Сайыстың мақсаты




Презентация қосу
Жанұя және
Математика
• Түрі: Сайыс
• Типі: Азиада олимпиадасында болатын
спорт түрлерінің желісінде.
• Сыныптар: 5-8 сыныптың оқушылары мен
ата-аналары қатысады.
• Оқытушысы: Ибраева Теңдік Серікжанқызы
• Мектебі:“ С.Бекбосынов атындағы орта
мектебі” М.М.
• Мекені: Ш.Қ.О Абай ауданы, Архат ауылы.
Сайыстың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ата-анасымен бірге
ұйымшылдықпен қатыса білуге, ойлау қабілетін, ой
ұшқырлығын, оқуға ынтасын аттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты
пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі
тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін,
адамгершілікке,еліне деген мәртебесін,
спортшыларға деген қамқорлығын дамыту.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, нақыл сөздер,
карточкалық тапсырмалар, суреттер, логикалық
есептер.
• І топ “Данышпандар”
• Топ мүшелері: 5,8-сынып оқушылары
мен ата- аналары.

• ІІ топ “Тапқырлар”
• Топ мүшелері: 6,7-сынып оқушылары
мен ата- аналары.
Сайыс шарттары:
• Топтың өзін-өзі таныстыру. (Амандасу рәсімі)
• Тау шаңғысы. (Тапқырлық сайысы)
• Мәнерлеп сырғанау. ( Ата- аналар арасындағы
сайыс)
• Биатлон. (Білсең де тексер сайысы)
• Хоккей. (Қас- қағым сәт)
• Шаңғымен трек арқылы секіру .(Іздеген жетер
мұратқа)
• .Азиада белгісі. ( Құрастырма, сөзжұмбақ)
Жүру барысы:
Мұғалім:
Біреуінің жүрегінің түгі бар.
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Бүреуінің күмбірлеген күйі бар,
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар,-дей отырып
сайыскерлерді ортаға шақырайық.
1) Амандасу рәсімі: “Данышпандар” тобы,
Ұраны: Білекті бірді жығар.
Білімді мыңды жығар.
Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын?
Алға қойған мақсатымыз бір екен.
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
“Тапқырлар”тобы.
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі:
Армандарға қол созумен келеміз.
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз.
Қарсыласты қалайда біз жеңеміз.
2)Тау шаңғысы (Тапқырлық сайысы)
• І топқа: Тәуліктің төрттен бір бөлігі
• 7 жай сан ба, құрама сан ба?
• Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг. Болады,ал екі
аяғымен тұрса оның салмағы қанша болады?
• 5 қойда неше аяқ бар?
• Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10
торғайды атып алады.Торғайдың қаншасы қалды?
• Асанның көгілдір түстес 5 тоты құсы,3 күнде 3кг,
жасыл түстес 5 күнде 5 кг, сарғыш 7 құсы 7 күнде 7
кг жем тауысады. Тотылардың ең қомағайы
қайсысы?
• ІІ топқа: Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі.
• 180 градусқа тең бұрыш.
• Бір жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа
қанша минутта піседі?
• Екі санның бөліндісі.
• Санның 100 ден бір бөлігі.
• 3 әке 6 бала серуенге шықты. Олар 42 алма
сатып алды. Әр қайсысына 6 алмадан келді.
Бұл қалай?
3)Мәнерлеп сырғанау( Ата-аналар
арасындағы сайыс)
Алдарына берілген фигуралар арқылы бейне
құрау.
4) Биатлон ( Білсең де тексер
сайысы)
І топқа: 10 20 30 40

10-бүтін сан дегеніміз не? 20-Иррационал сандар
дегеніміз не? 30- жиын теориясының негізін
қалаушы математик. 40- жұмбақ.
10 20 30 40
І топқа:

10-натурал сан дегеніміз не? 20-рационал
сандар дегеніміз не? 30-иррационал сандарды
зерттеген ғалымдар.40-жұмбақ.
5) Хоккей (Қас-қағым сәт)
• Бұрышты өлшейтін құрал.
• Бойы екі қарыс, сыйып тұр 25 арыс.
• Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді?
• 30 санын үш 6- ны пайдаланып шығар.
• Аты шулы айқас сызық.Өзі толған мағына қызық.
• Қиылыспайтын екі түзу.
• Ұзындықтың өлшем бірлігі.
• Дәлелденбейтін ұйғарым.
• Екі нүктенің арасындағы түзу.
• Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда.
• Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш.
• 81 нешенің квадраты?
6) Шаңғымен трек арқылы секіру
(Іздеген жетер мұратқа)

П С Т К
Осы әріптерден басталатын математикалық
терминдерді,ғалымдардың аттарын атайды.
7) Азиада белгісі:
І топқа: Сөзжұмбақ.
ІІ топқа: Құрастырма.
«Тапқырлар» тобы

«Данышпандар» тобы
Осы сайыс өте жақсы деп бағаланып, сіздерге
ұсынып отырмын.
Абай ауданы, Архат ауылы
“С. Бекбосынов атындағы орта мектебі” М.М.
Ибраева Теңдік Серікжанқызы

Ұқсас жұмыстар
Қазақшаныз қалай? сайыс
Ғажайып алаң
География арқылы әлемді танимыз. Презентация
ҚАЗАҚ МАҚАЛ - МӘТЕЛДЕРІНІҢ ОЙЛАН ТАП
Сноуборд - жиегінде екі аяққа арналған бекіткіштер орнатылған тақта
Бес бұтақта ағашта
Әдет –ғұрып сақтайтын Біз әдепті баламыз топ аралық жарыс
Сөйлемнің байланысу тәсілдері
Сөз анасы
Достар әні
Пәндер