қоса катехиндер, фенолкарбонол қышқылдары,
флавоноидтар (кверцетин, рутин, гиперозид) және ангоциандар болады.
Тұқымдарында гликозид амигдалин және майлар (20% дейін), ал
жапырақтарында – аскорбин қышқылы (25-20 мг/100гр) болады.
Дәрілік шикізаты.
Алғашқы суықтың алдында және кейін жиналған піскен жемістері. Суыққа
шалдыққан жемістерінің дәмі жақсырақ болады. Жидектерді жаңа және
кептірілген күйінде пайдаланады. Кептіруді жылы кептіргіштерде жүргізеді.
Кепкен құрғақ жемістер мыжылып қалған, шар тәрізді, қызыл, қызыл-сары,
жылтыр, жоғарғы жағында тостағанша қалдықтары болады, ішінде 2-7 орақ
тәрізді тұқымдары болады. Жемістерінің дәмі ащылау-қышқыл.
Қолданылуы
Ресми медицинада
Каротині мол поливитаминді шикізат. Жаңа жидектерінен витаминді
сироптар жасайды, ал кепкендері поливитаминдер құрамдарына кіреді.
Реми медицинада бұл өсімдіктің пайдалануы Еуропада басымырақ. Кейбір
мемлекеттерде оны витамидері көп табиғи зат ретінде қолданады, ол ішек
айдағыш және қан тоқтатқыштық қасиетке ие. Бұл өсімдікпен бүйрек
потологиясын емдейді, сонымен қоса бауыр және қуықтығ геморойды,
сынықтарды және жараларды. Болгарияда бұл өсімдікті бүйрек тасы ауруы
кезінде және ревмаизмде қолданады, ал Норвегияда – “водянкаға”,
Польшада – қант диабеінде, Австрияда – дизентерияға қарсы қолданады.
Ресми медицинадағы негізгі қолданысы
Иммуномодельдеуші;
Жалпы қалпына келтіру;
Қабынуға қарсы;
Аллергияға қарсы;
Қан тоқтатқыш;
Несеп айдағыш;
Ренген қорғаныштық;
Радиациядан қорғаушы;
Антисклероздық;
Антиспазмдық;
Әлсіз ішек айдағыш т.б.
Халық медицинасында
Халықтық медицинада кәдімгі шетен құрқұлақ (цинга) ауруына қарсы,
несеп бөлуші және гипертонияға қарсы қолданылады. Халық
медицинасында кәдімгі шетеннің жемісін несеп айдайтын, қан тоқтататын,
тамаққа тәбетті қоздыратын, іш жүргізетін, етеккірдің келуін реттейтін дәрі
ретінде қолданады. Бұл өсімдікпен геморройды,
құрқұлақты, дизентерияны емдейді. Кейбір ғалымдар
жемісін атеросклероз, гипертония ауруларын және бүйрекке тас байланғанда
емдеу үшін пайдаланады. Дәрілік мақсат үшін оның жемісін күзде жинап
алады.
Қан аздықта және қажуда тұнба көмектеседі: 2 шай қасық жемісерге 2
стакан ыстық сумен құяды, 60 мин тұндырады, сүзбелеп, кішкене қант
қосады. Тұнбаны күн ішінде 3-4 рет.
Қан қысымы көтерілген жағдайда рецепт: 1 стакан қайнаған сумен 1 ас
қасық жеміске және жапырақтарына құяды, 4 сағат тұндыру және сүзбелеу.
Жарты стаканнан 2-3 рет күніне қабылдау керек.
Авитаминоздан эффиктивті амалы: 2 шай қасық жемісті 500 мл қайнақ
сумен құйу, тұндыру, сүзбелеу, күніне 3 реттен жарты стаканнан қабылдау.
Бас миының тамырларының склерозында мына қайнатпа ұсынылады: 200
г ағаш қабыған 500мл сумен құйып, 2 саға ұндыру және сүзбелеу. Ас ішер
алдында 30 минут бурын күніне 3 рет 1 ас қасықтан қабылду.
Кәдімгі шетеннен алынатын дәрілер
Тұқымдас: Раушангүлділер - Rosaceae – Розоцветные
Туыс: Hіppophae - Итшомырт - Облепиха
Түр: Итшомырт шырғанақ - H. rhamnoіdes L. - О. крушиновая
Биологиялық сипаттамасы.
Итшомырт – күшті бұтақтанған,
тікенекті екі үйлі бұта немесе ағаш,
биіктігі 4-6 м дейін, қоңыр-құба
(бурый), өркендері жарқырай тотыққан
қоңыр; қысқарған өркендері
тікенектермен бітеді. Жапырақтары
ланцет тәрізді ұзындығы 8 см дейін
және ені 3 мм, қысқа сағаққа
жіңішкерген. Жапырақтарының
жоғарғы жағы қоңыр-көкшіл, төменгі
беті жалтыраған-ақшыл.
Гүлдері ұсақ, ұсқынсыз. Жемістері
сопақ немесе шар тәрізді, қызыл,
қызыл-сары, сары, сүйек–жеміс.
Жемістері тамыз-қыркүйек айларында
піседі. Итшомырт қос үйлі, гүлдері
дара жынысты, әр түрлі бұталарда
орналасады.
Аталық және аналық гүлдері биылғы жылғы өркен өскіндерінде, жаз
айларында жапырақ қойнауларында пайда болады.
Аталық гүлдері масақ гүл шоғына жиналған. Әр масақта 10-14 гүлдер
болады. Гүл серіктері екі тостағаншадан тұрады. Әр гүлде 4 бос аталық
орналасқан. Аналық гүлдер бүршігі аталық гүлдер бүршіктеріне қарағанда
ұсақтау болады және екі жабатын қабыршықтары болады.
Көктемде вегетация басталғанша бүршіктердің мөлшеріне қарап
бұталардың жынысын анықтауға болады. Аналық бүршіктердегі екі
жабындық қабыршықтары гүлдеу алдында түсіп қалады. Аналық гүлдері 3-
тен 12-ге дейін шашақ гүл шоғына жиналған.
Итшомырттың биологиялық ерекшелігі оның полиморфтылығы
(полиморфизм - әр қилы, әр түрлі). Оның кроналарының формасы әртүрлі,
қабықтарының болуы әртүрлі, жемістерінің формасы да әртүрлі.
Таралуы: Итшомырт тоғайлары Байкалда, Саянда, Тәжікстанда, Тувада,
Алтайда, Кавказда, Қазақстанда өзен қойнауларына құмды-малтатастарда
(песчано-галечниках) кездеседі.
Химиялық құрамы.
Жаңа жиналған жемістердің негізгі массасын шырынды жеміс қабығы
құрады, ал сүйектің еншісі 10%-тен аспайды. Жаңа жинаған жемістердің
жұмсағының құрамында майлар 3-14%, майда еритін витаминдер
(каротиноидтар 6-20 мг, токоферолдар 8-18 мг, витаминдер К тобынан 1-1,5
мг); суда еритін витаминдер (В1-0,02-0,08 мг; В2-0,003-0,05 мг;
В9-0,8 мг дейін, аскорбин қышқылы 50-500 мг, кейде 1000 мг дейін); P-
белсенді қосылыстар (75-100 мг); холин және бетаин-700 мг/100г;
органикалық қышқылдар (алма, винотас) – 3%; моно және дисахаридтер –
7%; илік заттар – іздері; фенолдық қосылыстар (лейкоцианидиндер,
катехиндер); флавоноидтар (рутин, кверцетин және т.б. – 0,2-1,5%;
фенолокислоттар (кофе, хороген); тритерпендер қышқылы (уреолон және
т.б.).
Жемістердің жұмсағының майлары негізінен пальмитин, олеин және
пальмитолеин қышқылдарының триглицеридтерінен тұрады. Олардың
жалпы жиынтығы 85-90% болады.
Итшомырт майына тән триглицерид ол пальмитолеин қышқылының
триглицериді, оның мөлшері 20%-дан 45%-ға дейін болуы мүмкін.
Пальмитолеин қышқылының формуласы:
CH3-(CH2)5-CH=CH-(CH2)-COOH; (C16H30O2)
Итшомырт майында каротиноидтар мөлшері 200-ден 400 мг/100г дейін
болады. Құрамында - каротиннен (70 мг/100г) басқа ликопин, зеаксантин
және басқа да құрамында оттегі бар каротиноидтар болады.
Итшомырт майында токоферолдар мөлшері 300 мг/100г дейін болуы
мүмкін. Негізгі компоненті - токоферол.
Тұқымдардан алынған майлардың (10% шамасында) итшомырт
жемістерінің жұмсағынан алынған майлардан айырмашылығы болады.
Тұқымдардан алынған майлар құрғайтын майлар, кодтық саны 160
шамасында оның құрамында линолев глицеридтері 45% және линолен
қышқылы (28% шамасында) болады.
Ұсақ жемісті формалары өнімді көбінен береді және олардың құрамында
май молырақ болады. Бірақ та каротиноидтар мөлшері майлары аз
жемістерде көбірек болады.
Дәрілік шикізаты
Итшомырттың жемістерін тамыз-қыркүйек айларының соңында немесе
күздің соңында алғашқы суықтан кейін жинап дайындайды. Жаңа жидектері
өте нәзік болады. Сондықтан оларды жинағанда олар деформацияланады.
Алғашқы суықтан кейін тоңған жемістер бұталарды ұрып-сілкілегенде үзіліп
жерге түседі; кейде бұтақтарды жемістерімен кесіп алып келіп, ұрып-сілкіп
жемістерін жинап алуға болады.
Полиморфтық қасиетіне байланысты жемістерінің мөлшері және бояуы
әртүрлі болуы мүмкін. 100 жидектің салмағы 25-75 г арасында болады.
Жидектің түрі сары, қызыл-сары және қызыл болуы мүмкін. Каротиннің ең
көп мөлшері жемістердің қызыл және қызыл-сарысында жинақталады.
Қолданылуы
Ресми медицинада
Итшомырт жемістері өте бағалы шикізат көзі болып табылады. Олардан
бағалы шипалы препарат – итшомырт майы алынады. Итшомырт майы
ұлпалардың эпителизациясын тездетеді, дененің ауырғанын бәсеңдетеді.
Асқазанның жарасын емдеуге және асқазан ісігін (рак) сәулемен
емдегенде профилактика үшін қолданылады.
Сырттай терілер радиосәулелерінен зақымданғанда, гинекологияда жатыр
мойнының эрозиясын емдегенде пайдаланады. Тамақ өнеркәсібінде
итшомырт жидегінен шырын шығарылады. Фармакологиялық белсенді
заттарының құрамына байланысты бұл шырынды өте шипалы препараттар
қатарына жатқызуға болады.
Тамры немесе ұсақ бұраларының қайнатпаларын колиттер, энтериттер,
диарея кезінде қолданады. Жапырақтардан жасалған қайнатпа – ас қорыту
мүшелерінің аурулары, сырттан – шаш өсуінң нашарлауында, таздылық,
тері ауруларында көмектеседі. Жапырақтың, гүлдерінің және жемістерінің
тұнбалары зат алмасудың бұзылуында және ревматикалық аурулар кезінде
қолданады. Кобіне өсімдіктің жемістерінің дәрілік қасиеті бағаланады,
оларды анемия кезінде, гипофитаминоз, қанның ұюының бұзылыстарында
және зат алмасуда, ақазан жарасы ауруында пайдаланылады. Сырттай
өсімдік шырышын сілемейлі қабықтың жараларында, тері күйіктері және
үсіп қалуы, аурулары кезінде қолданылады.
Өсімдік майы регенерациялаушы зат ретінде танылған, оны тері
күйіктерін емдегенде, терінің жай жарақаттануларында және шырышты
қабықтың және т.б. Ауруларды емдеуге қолданады. Ішке өсімдік майын
өңеш және ақазанда жара пайда болғанда пайдаланылады.
Халық медицинасында
Бұл өсімдік қант диабеті кезінде, бүйрек ауруларында, анемияда және
гиповитаминозда, сондай-ақ сәулелі терапиядан кейін қайта қалпына
келуде өте көп көмек береді: 5 г өсімдік жапырағын 200 мл қайнаған сумен
құйу керек, 3-5 минут жай ота ұстау керек, тұнуына уақыт береміз 1 сағат.
Ұйқтар алдында жарты стаканнан ішу керек.
Буындардың және омыртқа жотасының ауруларында, подагра кезінде,
асқазанның және онекіелі ішектің жара ауруы кезінде қолданылады: 20 г
жапрақтар және бұрашықтарын 300 мл сумен құйып, қайнатып алу 15 мин,
суыту керек. Күніне 4-5 рет 1 ас қасықтан қабылдау қаже.
Ішек қатуда, өт қабының гипомоторлы дискинезия кезінде қолданады: 15
г өсімдік тұқымдарын 10 мин 200мл суда қайнатады, содан кейін 2 сағат
тұнады, күніне аш қарынға 3-4 рет 1 ас қасық қолдану керек.
Итшомырт шырғанақтан алынатын дәрілер
Тұқымдас: Қалақайлар - Urtіcaceae – Крапивные
Туыс: Қалақай - Urtіca - Крапива
Түр: Қосүйлі қ. – Urtіca dіoіca L. - К. двудомная
Биологиялық сипаттамасы.
Көпжылдық шөптесін қосүйлі
өсімдік, күйдіргіш түктерімен
жапырақтары сағақты, қарама-
қарсы орналасқан. Сағақты
жұмыртқа тәрізді, ланцетті пішінді
диектері ірі тісті. Ұзындығы 8-17
см, ені 2-8 см бөбе
жапырақтарымен. Гүлдері ұсақ,
көк-жасыл, масақтарға жиналған.
Дара жынысы, қолтықтан шығатын
масаққа айналған. Жемісі –
тұқымша, гүл серігімен қоршалған.
Жұмыртқа пішінді, сарғыш-сұр
жаңғақша. Бүкіл жаз бойы
гүлдейді. Қосүйлі қалақай
тұқымдармен және вегетативті
жолмен көбейеді.
Таралуы: Қазақстанның барлық региондарында кездеседі. Әсіресе, үйлер
жанында, азотқа бай топырақтарда, қоқыс үйінділерінде. Қосүйлі қалақай
Еурапа – Азиялық түр, бірақта арам шөп ретінде космополит.
КСРО – ның Еуропалық бөлігін, Кавказда, Орта Азияны және Сібірді
қамтиды.
Химиялық құрамы.
Құрамында С, К, В дәрумендері, пантотен қышқылы, уртицин
глюкозиді, хлорофилл, құмырсқа қышқылы,
фитостерин, каротин, кальций және тағы басқа заттар бар.
Қосүйлі қалақайдың жапырақтары өте бағалы поливитаминдері бар шикізат.
Оның құрамында витамин К1 (0,2% ), витамин С (0,6%), 10 мг/100г
каротиноидтар ((-каротин ксантофилл, виолаксантин және т.б.), витамин В2,
пантотен қышқылы болады. Жапырақтары хлорофилдерге өте бай (5%).
Құрамында гликозид уртицин, илік заттары, құмырсқа қышқылы және
минералды тұздар болады.
Дәрілік шикізат.
Гүлдеу кезінде жапырақтарын сабақсыз жинап дайындайды. Оның алдында
өсімдіктерді орады шамалы солғаннан кейін жапырақтарын сыпырып алады.
Жапырақтары жұмыртқа – ланцет тәрізді, ұзындығы 20 см дейін.
Қолданылуы
Ресми медицинада
Ғылыми медицинада қосүйлі қалақай өкпеден, жатырдан, ішектен, геморрой
түйіндерінен, асқазаннан қан кеткенде дәрі ретінде қолданылады. Өсімдіктің
құрамындағы хлорофилл денедегі зат алмасуын, жүрек пен өкпенің қызметін
жақсартады. Қосүйлі қалақайды көптен жазылмай жүрген жараларды емдеуге,
ағзадағы дәруменнің жетіспеуін және қанның құрамын қалпына келтіру үшін
пайдаланады. Соңғы кезде өсімдікті диабетті емдеуге де пайдалана бастады.
Бауыр және өт жолдарының созылмалы ауруларын қалақаймен емдеуге
болады.Медициналық практикада әртүрлі қан кету ауруларына жатырлық,
геморроидиялық, асқазандық және созылмалы сыртқы жараларды емдеуде
кеңінен қолданылады. Тұнба және экстракт формасында пайдаланады.
Жапырақтары асқазандық және поливитаминдер құрамына кіреді. Қос үйлі
қалақайдан фармацевтикалық және тамақ өнеркәсіптерінде пайдаланылатын
хлорофилл алынады. Жас өркендері, витаминдерге өте бай. Тамаққа
пайдаланады. Шашты жуып, жақсартуға басты жууға ұсынылады.
Халық медицинасында
Халық медицинасында қосүйлі қалақайдың жапырақтарымен ревматизмді,
іштің қатуын, подаграны, бүйрек пен қуық ауруларын, өкпе туберкулезін,
геморройды, дизентерияны емдейді.
Тамыранан жасалған сулы тұнбаны бронх демікпесін, асқазан ауруларын
емдеуге қолданады.
Сонымен қатар дене сыртындағы жарақаттарды, іріңді жараларды,
сүйектің қабынуын емдеуге де болады. Оны шемен ауруын емдеуге, дене
қызуын басуға және жөтелге қарсы да пайдаланады.
Қалақай тамырының тұнбасы. 2 са қасық құрғақ майдаланған тамырды
0,5 л арақпен құйу керек. 7-10 күн қаранғы әрі жылы бөлмеде тұндыру
керек. Күніне 3 ре 30-40 тамшыдан қабылдау керек. Оның әсерін күшейту
үшін тұнбаға 0,5 мөлшерінде бас чеснок алады. Тұнбаны қантоқтатушы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz