Қауіпсіздік ережелерін, көз жаттығуларын жаттау




Презентация қосу
Рысқалиева Ақжүніс Маханбетовна
БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі, информатика пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды қауіпсіздік
ережесімен, компьютер сыныбында өзін-өзі
алып жүру ережелерімен, көз
жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс-
әрекет ережелерімен таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа,
жүйелілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау
қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.
Сабақта қолданылатын
көрнекті құралдар:
Компьютер, тақта, жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру
2.Жаңа тақырыпты түсіндіру
3.Сабақты бекіту
4.Үйге тапсырма
Негізгі қағидалар

• ҚазССР халыққа білім беру министрлігінің 08.02.90 жылғы
бұйрығына сәйкес, барлық оқушылар оку процесінде
есептеу техникасын қолдану алдында кауіпсіздік
техникасы бойынша нұсқау алып, апат жағдайдағы
әрекеттер ережелерімен, электр тогымен закымданғанда
алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерімен және
шаршағанда, көз талғанда дем алу үшін орындайтын
жаттығулармен танысулары қажет, Қауіпсіздік техникасы
бойынша нұсқау берілгеннен кейін оқушылар сынақ,
тапсырулары керек. Бұл жөнінде сәйкес үлгідегі журналға
тіркеу керек.
• ЕТ кабинетінде сабақ өткізу кезіндегі оқушылар білуі тиісті
еңбек қауіпсіздігін сақтау талаптарына кауіпсіздік
техникасының ережелері, компьютер сыныбындағы тәртіп
ережелері, электр тогымен закымданғанда көрсетілетін
алғашқы дәрігерлік көмек тәсілдері, жалпы шаршағанда
және көз талғанда қолданылатын жаттығулар жатады.
Қауіпсіздік техникасының ережесі

Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі
пункттерге бөлуге болады:

1.Жалпы
2.ДК-де жұмысты бастау алдында
3.Жұмыс істеу кезінде
4.Авариялық жағдайларда
5.Жұмысты аяқтағанда
1.Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға,
сымдарға,
розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым
салынады.

2.Мұғалімнің рұқсатынсыз сынынқа кіруге және сыныптан шығуға
болмайды.

3.ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.

4.Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс
істеуге тыйым салынады.

5.Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды.

6.Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.

7.Пернетақтаның үстіне ештеңе коюға болмайды.

8.Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін
қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады
ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында
қойылатын қауіпсіздік талаптары:
1. ДК электр тогына косылмаған жағдайда
сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және
айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып,
олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу
керек.
2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар
салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына
белгі қою керек.
ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік
талаптары:
1. ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең
қолайлы кашықтығын (60-70см)
сақтау керек. Мүмкін қашықтық - 50 см.
2. Келушілер кіргенде окушынардың орнынан
тұруының қажеті жоқ.
3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан
тұрмай көзді демалдыратын бірнеше
жаттығу орындау керек.
4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда
алғашқы медициналық көмек көрсету
әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және
өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын
білуі керек.
Электр тогымен зақымданғанда көмек
көрсету:
• Токты ажырату (тарату тактасындағы тумблерді
өшіру);
• Зақымданған адамды электр тогының әсерінен
электр тогын өткізбейтін қол астындағы
материалдарды пайдаланып босату;
• Зақымданған адамды қарап шығып, оған
зардабының ауырлығына байланысты көмек
көрсету;
• Дәрігер шақыру {мектептін медпунктінен, 03
телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
жакын жердегі емдеу мекемесінен).
Күйгенде көмек керсету:

• Ауруды сездірмейтін және
тыныштандыратын дәрілер беру
(анальгин, валерьянка);
• Күйген жеріне май жағу (винилин);
• Жарақаттанған жерге микробтар
түспеуі үшін алдын-ала целлофанмен
орап, суық судың астына ұстау;
• Дәрігер шақыру (мектептің
медпунктінен, 03 телефоны арқылы
жедел жәрдем немесе
жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Талып қалғанда және демі токтағанда
көмек көрсету:
• Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге
шалқасынан жатқызу;
• Дәрігер шақыру ( мектептің медпунктінен, 03
телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын
жердегі емдеу мекемесінен).
• Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын
тексеру керек, егер ары кетіп қалған
болса. қолмен орнына келтіру;
• Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03
телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
жакын жердегі емдеу мекемесінен).
• Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп
жеткенше қолдан дем алдыру ауыздан- ауызға)
керек.
КӨЗ ТАЛҒАНДА ЖАСАЙТЫН ЖАТТЫҒУЛАР

• 1-жаттығу
• Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар.
• Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар.
• Бұл кезде бірқалыпты дем алындар. 4-5 рет қайталаңдар.
• 2-жаттығу
• Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.
• Көздерінді талдырмандар.
• Алысқа қадалын қарандар.
• 3-жаттығу
• Бастарынды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
• Алысқа қадалын қарандар.
• 4-жаттығу
• Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА карап, көз тіккен нүктені белгілендер.
• Алысқа қадалып қарандар.
• 5-жаттығу
• Бастарынды көтермей, ЖОҒАРЫ қарап, көздерің түскен нүктені белгілендер.
• Алысқа қадалып қараңцар.
• 6-жаттығу
• Бастарыңды бұрмай, ТӨМЕН қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер.
• Алысқа қадалып караңдар.
Үйге тапсырма:

Қауіпсіздік ережелерін, көз
жаттығуларын жаттау. Жұмыс
дәптеріндегі тапсырмаларды оқу.

Ұқсас жұмыстар
Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету
Роликті конькимен сырғанау
Химия пәні
Мамандық таңдау
ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНИКА КАБИНЕТІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК
Технология пәні бойынша. Мамандық таңдау. Кәсіби қызметтер
Гимнастикалық таяқпен жаттығу
КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ТЕЛЕДИДАР, ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН
Процесс Ақпараттық процесс
Өлең жаттау ережесі
Пәндер