Көбейту мен бөлудің ауызша алғырлығын дамытуға арналған сабақ жоспары

МАҚСАТЫ:
Көбейту мен бөлудің күрделірек жағдайларына байланысты білімді тиянақтау
Ауызша және жылдам есептеу дағдыларын дамыту
Алғырлыққа, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу
Психологиялық дайындық
.
Кел, балалар, келіңдер,
Математиканы көріңдер.
Кәне, қарап шығыңдар,
Білім барда оқу бар
Үй тапсырмасын тексеру:
№4 195 бет.
33681:96=350(қ. 81) 240734:34=7080(қ. 14) 1162:165=7(қ. 7) 87399:215=406 (қ. 109)
Ой қозғау:
Математикалық
диктант
Сыныпта 28 оқушы бар. Оның төрттен бір бөлігі спортпен айналысады. Қанша оқушы спортпен айналысады?
28:4=7
Екінші кластың 62 бірлігінен және бірінші кластың 70 бірлігінен тұратын сан.
62070
Тік төртбұрышты параллепипедтің өлшемдері 10 м, 5 м және 2 м. Оның көлемін тап.
10м•5м•2м=100 м3
Ауданы 81 см2 шаршының қабырғасын тап.
81 см2 =9 см
Альбом 60 теңге, кітап одан 4 есе қымбат тұрады. Сатып алуға екеуіне қанша ақша жұмсалды?
60•4=240
240+60=300 тг
Шолпан Марс Нептун
І топ ІІ топ ІІІ топ
Жерді қоршаған бүкіл дүние -Әлем немесе Ғарыш деп аталады.
ПЛАНЕТА-грекше адасушы жұлдыз деген сөз
Меркурий планетасының тапсырмасы:
Оқулықпен жұмыс:
Бөлуді орында және тексер
І топ ІІ топ ІІІ топ
Шолпан Меркурий Нептун
2176:32=68 7872:123=64 123728:703=176
14112:28= 504 71400:204=350 17150:175=98
Сатурн планетасының тапсырмасы:
Есепті шығар:
№5 І топ
1 л сүттен 300 г сары ірімшік қайнатылып алынады. Бір сиырдан 12 л сүт алынса, 10 сиырдан алынған сүттен неше килограмм сары ірімшік қайнатуға болады?
№6 а/ ІІ топ
Бір кірпіштің массасы 4 кг. Неше кірпіштің массасы 3 т болады?
№6 ә/ ІІІ топ
40 дән 5 г тартса, неше дәннің массасы 100 г болады?
Сергіту жаттығуы.
Көкте самғар- қырандармыз,
Жерде жортқан- құлан да біз,
Жарыстарда-намысты алға,
Ту ғып ұстар ұландармыз!
Жер планетасының тапсырмасы:
“Кім жылдам ?” ойыны
Тапсырма: Тік төртбұрыш пішінді алаңның ұзындығы 125 м, ауданы 105000 м2 . Осы алаңның периметрін есептеп шығар.
Юпитер планетасының тапсырмасы:
Теңдеуді шеш:
І топ Шолпан планетасы
а:35=245
ІІ топ-Марс планетасы
8:х=24:6
ІІІ-Нептун планетасы
86:43=а:1
Сатурн планетасының тапсырмасы:
Математикалық қызықты есептер:
Үйдің 6-қабатына дейінгі баспалдақ 2-қабатқа дейінгі баспалдақтан неше есе ұзын?
(3 есе)
Үстел үстінде 5 май шам жанып тұр еді. Еркін оның 4-еуін өшіріп тастады. Үстел үстінде неше май шам қалды?
(5)
21-ғасырдағы қай жыл оңнан солға, солдан оңға қарай оқысаң да бірдей сан болады?
(2002, 2112, . . . ,
2882, 2992)
Қағазды 4-ке бүктеп, ортасынан кессе неше бөлік болады?
(3 бөлік)
Жер үстінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімнен аспанға жол салынар.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Үй тапсырмасы:
№3 Қалдықпен бөлуді орында.
Бағалау:
Назар
аударғандарыңызға
рахмет!