Республикалық бюджеттің экономикалық мазмұны



Мемлекеттік бюджет
Орындаған:Канагат Акерке
Тобы:ФН-405

Жоспар:
Мемлекеттік бюджеттің мәні.
Бюджет жүйесі ұғымы, құрылымы, құру принциптері.
Республикалық бюджеттің экономикалық мазмұны.
Жергілікті бюджеттің экономикалық мазмұны.


Экономикалық категория ретіндегі мемлекеттік бюджеттің маңызы 2 функция арқылы жүзеге асырылады.
Бөлу
Бақылау
мемлекет ауқымында ақша қаражаттарын шоғырландыру және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатымен, оларды пайдалану іске асырылады;
мемлекет иелігіне қаржы ресурстарының қаншалықты уақтылы және толық түсетінін және оларды пайдаланудың тиімділігін қадағалауға мүмкіндік береді.

Бюджет жүйесі - экономикалық қатынастар мен заңдық нормаларға негізделген түрлі денгейдегі бюджеттердің жиынтығы, сондай-ақ оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау үдерісі.

Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден тұрады: 1. кірістер: Салықтық түсімдер; Салықтық емес түсімдер; Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер; Ресми трансферттер түсімдері; 2. шығындар; 3. операциялық сальдо; 4. таза бюджеттік кредит беру: Бюджеттік кредиттер; Бюджеттік кредиттерді өтеу; 5. қаржы активтерімен жасалатын операцияларбойынша сальдо: Қаржы активтерін сатып алу; Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер; 6. бюджет тапшылығы (профициті) ; 7. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) : Қарыздар түсімі; Қарыздарды өтеу; Бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы



Республикалық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- Қазақстан Республикасының Президентін және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға кызмет көрсету және күзету;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің жұмыс істеуі;
- сайлаулар мен референдумдар өткізу;
- мемлекеттік каржы бақылауы;
- кеден қызметі;
- мемлекеттің сыртқы саяси кызметі;
- іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу;
- мемлекеттің корғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
- ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- терроризмге және экстремизм мен сепаратизм көріністеріне қарсы күрес;
- әділет саласындағы қызмет;

- сот жүйесінің жұмыс істеуі;
- республикалық білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру, республикалық мектеп олимпиадаларын өткізу;
- жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімі бар мамандар даярлау;
- жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
- сот-медицина және сот-психиатрия сараптамасын жүргізу;
- ауру адамдарды шетелде емдеуді ұйымдастыру;
- зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға бюджет қаражаты есебінен зейнетақы төлемдері;
- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
- мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар;
- арнаулы мемлекеттік жердемақылар;
- жерлеуге жәрдемакы;
- баланың туылуына байланысты әлеуметтік төлемдер;
- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік, ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары, өнеркәсіп саласында республикалық маңызы бар бағдарламалар;
- облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне берілетін ресми трансферттер;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берілетін ресми трансферттер;
- үкіметтік борышқа қызмет көрсету және оны өтеу;
- мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау.

2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы Заңда келесі негізгі көрсеткіштер бекітілген:
ең төменгі жалақы мөлшері - 7000 теңге;
ең төменгі зейнетақы мөлшері - 9200 теңге;
айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері - 971 теңге.
Республикалық бюджеттің тапшылығы жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) пайызбен шаққанда 1, 7 пайыз мөлшерінде бекітілген.


Облыстық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
бастапқы кәсіптік білім;
арнаулы білім беру бағдарламалары бойынша жалпы білім беру;
орта кәсіптік білім беру;
республикалык бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, медициналык көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету;
халықтың санитарлык-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;
- жетім балаларды әлеуметтік камсыздандыру; мүгедек балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру;

Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің шығыстары мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту;
- арнаулы білім беру бағдарламалары бойынша жалпы білім беру;
- бастауыш кәсіптік білім беру;
- орта кәсіптік білім беру;
- республикалык бюджеттен каржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету;
- тұрғын үй көмегі;
- мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;
- белгілі бір тұрғылықты орны жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу;
- жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру;
- мүгедек балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру;
- халыктың жұмыспен камтылуын камтамасыз ету;
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
- жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек;
- республикалық бюджетке берілетін ресми трансферттер;
- жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету;
- ҚР Ұлттық қорына берілетін ресми трансферттер.

Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті - салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының міндеттері мен функцияларын каржымен қамтамасыз етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады. Жергілікті бюджеттер тиісті мәслихатардың шешімімен бекітіледі.


Назарларыңызға рахмет!!!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz