Өзінің толыққанды азамат болуына, өзіне сенімді әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға дағдыландру


Slide 1

ӨЗІҢДІ ТАНЫ

Slide 2

. Мақсаты: Әр бала өзінің темпераментін біліп, оның артықшылық яғни жақсы жақтарын жетілдіріп, нашар жақтарын, мінезінде қандай кемшілік терін бар оны анықтап, өзінің айналасындағы адамдар арасында жайлы қарым - қатынаста болуына бағдар беру. Өзінің бойындағы кемшіліктерін түсініп, оны жойып отыруына ықпал жасау; Алдына айқын мақсаттар қойып, яғни армандарына жету жолында қандай әрекеттер жасау керектігін түсіндіру, Адамзат тарихындағы құндылықтарды бағалай алуға үйрету; Өзінің толыққанды азамат болуына, өзіне сенімді әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға дағдыландру.

Slide 3

Психология

Анықтама. Психология - психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Slide 4

Адамның психологиялық құрылымдарының компоненттері:

Slide 5

Зейін

Анықтама. Зейін деп - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Зейін - айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу.

Slide 6

Түйсіктер

1. Анықтама.

Сыртқы дүние заттары мен

құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды.

Slide 7

Қабылдау

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мида тұтастай бейнеленуі қабылдау деп аталады.

Slide 8

Ес

1. Анықтама. Ес дегніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам

миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс. Ес күрделі психикалық процесс. Ол процесстер:

- есте қалдыру;

- қайта жаңғырту;

- тану;

Slide 9

Ойлау

. Анықтама. Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың байланыс - қатынастарының миымыздағы жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі

Slide 10

Сөйлеу

1. Анықтама.

Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды

Slide 11

Қиял

. Анықтама.

Қиял дегенміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс

Slide 12

Эмоциялар мен сезімдер

1. Анықтама. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажетіне сәйкес келу - келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім деп атайды.

Slide 13

Ерік

1. Ерік Анықтама. Адамның өз мінез -

құлқын меңгере алу қабілеті

Slide 14

Темперамент

Slide 15

Физиологиялық негізі. И. П. Павлов: “ Темперамент жануарлар мен жеке адамның жалпы сипаттамасы, әрбір индивидиумның барлық әрекетіне белгілі кейіп берітін нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы”, - дейді.

Slide 16

Анықтама. Темперамент - нерв жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі.

Slide 17

Темперамент төрт түрге бөлінеді: Сангвиник, холерик флегматик, меланхолик.

Slide 18

Холерик темпераменті басым оқушылар ұшып - қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл күйі жиі өзгеретін, қарым - қатынаста аумалы - төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді пысық, бірақ бейқам, ашуланшақ бала. Қимыл - қоғалысы шапшаң, қызыққан жұмысына әбден беріліп, барлық ынтасын салып орындайды. Ой әрекеті белсенді. Ашуы шапшаң қатты, қияңқы, ұнамсыз істерге әуес, . Бұлардың сөзі жылдам, интонациясы толқымалы, тез қызу сөйлеп, төңерегіндегілерді бірден ұйытады. Сезімтал, түрлі әсерлерге тез беріледі, ызақор, ашуланшақ келеді. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оңтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады

Slide 19

. Санвиник қуатты, тұрлаулы, ширақ, тип ойнақы, еті тірі бірақ кез- келген істі бастап тастап жүре береді. Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл таба біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, ақ көңіл, қызу істің адамы. Сангвиник темпераменті басым оқушының ерекшеліктері: ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып - қымтырылмайды, оптимист, өмір сүйгіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа жетекшілдікке құштар. Бұлар мұғалімнің айтқанын тез ұғады, белсенді, көбінесе эмоциялық қозу жағдайында болады. Сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент

Slide 20

. Флегматик темпераменті басым оқушылар өте сақ, ұяң, байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты. Олар сабырлы, орынсыз асып - саспайды, сабақта тыныш отырады, ешкімді мазаламайды, ауыр мінезді, көрсе қызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқынқанды. Бір істі соңына дейін апарады. Оқу дағдыларын өздігінен меңгеруге икемді.

Slide 21

. Меланхолик темпераменті басым оқушылар сәл нәрсеге ренжиді, өкпелегіш, писсимист, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жай басар. Сезімталдығы өте баяу көрінгенімен, онысы терең және ұзақ уақытқа созылады. Мектеп өміріндегі оқиғалардың бәрін үлкен әсермен қабылдап, оларды көп ойлайды. Кейде қызараңдап ұялады, тапсырманы орындай алмаса, оған қатты қайғырады, ал мұғалім ұрысса, төмен қарап жылайды, көпке дейін булығып, сол әсерден шыға алмайды. Ол ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан, көпшіліктен аулақ жүргенді ұнатады. Жасқаншақ, төзімсіз, бірбет, қыңыр, қисық сияқты жағымсыз нәрселер мінезінде болады.

Slide 22

БІЛІМПАЗДЫҚ ҚАСИЕТТЕР:

Данышпандық, ақылдылық, көрегендік, мәртебелілік, мақсаткерлік, шығармашылдық, тапқырлық, қабілеттілік, зейінділк, табандылық, ынталық.

Slide 23

АСЫЛ ҚАСИЕТТЕР:

Имандылық, қайырымдылық, қамқорлық, аяушылық, жақсылық, азаматтық, адалдық, ақниеттілік, Отаншылдық, міндеткерлік, парасаттылық, жауапкершілік, жомарттық, мәрттік, нысапшылдық, өнегелілік, ұяттылық, алғырлық, сабырлылық, достық, жолдастық.

Slide 24

БАТЫЛ ҚАСИЕТТЕР:

Батырлық, ерлік, өрлік, қаһармандық, қайсарлық,

қайрат, жанқиярлық, тәуекел, қажырлылық, өжеттік, шыдамдылық, төзімділік,

сақтық, албырттық.

Slide 25

ҰНАМДЫ ҚАСИЕТТЕР:

Шыншылдық, тұрақтылық, байласалдылық, қанағатшылдық, ыждағаттылық, құмарлану, арлылық, төзімділік.

Slide 26

КӘСІПТІК ҚАСИЕТТЕР:

Қабілеттілік, іскерлік, өнерлілік, ептілік, икемділік, тыңғылықтылық, еңбексүйгіштік, алғырлық, тындырымдылық, шыдамдылық, байқағыштық.

Slide 27

ОСАЛДЫҚ ҚАСИЕТТЕР:

Күйреуіктік, жасқаншақтық, қорқақтық, тартыншақтық, жасықтық, ынжықтық, жуастық, қорғансыздық, керенаулық, келісімпаздық, тағатсыздық, .

ТАЛАПСЫЗ ҚАСИЕТТЕР:

Жалқаулық, салақтық, құлықсыздық, бойкүйездік, енжарлық, ықылассыздық, немқұрайдылық, табансыздық, мақсатсыздық, арамтамақтық.

Slide 28

ҰНАМСЫЗ ҚАСИЕТТЕР:

Менмендік, қыңырлық, қызғаншақтық, дарақылық, мақтаншақтық, өтірікшілік, өсек айту, мылжыңдық, суайттық, рушылдық, көзбояушылдық, шайпаулық, боқтампаздық.

Slide 29

МАСЫЛДЫҚ ҚАСИЕТТЕР:

Арсыздық, ождансыздық, азғындық, сатқындық, залымдық, опасыздық, қаныпезерлік, қатыгездік, жауыздық, қарақшылық, қаскүнемдік, сараңдық, іштарлық, жағымпаздық.

Slide 30

БҮГІНГІ ОҚУШЫ МОДЕЛІ

1. Асыл қасиеттерді, батыл қасиеттерді, білімпаздық қасиеттерді, ұнамды қасиеттерді, кәсіптік қасиеттерді бойына терең сіңірген болашаққа мақсаты айқын жас ұлан;

2. Жаңалыққа жаны құмар, салауатты өмір салтын ұстанған, сергек, ширақ, дені сау, рухани байлығы кең, күнделікті даму үстіндегі жас ұлан;


Ұқсас жұмыстар
Қазақ ұғымында отбасы - өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуына жиналған жақындары
Жеке тұлғаның өзін - өзі бағалауы орташа деңгейде болғаны анағұрлым жақсы
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы
Метатану аспектілерін санаттау білім алушы тұлға ретінде өзі туралы білімі
Сыни ойлаудың этимологиясы және келіп шығуы
Өзін-өзі тану жобасы дегеніміз не
Ерте жыныстық қктынастың себептері
Ерте жыныстық қатынастың себептері
Сот шығыстары
Ізгілік педагогикасының манифесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz