Сиқырлы квадрат




Презентация қосу
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың математикадан алған
білімдерін саралау,деңгейлерін анықтау
2.Оқушылардың логикалық,танымдық
дағдыларын дамыту.Математика пәніне
деген қызығушылықтарын арттыру.
3.Оқушылардың білесе жұмыс
жасауларын қалыптастыру.Топтық,достық
қасиеттерін дамыту.
Барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі
а)амандасу.
б)оқушы назарын сабаққа аудару.
2.Негізгі бөлім
1.Таныстыру (топтың аты,ұраны)
2.Логикалық сұрақтар (топқа 10 сұрақ )
3. «Білімділер сайысы» (әр топқа тест тапсырмалары
карточка бойынша)
4. «Сиқырлы квадрат»
5. «Жаңылмаймын ойыны» (команда капитанына)
6. Жасырын жұмбақты шеш.
7.Кросворд шешу
3.Қорытынды
ІІ.Логикалық сұрақтар.

І-топқа
1.Паралель түзулер дегеніміз не?
2. Масштаб дегеніміз не?
3.2 санының кубы неше?
4.Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай азайтамыз?
5.25 санының квадраты
6.40 санының төрттен бір бөлігі.
7.Натурал сандарға қандай сандар жатады?
8.Натурал санға қандай санды қосқанда келесі
сан шығады?
9.Таңбалары әр түрлі сандарды қалай қосамыз?
10.Координаталық жазықтықты енгізген кім?
ІІ-топқа

1.Пропорция дегеніміз не?
2.Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қалай қосамыз?
3.Перпендикуляр түзулер дегеніміз не?
4.20 санының екіден бір бөлігі
5.100 жыл басқаша қалай аталады?
6.Үстелдің төрт бұрышы бар.Бір бұрышын кесіп
тастады,неше бұрышы қалды?
7.Бір санға сондай санды тіркеп жазса,ол неше есе артады?
8.Теріс сандарды қалай салыстырамыз?
9.Жиындарға қолданылатын амалдар қандай?
10.4 санының кубы нешеге тең?
ІІІ. “Білімділер сайысы”

Топшама бойынша оқушыларға 10 сұрақтан тұратын
тест тапсырмалары беріледі.
ІV. «Сиқырлы квадрат» толтыру
І-топқа
1,2,3,4,5,6,7,8,9 сандарын 9 тордан тұратын
шаршыға орналастырғанда тігінен
де,көлденеңнен де,диогоналынан да цифрлар
қосындысы 15 болуы керек.
ІІ-топқа
Тоғыз тордан тұратын сиқырлы
шаршыға 2,4,6,8,10,12,14,16,18
сандарын қай бағытта алсақ
та,қосындысы 30 болатындай етіп
орналастыру керек.
V. «Жаңылмаймын» ойыны (Капитандар сайысы)

І-топқа
1 минутта 3-ке қалдықсыз бөлінетін сандарды ата?

ІІ-топқа
1 минутта 3-ке қалдықсыз бөлінетін сандарды ата?
VІ. «Жасырын жұмбақты шеш»

1.Бір кемпір:
«Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып-құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іш те,маған бер.»-деген екен.Мұны естіген
ұрылар:-«Қой мұнымыз бекер болар.Бұл үй толы
кісі,әрі бізден екі есе артық екен,кетейік,»-деп кетіп
қалыпты.
Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай
қорқытыпты.Сонда үйде неше адам,неше ұры?
2.Санамақ есеп
Түйе ,бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан,
Шұнаң құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге ойлап қой.

Ұқсас жұмыстар
Табандарын табыңдар
Қалған бұрыштарды тап
Ұтқырлар сайысы
Сан қилы
Paint графикалық редакторы
Математикадан логикалық есептерді шығару әдістері
Сағаттың төрттен бір бөлігі неше минут
Бос клеткаларды толтыр
Графикалық редактордың сурет салу құралдары
Paint графикалық редакторының мүмкіндіктері
Пәндер