Неке және отбасы құқығы: қағидалар, некеге тұру және тоқтату тәртібі


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ презентация ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ ОТБАСЫ- НЕКЕ ҚҰҚЫҒЫ Орындаған: Исраилова М Тобы: 109-13 Қабылдаған: Шымкент 2014

Slide 2

Ребусты шешейік:

, , , , , , ,

Ы

Slide 3

ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Slide 4

Отбасы - неке

Slide 5

Неке - ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгiленген тәртiппен тараптардың ерiктi және толық келiсiмi жағдайында жасалған еркек пен әйелдiң арасындағы тең құқықты одақ.

Slide 6

Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиiстi адамдар тобы.

Slide 7

Некеге тұру шарты мен неке жасы Некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және неке жасына жетуі қажет. Неке жасы - адамның некеге тұру құқығына жеткендегі жасы.

Slide 8

10-бап. Неке жасы 1. Неке жасы еркектер мен әйелдер үшiн он сегiз жас болып белгiленедi. 2. Дәлелдi себептер болған жағдайда мемлекеттiк тiркеу орны бойынша азаматтық хал актiлерiн жазу органдары неке жасын екi жылдан аспайтын мерзiмге төмендетуi мүмкiн. 3. Неке жасын төмендету туралы өтiнiштi некеге тұруға тiлек бiлдiрушiлер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгiленген неке жасын төмендету қажеттiгiн туғызатын себептердi көрсете отырып қозғай алады. 4. Барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келiсiмiмен ғана жол берiледi. 5. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының не қорғаншыларының келiсiмiмен ғана рұқсат етiледi.

Slide 9

Некеге тұру тәртібі мен неке шарты

Некеге тұру тәртібі. Некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады

Slide 10

Неке шарты

Неке шарты. Некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі- зайыптылардың некедегі және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім неке шарты деп аталады

Slide 11

Некені бұзу

Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің де өтініші бойынша, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайдың қорғаншысының өтініші бойынша оны бұзу жолымен тоқтатылуы мүмкін.

Некені бұзу азаматтық хал актілерін жазу органдарында кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені бұзуға өзара келісуі жағдайында жүргізіледі.

Slide 12

4-тарау. Некенi тоқтату 14-бап. Жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы және оны өлдi немесе олардың бiреуi хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан некенiң тоқтатылуы 1. Неке ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң қайтыс болуы немесе сот оны өлдi немесе хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан тоқтатылады. 2. Сот қайтыс болды деп жариялаған немесе сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған жұбайы келген және тиiстi сот шешiмi күшiн жойған жағдайда некенi ерлi-зайыптылардың бiрлескен өтiнiшi бойынша азаматтық хал актiлерiн жазу органы қалпына келтiруi мүмкiн. 3. Егер жұбайлардың екiншiсi жаңа некеге отырса, некенi қалпына келтiруге болмайды. * Егер неке қию кезiнде тараптарға (немесе тараптардың бiреуiне) қайтыс болды немесе хабар-ошарсыз кеттi деп танылған жұбайы тiрi екенi белгiлi болса, бұл ереже қолданылмайды.

Slide 13

Некені сот тәртібімен бұзу;

Slide 14

Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері;

Slide 15

Ерлі-зайыптылардың меншігі.

Slide 16

Неке және отбасы құқығының қағидалары:

Slide 17

1) еркек пен әйелдiң некелi одағының ерiктiлiгi; 2) ерлi-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдiгi; 3) отбасының iсiне кiмнiң болса да өз бетiнше араласуына жол берiлмеушiлiк; 4) отбасы iшiндегi мәселелердi өзара келiсiммен шешу;

Slide 18

5) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсiп-жетiлуi мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау; 6) отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсiз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауға басымдық беру;

Slide 19

7) отбасы мүшелерiнiң өз құқықтарын кедергiсiз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкiндiктерi;

8) отбасының барлық мүшелерiн салауатты тұрмыс салтына ынталандыру.


Ұқсас жұмыстар
Отбасы құқығы: некеге тұру шарттары, ерлі-зайыптылардың құқықтары және неке бұзу тәртібі
Отбасы құқығы: некеге тұру тәртібі, ерлі-зайыптылардың құқықтары және мүліктік қатынастар
Рим құқығындағы отбасылық қатынастар: неке түрлері, некеге тұру шарттары және тоқтатылуы
Отбасы және неке: Қазақстандағы құқықтық негіздері мен тәртібі
Қазақстан Республикасындағы неке-отбасы құқығы: ұғымы, шарттары және заңнамалық реттеу
Қазақстан Республикасының отбасы құқығы: неке мен некені тоқтатудың құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасының Неке және отбасы кодексіне сәйкес неке қию шарттары мен тәртібі
Рим отбасы құқығы: агнаттық пен когнаттық туыстық, неке түрлері және жұбайлардың мүліктік қатынастары
Неке және отбасы құқығы: бала мен ата-ананың құқықтары мен міндеттері
Қазақстан Республикасының отбасы және неке құқығының негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz