Еңбектің пайдасы


Slide 1

Жайнатар кең өлкені,

Болашақтың ертеңі,

Біз бақытты балдырған-

Ата-ананың өркені.

жиын

Slide 2

Тақырыбы:

Еңбектің наны тәтті

Ашық сабақ

Slide 3

Әңгімелесу

Еңбек жемісі

Әкесі 6 гектар егіс жер алған. Сол-ақ екен қауырт жұмыс басталады да кетті. -

Тұр балам, көктемнің әрбір күні жылға азық- дейді әкесі.

Содан үй іші болып жердің басына келеді. Әкесі, шешесі, өзі, екі інісі. Олар сәбіз, картоп, жуа, жүгері, қауын, қарбыз егеді. Асан жазғы каникулын егін басында өткізді.

Биыл өнім жаман болмас -, деді әкесі, жайқалған көкөністерге көз салып қойып, - еңбек етсең, Жер -ана да иіп сала береді-, дейді. Егін мол өнім берді. Әсіресе қауын-қарбыздар теңкейіп көздің жауын алады. Сауда бақшалықта -ақ қызды. Оқудан келісімен Асан атызға асығады, әке-шешесінекөмек беруі керек. Өзімен бірге оқитын Айкүміс екеуі бірге отырып қауын жеді.

Қауының не деген тәтті!- деді Айкүміс. Асан быраз марқайып қалды. Егін

басында сауда қызып, қауын-қарбызды көлікпен келіп, тиеп, әкетіп жатты. Әкесі бүгін өте көңілді.

Ертең менімен бірге жүріңдер- деді үш ұлына. Базарға апарып не керек болса соны алып береді. Балалар мәз болады.

Жаз бойғы еңбектеріңнің жемісі ғой- деп күлді әкесі.

Slide 4

1. Еңбек барысында балалардың қандай қасеттерін

байқадыңдар?

2. Балалар еңбек нәтижесін қалай көрді?

3. «Еңбек», «Еңбексүйгіштік» деген ұғымды қалай

түсінесіңдер ?

4. Қандай адамды «еңбекқор» дейміз?.

Сұрақ - жауап

Slide 5

мұғалім

Еңбексіз іс бітпейді.

Ердің атын еңбек шығарар.

Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.

Slide 6

Оқулықпен жұмыс

Маңдай тер

Slide 7 Slide 8

Сұрақ-жауап

Атасы Хамитке “маңдай тер” дегенді қалай түсіндірді?

Өз еңбегіңнің жемістерін көрген кездерің болды ма?

Slide 9

Дәйек сөз

Дәйек сөз

Бейнетің қатты болса,

Татқаның тәтті болар.

Халық мақалы

Slide 10

Сергіту сәті

Қырға шықсаң өрлеп,

Мұның аты-Еңбек.

Кесте тіксең, зерлеп,

Мұның аты-Еңбек

Сабағыңа жөндеп

Әзірленсең-Еңбек

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

Slide 11

Орталықтармен жұмыс

█ Зерттеу орталығы.

Тапсырма:

1. Суреттерге қарап, өздеріңе ұнайтын еңбек туралы айтып беріңдер.

Мәтінге ат қойып жаз. Еңбек туралы мақал тауып жаз.

2. Еңбек адамға не үшін қажет? Тірек сызбаны жалғастырып жаз.

Еңбектің пайдасы

Slide 12 Slide 13

▲Оқу-жазу орталығы.

Тапсырма:

1. “Бейнетің қатты болса,

Татқаның тәтті болар”

Халық мақалының мағынасын түсіндір. Мәтін құрастырып жаз.

Slide 14

2. Оқу-жазу орталығы.

Мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, жалғастырып жазыңдар.

1. Еңбек етсең. . . . . . . . . . . .

Тояды қарның. . . . . . . . . .

2. Ердің. . . . . . . . . . . еңбек шығарады.

3. Еңбектің наны. . . . . . . . .

Жалқаудың . . . . . . . . . . тәтті

4. Еңбек . . . . . . . . атандырады

Slide 15

● Өнер орталығы

Тапсырма:

1. Балабек қария мен Хамиттің еңбегін бейнелеп, мазмұнына сәйкес сурет салу.

2. Өз еңбегіңнің жемісі неліктен тәтті деген сұраққа жауап беріңдер.

Slide 16

Әр орталық өз тапсырмаларын орындап, оны қорғайды.

Slide 17

Тыныштық сәті

Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.

Көздеріңді жұмсаңдар да болады.

Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Біз еңбек етіп бақытты боламыз. “Көп еңбек еткенде бақыт басын иеді”. Сүйіп істеген іс шаршатпайды. Сондықтан өзіңе ұнайтын істерің көп болсын. “Еңбек-қуаныш, жалқаулық- айырылмас азап”- деп, ұлы Абай атамыз айтқандай ешқашан жалқау болмаймыз.

Ал енді көздеріңді ашсаңдарда болады.

Slide 18

Қорытынды

Slide 19

Адал еңбек адамды қуанышты сезінуге, өзіне деген сенімділікке жетелейді, бақытқа, байлыққа жеткізеді. Еңбексүйгіш адам айналасына да сыйлы, беделді болады. Әрқашан өз ісімізге адал болып, еңбектің тәтті дәмін сезіне білейік. Адал еңбекті бағалап, қадірлейік.

Slide 20

Жүректен

жүрекке

Slide 21

Ән: "Болайықшы осындай"

Slide 22

Қатысқандарыңызға

рахмет


Ұқсас жұмыстар
Мәскеу университетіндегі Константин Дмитриевичке арналған ескерткіш тақта
Болашақ мамандық
Көбіне күн сәулесінің жетіспеушілігінде мешел ауруы
Басқарудың әлеуметтік – психологиялық әдістері жайлы
Еңбекке сұраныс
Басқарудың әлеуметтік – психологиялық әдістері
Карл Маркс концепциясы
Негізгі экономикалық ұғымдар
Латын жазулы түркі жазба ескерткіштері
Өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz