Баланың балаға



№28 жалпы орта мектеп
Зат есімнің септелуі
(падеж имен существительных)
Пән мұғалімі: Нұржанова Эльвира
Сейткәрімқызы

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ
1. Білімділік: зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгерту, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдысын одан әрі дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, еңбекшілдікке, ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу.

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ
1. Зат есімге неше жалғау жалғанады?
Зат есімге қазақ тілінде төрт жалғау жалғанады.
2. Көптік жалғау дегеніміз не?
Көптік жалғау - заттың біреу емес, бірнешеу екенін білдіретін қосымша.
3. Жалғауларын ата? Мысал келтір.
Жалғаулары: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер. Мысалы: үй+лер, бала+лар, кітап+тар, қағаз+дар, гүл+дер.
4. Қазақ тілінде неше септік бар? Оларды ата.
Қазақ тілінде жеті септік бар. Септіктер: 1. Атау. 2. Ілік. 3. Барыс. 4. Табыс. 5. Жатыс. 6. Шығыс. 7. Көмектес.

ЕЛІМІЗДІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 20 ЖЫЛ
2011

ЖАҢА САБАҚ
Септік жалғау - зат есімдердің мағыналарын түрлендіріп, оларды басқа сөздермен байланыстыратын жалғау.
Септік жалғаулар сөз мағанасын өзгертпейді. Сөз бен сөздің арасындағы қарым қатынасты жасайды.
Изменение окончаний существительных по вопросам называется изменением по подежам, или склонением.

"ЖЕТІГЕН"
« Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есім жерінде, қазақ тілі елінде, Септік деген дәулетті, бай шал болыпты. Шалдың қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай өсірген жеті ұлы болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де жетіпті. Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын керіп, тиегінің орнына қойыпты да, үнсіз егіліпті. Ай өткен соң Ілік деген ұлы қайтыс болыпты, сонда шал тағы бір ішек тағып, «ненің зияны, кімнің көзі тиді екен ?» - деп егіледі.
Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы үшінші ішек тағып «кімге айтып жылайын неге ғана өлді екен?»- деп жоқтау айтады.

Табыс атты ұлынан айырылғанда « нені айтып, кімді ғана қарғайын?» - деп көзі жасқа толып, ағашқа төртінші ішекті қадайды. Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде ағашқа бесінші ішек тағылып, « неде, кімде екен себебі?» -деп жылайды. Зұлым аштықтың бір ұшы Шығыс атты ұлына жеткенде, «неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын?» - деп ағашқа алтыншы ішекті таққан екен. Жетінші ұлы Көмектесі қайтыс болғанда «кіммен өмір сүрмекпін, немен енді шұғылданамын?» -деп жеті ұлын жоқтап ұзақ жоқтау айтқан екен. Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып «жетіген» аспабы пайда болыпты. Осы аспап арқалы шал мұңын халыққа жеткізген деседі.

ЖАТТЫҒУЛАР
1. Оқушыларға септік атауларын таратып беремін: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.
Әр жұп берілген атау бойынша 5 сөзден жазады. Мысалы: тақтада 2 оқушы жазады.
Кітаптың үйге
Баланың балаға
Мектептің қалаға
Айдың күнге
Гүлдің үстелге
Әр жұп жазған сөзін оқиды.

САУАТТЫЛЫҚ ХАТЫ
2. І қатар -« Қыс» тақырыбында, ІІ қатар - «Біздің сынып» тақырыбында мәтін құрастырады.
Мәтінде септік жалғаулары болу керек.
3. Әр балаға сөз беріп, сөзді оқушылар септейді, 2 оқушы тақтада орындайды.
Қарлығаш, оқушы, ауыл, суретші, ағаш, қар, күн, емен, терек, кітап, дәптер, мектеп, бала, жаңбыр, аспан, көше, бота, жылқы.
А. с. қарлығаш
І. с. қарлығаштың
Б. с. қарлығашқа
Т. с. қарлығашты
Ж. с. қарлығашта
Ш. с. қарлығаштан
К. с. қарлығашпен.

ТЕСТ
1. « Әке» сөзі қай септікте тұрғанын тап
А) А. с. С) Б. с.
В) І. с. Д) Ж. с.
2. Ілік септігінде тұрған сөзді белгіле
А) Оқушы С) Оқушының
В) Оқушыға Д) Оқушыда
3. Табыс септігінің жалғауын белгіле
А) -ны, -ні, -қы, -кі, -ғы, -кі. С) -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті
В) -ны, -ні, -шы, -ші, -ды, -ді Д) -нан, -нен, -тан, -тен, -дан, -ден
4. Барыс септігінің сұрағын белгіле
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz