Кеңес Одағы жылдары қала атауы



4 ә сынып
АНА ТІЛІ
Мұғалім КАРАМАТДИНОВА Ұлзада Адилхановна
Сабақтың тақырыбы: Ж. Әбдірашев.
Алматы - бас қалам,
Жас қала - Астанам.
Мақсаты: Оқушыларға астана қалаларымыздың ерекшелігі, туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлай отырып, өз ойын еркін айта білуге үйрету.


6.


Әбдірашев Жарасқан
7 наурыз 1948Қазақ ақыны, сыншы, аудармашы, Мағжан Жұмабаев байқауының лауреаты, Қазақстан жазушылар одағы поэзия кеңесінің төрағасы, Аграрлық партия ұйымдастырушыларының бірі. Жас таланттарға арналған кейін өзінің есімімен аталып кеткен жүлденің құрылтайшысы.
1948 жылы Қызылорда облысы Арал ауданы Аманөткел ауылсоветінде дүниеге келген. 1969 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. «Лениншіл жас» газетінің әдебиет пен өнер бөлімінде, «Жалын» альманахының поэзия және сын бөлімінде редактор, «Жұлдыз» журналының сын бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. 21 жасында КСРО жазушылар одағының мүшесі болды. «Тамаша» ойын-сауық отауында редактор болған. Жарасқан Әбдірашев өзінің шығармашылық жолында қазақ тілінің нәрін жоғалтпастан, ұрпағына таза қалпында жеткізіп, өлеңдерін туған халқына, еліне, жеріне арнап жазды. Өзін мазалаған ойлары да оның өлең жолдарынан әркез табылып отырды.

Еңбектері
Ж. Әбдірашев 20-дан астам кітап басып шығарды, солардың бірі - «Найзағайлы жаз» (1971), орысшаға аударған - Римма Казакова. Жарық көрген әдеби жинақтары: «Тұңғыш кітап» (1969) . «Ақ қайран» (1970) . «Найзағайлы жаз» (1971) . «Саяхат» (1972) . «Парасат пен парыз» (1973) . «Дала, сенің ұлыңмын» (1975) . «Соғыстан соң туғандар» (1977) . «Перзент парызы» (1980) . «Сана соқпағы» (1988) . «Әзілің жарасса» (1989) . «Сана соқпағы» - 3 томдық тағдамалы жырлар жинағы (1998) . «Көңіл көкпары» (1998) . «Шежірелі шаңырақ» (1998) . Сонымен қатар Жарасқан Әбдірашев қоғамдық және саяси ортада асқан белсенділігімен назарда болды - қазақ ақыны, сыншы, аудармашы, Мағжан Жұмабаев байқауының лауреаты, Қазақстан жазушылар одағы поэзия кеңесінің төрағасы, Аграрлық партия ұйымдастырушыларының бірі. Жас таланттарға арналған кейін өзінің есімімен аталып кеткен жүлденің құрылтайшысы.

я

Астана - Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 773 387 адам тұрады (1 қараша 2012) . Қазір қаланың аумағы 200 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
Атауы
Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие.

Халқы
Астана қаласы халқының саны 2000 жылмен салыстырғанда 169, 2 мың адамға көбейіп, 2006 жылдың басында 550, 2 мың адам болды. Халық саны бойынша Қазақстандағы Алматы қаласынан кейінгі 2-орында.

Тарихы
Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.
1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды.
1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді.
1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыда Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады
1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді
1998 ж. 10 шілд Қазақстанның жаңа елордасы - Астананың халықаралық тұсауы кесілді
1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды

Қаланың назар аударарлық орындары
Сулы-Жасыл бульвар - Астана орталығындағы жаңа көше.
Ақ-Орда - Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.
Бәйтерек - Астананың басты символы.
Тәуелсіздік Сарайы - мемелекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады
Бейбітшілік пен келісім сарайы - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу үшін арналған ғимарат.
Хан-Шатыр - Астананың ең үлкен ойын-сауық орталығы.

Алматы
1921 жылға дейін - Верный; орта ғасырларда - Алмату (Алмалы) - Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматыда 1 434 755 адам тұрады (2011) . [4] Алматының ЖІӨ 2010 жылы 18. 8 млрд АҚШ долларын, ал жан басына шаққанда 19 мың АҚШ долларын құрап Қазақстанның ЖІӨ бестен бір бөлігін өндіреді
Қаланың аумағы - 170 шаршы километр.

Халқы
Қала тұрғындарының жартысынан көбін қазақтар құрайды. Қазақтардан басқа орыстар, ұйғырлар, татарлар, украиндар және т. б. тұрады. Шетелдіктердің ішінде ең көбі түріктер. Бейресми деректер бойынша халық саны 2 миллионды, ал ресми дерек бойынша Алматыда 1, 3 миллионды құрайды.

Тарихы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz