Термодинамика (жылу) тақырыбы бойынша интеллектуалдық кештің бағдарламасы

Қайырлы кеш, қадірменді оқушылар, ұстаздар! Баршаңыз да «Жылу» кешіне қош келдіңіздер !
Кештің жоспары
Ашылуы.
Топқа бөлу, ат қою.
Әділ қазыларды сайлау.
Топтардың бір-бірін құттықтауы.
Топтардың жарысы.
Жарыс шартарымен таныстыру.
Қазылар алқасының қорытындысы.
1-тур. “Бой сергіту”
Әр топқа 10 сұрақтан қойылады.
Жауап: Иә немесе Жоқ
Әр сұрақ 10 ұпай
2-тур. “Шерлок Холмс”
Әрбір сұраққа жауап беру үшін ұпай таңдап алынады (100-500 ұпай) . Дұрыс жауап бергенде ұпай жалпы ұпайға қосылады. Егер жауап дұрыс болмаған жағдайда ұпай жалпы ұпайдан шегеріледі.
1-сұрақ
Қыс мезгілі болатын. Шерлок Холмс даладан бір үйге кіреді. Қырау басқан терезенің саңылауынан жолдың бір шет ғана көрінеді. «Мына үйдің қызы жалқау екен»-деп ойлапты. Неліктен ол мұндай ойға келді?
2-сұрақ
Бір үйге келген Шерлок Холмс, үй иелерімен әңгімелесіп отырып, бірер минуттан кейін ол: «Сіздің ас үйіңізде шәйнек қайнап жатыр»-депті. Оның отырған бөлмесінен ас үй көрінбеген, онда ол мұны қайдан білді?
3-сұрақ
«Құймақ ыстық кезінде ғана тәтті»-дейді Шерлок Холмсты ас ішуге шақырған аспазшы, - «Олар көпке дейін ыстық болып тұруы үшін, мен құймақ салынған табақты металл подносқа салып қоямын»-депті сөзін жалғастырған аспазшы. «Одан да құймақты ағаш подносқа салған дұрыс болар», -деп Шерлак Холмс кеңес беріпті. Бұл кеңесінің астарында не жатыр?
4-сұрақ
Шерлок Холмс түскен үйдің иесі, есікке барып, ішке мысықты кіргізеді. Мысықты көрген, Шерлок Холмс «Сыртта ауа-райы суық екен», -дейді. Ол мұны үйде отырып қалай білді?
3-тур. “Ауа-райы”
Әр сұраққа 500 ұпай беріледі. Бір көмек берілген жағдайда 100 ұпай шегеріліп, жалпы ұпайға қосылады. Жауап болмаған жағдайда кезек келесі топқа беріледі.
1-сұрақ
Дымқыл ауаның құрамында құрғақ ауаға қарағанда көбірек су болады. Сондықтан, ол құрғаққа қарағанда үлкен тығыздыққа ие болуы керек. Солай ма?
2-сұрақ
Неліктен адам өте ыстық күні дымқыл, батпақты жерлерге қарағанда құрғақ жерде ыстыққа көбірек шыдай алады?
3-сұрақ
Егер қыстың аязды күндері металлға саусағыңды тигізсең, оған жабысып қалады, ал ағашқа тигізсең жабыспайды. Неліктен?
4-сұрақ
Температураны өлшейтін прибор термометр деп аталады. Сыртта тұрған термометрдің көрсетуіне жел әсер ете ме?
4-тур. ”Күн шуағы”
Күннің бетін бұлт басқан. Бұлтты сейілту үшін формулаларды табу керек. Әрбір дұрыс формулаға 100 ұпай беріледі.
Күн шуағы
Термодинамиканың
І заңы
Изотермалық процесс үшін термодинамика
заңы
Изобаралық процесс үшін термодинамика
заңы
Жылу мөлшері
Термодинамикадағы
жұмыс
Жылу машинасының
ПӘК-і
Назарларыңызға рахмет!