Муниципалдық кәсіпорын - мүлкі жергілікті бюджет қаражаты есебінен құралатын кәсіпорын
Презентация қосу
Дайындаған: Даулетұлы Қуаныш
Кәсіпорын – қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес
өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық
жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі
нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу
мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді,
жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы
мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде
және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын
заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген
мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады.
Аралас кәсіпорын– меншік нысандары алуан түрлі кәсіпорын, оның қызметі бірлескен қызметті
жүзеге асырушы серіктестердің үлеспұлдық жарналарына негізделген.Ауыл шаруашылығы
кәсіпорыны – меншігінде немесе шаруашылықтың қарамағында жер, сондай-ақ, басқа да мүлік бар
және өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімін өндіруші, ауыл шаруашылығы өндірісіне
қызмет көрсетуші заңды тұлға. Ауыл шаруашылығында шаруашылықты жүргізу нысандары –
акционерлік қоғамдар, түрлі тұрпаттағы серіктестіктер, кооперативтері, ұжымдық шаруашылықтар,
кеңшарлар, өнеркәсіптің, көлік, басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылықаралық,
қосалқы шаруашылықтары, ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдары, т.б.
Бірлескен кәсіпорын – екі не одан көп елдің заңды тұлға құқықтары бар құрылтайшыларының
(фирмаларының, компанияларының, т.б.) мүлкін біріктіру негізінде құрылған кәсіпорын. Олардың
нақты нысандары: өндірістік кәсіпорындар, сауда фирмалары, енгізбелік, сервистік және басқа
ұйымдар. Ынтымақтастықтың мұндай нысандары ел экономикасына шет ел капиталын тартуға, қолда
бар резервтерді тезірек пайдалануға, қажетті өнімді шығаруды ұлғайтуға мүмкіндік береді, білімді,
еңбек пен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін, басқару стилі мен әдістерін алмасуға, нарықтық
қатынастар мен сыртқы рынокты игеруге жәрдемдеседі. Оның жарғылық қоры серіктестердің салымы
есебінен құралып, шаруашылық қызметтен алынған пайда есебінен, қажет болған жағдайда қосымша
салым немесе қарыз қаражаты есебінен толықтырылуы мүмкін. Бірлескен кәсіпорынның бас
директоры (басқарма төрағасы) құрылтайшы мемлекеттің азаматы, не шет ел азаматы болуы мүмкін.
Қызметкерлерді жалдау, жұмысқа алу, жұмыстан шығару, еңбек ақы төлеу мәселелерін кәсіпорынның
өзі шешеді. Оның әкімшілік кәсіподақпен ұжымдық шарт жасасуға міндетті.
Муниципалдық кәсіпорын – мүлкі жергілікті бюджет қаражаты
есебінен құралатын кәсіпорын. Жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының меншігінде болады. Тікелей шет елден
қаржыландырылатын кәсіпорын – бейрезидент бірліктердің
бақылауындағы кәсіпорын, бейрезидент-корпорациялардың
филиалдары, шет мемлекеттердің немесе бейрезидент бірліктер
топтарының бақылауындағы корпорациялар, белгілі бір
экономикалық аумақта ұзақ мерзімде жұмыс істейтін бейрезидент
кәсіпорындардыңбейкорпоративтік бөлімшелері.
Унитарлық кәсіпорын – өзіне бекітілген мүлікті меншіктенуге
құқығы жоқ коммерциялық ұйым. Ол мемлекеттік және
муниципалдық (жергілікті) кәсіпорын болуы мүмкін, осыған орай
оның мүлкі мемлекеттік немесе муниципалдық меншікте болады, бұл
мүлік оған шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару
құқықтары негізінде тиесілі болады. Шаруашылықты жүргізу
құқықтары негізінде құрылған унитарлық кәсіпорынды өкімет немесе
жергілікті өзін-өзі басқару органы құрады. Оның жарғысын осы орган
бекітеді, жарғылық қорының (шаруашылық серіктестіктердегідей
немесе акционерлік қоғамдардағыдай жарғылық капитал емес)
мөлшерін айқындап, жасақтайды. Унитарлық кәсіпорынның
басшысын мемлекеттік немесе муниципалдық орган тағайындайды
және ол осы органға есеп беріп тұрады. Кәсіпорын өзінің
міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.
Егер унитарлық кәсіпорын мүлкі оралымды басқару құқығы негізінде
құралса, онда ол қазыналық кәсіпорын болып табылады. Унитарлық
кәсіпорын өзінің қарамағындағы мүлікті дербес иеленеді,
пайдаланады, билейді, бірақ бұл орайда мүлікті меншіктенуші
кәсіпорынға тиесілі мүліктің сақталуын бақылайды. Ол мүлікті
меншіктенушінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Шағын кәсіпорын – жұмысшылар саны мен шаруашылық айналымы(өнеркәсіпте
өнім көлемі, саудада тауар айналымының көлемі) белгілі бір мөлшерлік өлшеммен
шектелетін жаңадан құрылған немесе бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорын.
Оларға өнеркәсіп пен құрылыста жұмысшылардың саны көп дегенде 200 адамға,
ғылымда 100 адамға, басқа өндірістік салаларда 25 адамға, бөлшек саудада 15
адамға дейін жететін кәсіпорындар жатады. Шетелдік кәсіпорын – жарғылық
қоры түгелімен шетелдік қаржылардан құралған кәсіпорын (ұйым). Ірі
кәсіпорын – сала өндірісінің жалпы көлемінің көп үлесін өндіретін не
жұмысшылардың немесе акцияларды иеленушілердің саны жөнінен, өткізу
көлемі, активтердің немесе пайданың мөлшері жөнінен ірі деп саналатын, не осы
екі белгіге де ие кәсіпорын
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz