Кен орны игерілуге дайын
Презентация қосу
Тақырыбы:
Қаражанбас, Қаламқас, Қаратұрын және
Солтүстік Бозашы мұнайлы
кенорындары.
Орындаған: ГДР-33 тобының студенті Сатбаева Д.
Тексерген:
Қаражанбас
Қаражанбас мұнай кенорны, Маңғыстау облысының
Бейнеу ауданында, Ақтау қаласынан Солтүстік-шығысқа қарай 140
км жерде орналасқан. Кен орны 1974 ж. ашылған. Ол ендікке
жуық бағытта созылған, амплитудасы 100 м, қалпы өзгерген
брахиантиклинальдық қатпардан орын алған. Қанаттардың
еңістену бұрыштары 2 – 4′. Өнімді қабаттар ортаңғы юраның бат
ярусының шөгінділерінде орналасқан. Олардың жатыс тереңдігі
228 – 466 м. Шоғырлар қабаттық, күмбездік әрі тектониктік
қалқаланған, юра шоғырларында – қабаттық, стратигрлік
қалқаланған. Шоғырлардың барлығы мұнайлы, тек бір блогында
ғана газ-мұнайлы шоғыр орналасқан. Коллекторлар құмтастар пен
алевролиттерден құралған, ашық кеуектері 27 – 29%, өткізгіштігі
0,0136 – 0,351 мкм. ҚАЛЫҢДЫҒЫ – 126 м сазды жыныстар
жаппа қызметін атқарады.
Блоктардағы мұнай шоғырларының биіктіктері
3,9 – 75,4 м. Коллекторлардың жалпы
қалыңдығы 1,5 – 26,1 м, тиімді Қалыңдығы 4
– 18,6 м, мұнайға қаныққан Қалыңдығы 2 – 14,6 м.
Газ-мұнай шоғырындағы коллекторлардың газға
қаныққан Қалыңдығы 2,4 м. Мұнайға қаныққандық
коэффициенті 0,63 – 0,75. Мұнайдың тығыздығы 939 – 944 кг/м3,
1,6 – 2,2% күкірт, 0,7 – 1,4% парафин бар, шайырлығы жоғары.
Блоктардағы бастапқы қабаттық қысымдар 3 – 5,75 МПа
аралығында, температура 25°С-тан 37°С-қа дейін өзгереді.
Мұнайлардың шығымы 1,2 – 76,8 м3/тәулік. Құрамында ванадий
мен никель кездеседі. Қабат сулары химиялық құрамы жағынан
хлоркальций типті, тығыздығы 1,03 г/см3, минералдары 40 – 76
г/л, бром, бор, йод микроэлементтері мол кездеседі. Кен орны
1980 жылдан игерілуде.
Қазіргі уақытта кен орнын өндірумен "Қаражанбасмұнай" АҚ
айналысуда (кеңсесі Ақтау қаласында орналасқан).
"Қаражанбасмұнай" АҚ-тың акционерлері болып CITIC және
қазақстандық "ҚазМұнайГаз. Барлау. Өндіру" мұнай компаниясы
табылады, сәйкесінше әрқайсысында 50% акциядан. Мұнай
өндіру 2008 жылы 2 млн. тоннаны құрады.
Қаратұрын
Қаратұрын мұнай-газ кен орны - Маңғыстау облысы, Қаламқас мұнай-газ кені орнынан шығысқа қарай 30 км жерде
орналасқан. 1978 жылы ашылған, 1980 жылы Шығыс Қаратұрын, кейіннен Оңтүстік Қаратұрын ашылды. Кен орны игерілуге
дайын.
Қаратұрын мұнай-газ кен орны - Маңғыстау облысы,
Қаламқас мұнай-газ кені орнынан шығысқа қарай 30 км жерде
орналасқан. 1978 жылы ашылған, 1980 жылы Шығыс
Қаратұрын, кейіннен Оңтүстік Қаратұрын ашылды. Кен орны
игерілуге дайын.
Геологиялық құырылымы мен сипаты
Ортаңғы юра шөгінділерінің иірімдері мұнайлы және мұнайлы-
газды, бірыңғай газ иірімдері Теңіздік Қаратұрынның бір
қабатында және Оңтүстік Қаратұрынның екі қабатында белгілі
болды.
Иірімдерінің биіктігі 1-34 м.
Коллекторлардың кеуектілігі 25-34%, өткізгіштігі 0,06-0,8 мк м²,
мұнайға қаныққан қалыңдығы 0,5-17,7 м-ге, газға қаныққан
қалыңдығы 0,5-17,7 м-ге дейін өзгереді.
Қалыңдығы 4-25 м-дей сазды таужыныстары жаппа болып
табылады.
Құрамы
Мұнайының тығыздығы 894-925 кг/м³;
күкірт - 0,77-1,5%;
парафин - 1,4-4%;
асфальтендері - 0,8-4,3%;
силикагельдік шайыры - 5,1-17,4%.
Еркін газдар құрамында - 70% ауыр көмірсутектер, 29,7% метан бар.
Хлоркальций типті қабат суларының тығыздығы 1099-1114 кг/м³, минералдары 155-156 г/л.
Қаламқас
Қаламқас мұнай-газ кені- Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысында орналасқан мұнай және газ кен орны .
Географиясы
Ақтау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 280 км жерде Бозашы жарты аралында орналасқан. Солтүстік Бозашы мұнай бассейніне жатады .
Тарихы
Кен орынның құрылымы 1974 жылы белгілі болды, іздестіру-бұрғылау жұмыстары 1976 жылы
басталып, сол жылы кен орны ашылды. Иә, бұл аймақ –Қаламқас аталады. «Топономика жер
тілі, ал жер кітап, сол кітапта адамзат тарихы географиялық атауларда сақталынып, жазылып
қалған» -деп Константин Паустовский айтқандай, халқымыздың қоныстарын, өмір сүру
дәстүрлерін айна қатесіз дәлелдейтін жер –су атаулары өлкемізде жеткілікті –ақ. Соның бір
дәлелі – осы Қаламқас Арудың есімінің тарихтың небір қатпар –қатпар парақтарының астында
ұмытылып қалмай бізге жетіп, және бізбен бірге халқына қалтқысыз қызмет етіп келе жатқаны.
Осындайда «Қаламқас кім?» деген заңды сұрақ туады. Ақсақалдарымыз –көне көз қариялар
білгенімен, жастарымыз біле бермеуі мүмкін. Бозашы түбегіндегі ежелгі қорымның бірі –
Қаламқас қыздың есімімен аталады. Мұнда бай да, бағылан да, батыр да жатқан болуы керек.
Бірақ соның бәрінен де бар болғаны жиырмаға жетер –жетпес жас қана өмір сүрген Қаламқас
арудың атының озып тұрғаны неліктен? Қаламқас Маңғыстауға алғаш қоныс аударған адай,
беріш, таз, т.б. рубасылары –Атағозы, Шотан, Шақан, Қожамбет, Есболай, Ақпандармен бірге
келген ұрпақтың өкілі. Бозашы түбегін алғаш жайлағандар Адай руының жары, жеменей, түрік
пен адай Тәңірберген, Беріштің қаратоқай тайпалары болса, Қаламқас ару жарының бектеміс
бөлімінен. Ол –жаугершілік заманда ат үстінен түспегей, белінен бесқаруын тастамай, ел
қорғаны -ер азаматтармен бірге талай қанды жорықтарға қатыса отырып, Отанын басқыншы
жаулардан қорғаған батыр қыздарымыздың бірі. Ал бейбіт күнде ауылды азық –түлікпен
қамтамасыз етуге белсене араласқан, аңшы –мерген атанған ару... Міне, осы мәдени –тарихи
ескерткіштер қатарына жататын «Қаламқас әулие» қорымын «Маңғыстаумұнайгаз»
акционерлік қоғамы әкімшілігі өз қамқорлығана алып, басына сәулетті кесене тұрғызу
жөніндегі Қаламқас кенорнының бір топ мұнайшыларының ұсынысын жерге тастамай
қолдауды ұйғарған –ды. Соның нәтижесінде вахталық қалашықта Қаламқас арудың бес қаруы
бойында ақбоз атпен шауып келе жатқан бейнесі тасқа бедерленіп қашалған ескерткіш және
Қаламқастың өзі тыныстап жатқан қорымда алып кесене дүниеге келді.
Бозашы түбегінде Каспий теңізінің жағалауына сұғына орналасқан Қаламқас атты мұнай–газ кенорны бар. Ол өзі қарайтын «Маңғыстаумұнайгаз»
акционерлік қоғамының жалпы мұнайының 70 пайызын өндіретін ірі кенорны. Қаламқас кенорны 1979 жылдың 2 наурызында Қаражанбас кенорнымен бірге
өз алдына «Комсомолскнефть» мұнай –газ өндіру басқармасы болып құрылды. Ол атау 1992 жылы, яғни тәуелсіздігіміздің алғашқы кезеңінде –ақ
«Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасына өзгертіліп, кенорнының өз төл атауын иемденді. Кенорны 1980 жылдың 2 –ші қарашасында алғашқы миллион
тонна мұнайын өндірсе, одан 25 жыл өткен соң 2005 жылдың 6 маусымында 100 миллионыншы тонна «қара алтынын» өндіруге қол жеткізді. Ал бүгінгі күнге
дейін 118 миллион тоннадан астам мұнай өндіріліп, ел байлығын еселеп отыр.
Кен ортаңғы юра қабатының беті бойынша амплитудасы 100 м-ге
жуық ендік бойымен созылған брахиантиклинальдық қатпардан орын
алған. Кеннің мұнай сыйыстырушы қимасы триас, юра және бордың
терригендік шөгінділерінен құралған, бұлардың ең қалың тұсы 2395 м. Апт
шөгінділерінде 2 газды қабат, неокомда 6, ортаңғы юра шөгінділерінің
қабатында 2 газды-мұнайлы, 5 мұнайлы қабат анықталды.
Өнімді қабаттар 505 – 936 м тереңдікте жатыр. Табиғи
сыйымдылықтың түрі жөнінен апт иірімдері, неокомның бір қабаты,
юраның бес иірімі қабаттық күмбездік, неокомның бес иірімі қабаттық
литол. қалқаланған, юраның үш иірімі қабаттық, тектоник. қалқаланған
болып қалыптасқан.
Коллекторларының кеуектілігі 23 – 29%-ға, өткізгіштігі 0,105-тен 1,468
мкм2-ге жететін құмтастар мен алевролиттерден құралған. Жаппасы
қалыңд. 4 – 53 м-ге дейінгі сазды жыныстардан тұрады. Өнімді
қабаттардың жалпы қалыңд. 4 – 28 м, тиімді қалыңд. 4,2 – 10,3 м-ге дейінгі
шаманы құрайды. Мұнайға қаныққандық коэфф. 0,66 – 0,72, газға
қаныққандығы 0,32 – 0,69. Мұнайдың тығызд. 902 – 914 кг/м3, күкіртті,
парафинді, шайырлылығы жоғары, газға қаныққандығы 25 м3/т.
Қаламқас мұнайы ванадий және никельдің өнеркәсіптік шоғырларымен
ерекшеленеді. Бастапқы қабаттық қысым 6,5 – 9,6 МПа, темп-ра 39 – 44С, 7
мм-лік штуцерде мұнайдың бастапқы шығымдары 26,4 – 62,1 м3/тәулік
болды. Аз мөлшерде азот пен көмір қышқыл газы кездеседі.
Юраның үш қабатындағы газдар жеңіл, ондағы ауыр көмірсутектердің
мөлш. 5,9 – 9,9%-ға дейін өзгереді. Юраның бір иірімінде еріген газ
құрамы жөнінен «құрғақ», құрамындағы метан 94,5%-ға жетеді. Төменгі
бор иірімдерінің еркін газдары құрамы жағынан метаннан тұрады, оларда
ауыр көмірсутектер аз кездеседі (0,85%), азот мүлдем кездеспейді, көмір
қышқыл газының мөлш. 0,31%-дан аспайды.
Бастапқы қабаттық қысым 9,5 – 8 МПа, темп-ра 30 – 38С. Кен орны 1979
жылдан бері игерілуде.
Солтүстік Бозашы
Солтүстік Бозашы –
Қазақстанның Маңғыстау облысы Бозашы
түбегіндегі мұнай-газ кен орны. Солтүстік
Бозашы мұнайлы-газды аймағына жатады.
1975 жылы ашылды. Кен 300–550 м
тереңдікте. Мұнайдың бастапқы дебиті 3,4–48
м³/сөтке, газдың бастапқы дебиті 25-тен 54 мың
м³/сөтке. Мұнай тығыздығы 938–940 кг/м³.
Күкірт мөлшері – 2 %, парафин
1,5 %, асфальтендер 5,6–5,8 %.
Мұнайдың ерекше сипаты – құра-
мында ванадий мен никельдің өн-
дірістік концентрациясының бар
болуы.
Өндіру орталығы – Ақтау қаласы.
Кен орнын өңдеуді CaspianInvest-
mentsResourcesLtd (СП «ЛУКОЙЛ Оверсиз» пен
MittalInvestments) біріккен компаниялар болып табылатын
(50/50) BuzachiOperatingLtd және CNPC қытай мұнай
компаниясы жүргізеді. Мұнай өндіру 2008 жылы 1,8 млн
тоннаны құрады.
Шығарынды қорлар шамамен 50-80 млн. тонна мұнаймен,
геологиялық қорлар 218 млн. тонна мұнаймен бағаланады.
Назарларыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz