Ардақта ата - анаңды


Slide 1

Сабақтың тақырыбы: Ардақта ата-анаңды

Мақсаты;

а) білімділігі; Бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты

ұялату, ата-анасын құрмет тұтып, адал да

парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу;

ә) дамытушылығы; Халқамыздың тәлім- тәрбиесінің ананың

ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен

берілетіндігін, өзіндік ұлттық қасиетімізді

балалар бойына дарыту.

б) тәрбиелілігі; отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық,

қайырымдылық, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Әдісі; Интерактивті технология.

Барысы; І. Ұйымдастыру .

Өзін-өзі тану

Slide 2

Ардақта

ата-анаңды.

Slide 3 Slide 4

- Қайырлы күн, балалар! Күніміз сәтті болсын! Әдеттегідей сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. Қараңдаршы, бәрің сондай қуанышты, бір - біріңе күліп қарап, жайдары ақжарқын болып тұрсыңдар. Сендердің көздеріңнен мейрімділіктің, жақсылықтың, қамқорлықтың, сүйіспеншіліктің белгісін көріп тұрмын.

Шаттық шеңбері

Slide 5 Slide 6

Қымбатты ата-ана, ұстаздар!

Біздің борышымыз сіздерді құрметтеу.

Алдамен сүй, ардақты ата-анаңды,

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда

Мейірімінен ананың жасалады.

Жырақ жүрген ата-анасын сағынған

Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан.

Екеуінің қуанышы, тілегі

Әрқашан да бір арнадан табылған.

Slide 7

Адамға ең қымбаты-отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда ғана бірлік болады. Ата-ана отбасының ұйытқысы десек, бала отбасын берік ұстауға қажетті алтын діңгек.

Әрбір бала өз ата-анасын қадірлеп, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілікпен қараса, болашықта өз-өзін танумен қатар, өміріне нық сеніммен қадам басады.

Жаңа ақпарат.

Slide 8

Ғ. Мүсіреповтың

“Ақлима”

әңгімесінен үзінді оқу

Мәтінмен жұмыс

Slide 9

Ойланайық

1. Бала анасына деген махаббатын қалай жеткізеді?

2. Өзгенің баласын өзіңдікіндей сүю кез-келген ананың қолынан келе ме?

Пікірлесейік

Slide 10

Дәйексөз

Әке- асқар тау,

Ана- ағып жатқан бұлақ,

Бала -жағадағы құрақ.

Халық нақылы.

Slide 11

Ойланайық

1. Адам қай уақытты ата-анасының үмітін ақтай алады?

2. Өзің шеше алмаған мәселелерді ата-анаңмен еркін бөлісе аласын ба?

3. Анаң немесе әкең қай уақытта саған риза болады?

Әңгімелесейік

Slide 12

Б. Соқпақбаевтың

“Менің атым Қожа” повесінен үзінді оқу

Мәтінмен жұмыс

Slide 13

*Әкенің адам өмірінде алатын орны қандай?

*«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деген мақалдың мағынасын түсіндіріңдер?

Slide 14

Сөзжұмбақ

1. Қой дегенде бар, лақ дегенде жоқ,

Ойда бар, бақта жоқ

2. Рәміздің бірі

3. Еңбек құралы

4. Ең жақын адам

5. Уақытты немен білеміз?

6. Ырыс алды ынтымақ

Slide 15

Жұмбақ шешу

Маған да, саған да

Жақын туыс бес адам.

Үш әріптен тұратын

Оңға оқы, солға оқы

Өзгермейді еш одан

Бәріде өз жұртың,

Айтады кәне кім атын?

Топтастыру

Отбасы

Ата

әже

әке

ана

аға

ұл

қыз

Slide 16

Ата-ана туралы дана сөздер:

Ұл-қыз ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтсем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата-ананың ұл-қызы болып өседі

Адал жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды, Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей, ата-анаңды аялап бақсаң, армандарың орындалады.

Сәби шағында олар өзіңді қалай бағып- қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек.

Ата-ананың көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.

Ата-ананың қадірін білмеген халық қадірін білмейді.

Ата-анасын ұмытқан бала опасызы, рахымсыздың рахымсызы

Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін ерекше бағаламасаңдар, ол- қорлық

Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай Қылықтардан аулақ болып ана, әке, апа, қарындас туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке-тірегің, қамқоршың, асқар тауың. Ана- жарық дүниеге әкелуші.

Slide 17

Көрініс:

Қарт пен бала әңгімесі.

Slide 18

Қарт

Өмірде не жетім

1. Өмірде ата-анасы жоқ болса, бала -жетім.

2. Халқына сенімсіз болса, хан -жетім

3. Суы жоқ- құдық жетім

4. Досы жоқ жігіт- жетім

5. Шәкіртсіз ұстаз -жетім

6. Қызы жетесіз болса, ана- жетім

7. Ата-ана ақылы жерде қалса,

бәрінен де сол жетім

Slide 19

Ата-ана туралы

хадистер

Ей, перзентім! Ойыңа тоқып ал, ата-анаға құрмет, ізет қылуды мойынға алу ләзім. Себебі баланың түп негізі ата-ана болып табылады.

Ата-анамды не үшін құрметтеймін дегенді ойыңа алушы болма. Олар сен үшін өлуге де дайын тұрады. Сен соны білуің керек.

Сен ата-ананың еңбегін дін жағынан да өтей алмасаң да ақыл санаңмен, адамгершілікпен өте. Кімде-кім ата-анасын разы еткен болса, ол жақсы. Алла тағала оның өмірін ұзартады.

Борыш-ата-анаға ұстаздар мектебіне қызмет жасап, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу.

Құретті әке-шеше атыңа кір келтірмеуге ант етемін!

Slide 20

Балаларға сұрақтар:

-Анаңның сүйіп жасайтын жұмысы не?

-Анаңның туған күні қашан?

-Үйдегі адам саны қанша?

-Бауырың неше жаста?

Үйде ыдысты кім жуады?

-Үйді кім жинастырады?

-Таңертең сені кім оятады?

-Әкеңнің туған күні қашан?

Slide 21

Мақалдың

жалғасын тап-ойыны

1. Атаға қарап-. . .

Анаға қарап-. . .

2. Ананың көңілі балада, . . .

3. Ата-ананың қадірін . . .

4. Атаның баласы болма . . .

5. Баланың жақсысы қызық . . .

6. Ұядан не көрсе, . . .

7. Қарағайға қарап. . . . .

Отбасына қарап . . . .

жарайсың

Slide 22

Балаларға жұмбақтар шештіру:

Әлпештеп өзіңдей өсірген

Нағашы әжеңнің баласы

Төріндежалпиып көсілген

Бұл күнде жиеннің анасы Ол кім?

Аймалайды күнім деп

Мейірімді жүзі күлімдеп

Тәтті-ақ дейді немере

Бал шырындай үнің деп Ол кім?

Айтары мол ғұлама

Көп жасаған бұл адам

Әкесі ол әкеңнің

Білер оны сұраған Ол кім?

Атаңның баласы

Кей кезде таласып

Қаласың әжеге

Білгенің асады кәдеге Ол кім?

Slide 23

Түйіндеме


Ұқсас жұмыстар
Анама хат
Тәрбиенің түп төркіні – халықтық педагогика
Менің Отаным - Қазақстан тәрбие сағаты
Ата-ана саялы бақ
Баланың ұяты
Ата - ана жайлы
Ф.Оңғарсынова "Жылу"
Қауіпсіздік ережелері
Отбасы күні
Ата – анама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz