Балалар мен жасөспірімдер арасында девиантты мінез - құлықты түзету бағытындағы жүйелі жұмыстар


Slide 1

Мерген орта жалпы

білім беретін мектебі.

Бастауыш сынып мұғалімі:

Нигметова Маншук

Ханзадақызы

Slide 2 Slide 3

Тақырыбы: «Балалар мен жасөспірімдер арасында девиантты мінез-құлықты түзету бағытындағы жүйелі жұмыстар. »

Slide 4

Оқушыларды қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Мектептегі әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу.

Мақсаты

Slide 5

Міндеті

Оқушының

жан- жақты

жетілген, өз бетімен

әрекет ете алатын

тұлға болып

қалыптасуына

жол ашу.

Тәуелсіз азамат,

патриот тұлғаны

тәрбиелеу.

Slide 6

Мектептегі педагогтар, психологтар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде сабақтан көп қалатын, тәртібі нашар, білім деңгейі төмен, ашуланшақ, ата-аналар мен ұстаздарды тыңдамайтын, бұзақылықтар жасайтын балалармен жиі кездеседі. Зерттеушілер мұндай оқушыларды «Қиын оқушылар», «Мінез-құлқында ауытқуы бар балалар», «Девиантты балалар» деп қарастырып жүр.

Slide 7

Девиантты немесе қиын балалар деген кім?

«Қиын оқушылар» .

«Мінез-құлқында

ауытқуы

бар балалар»

Slide 8

Балалардың девиантты болуына не немесе кім әсер етеді?

агрессивтілік

физикалық жазалау.

өзін-өзі басқарудың

төменділігі.

жасөспірімнің отбасымен

және құрдастарымен

келіспеушілігі.

әлеуметтік нормаларды

түсіну дәрежесінің

төмендігі.

ата-аналардың

бақылауының

жетіспеушілігі.

отбасының құлдырауы.

Slide 9

өзіндік тәуелсіздік

дербестік

басқаға бағынышты болмау

Жасөспірімге тән қасиет .

Slide 10

Сол себептен, өзінің күш-қуатын, жеке басының мән-мағынасын түсінуге ұмтылыс жасайды. Оны ұғынуға мүмкіндіктерді мектептегі оқу-тәрбие мен еңбек процесіне қатыстарынан байқалады. Себебі, девиантты мінез-құлықты балалар типтік ерекшеліктеріне байланысты тіршілік қиыншылықтарына кезігіп, оны жеңіп шығуға ішкі жай-күйі жол таба алмай әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан қорғалынбайды. Содан девиантты мінез-құлықты бала ешкімге керегім жоқ деген сезімге беріліп кінәны үлкендерге теліп айналасымен жан-жалдасуға, ұрыс-төбелеске бейімделеді. Қажеттіліктің орнын толықтырудың жолы - бос уақытын мақсатсыз пайдалану, мектеп тәртібін ұстамау, заң нормаларын бұзу, қылмыстық істер жасау.

Slide 11

Көптеген зерттеуші ғалымдардың тұжырымдамаларына жүгінсек девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерге тән ортақ қылық - ол ата-аналар мен ұстаздарға қыр көрсету, бір нәрсені өзінше жасау, үлкендердің тілін алмау, жағымсыз жандарға еліктеу, темекі тарту, біртіндеп ішкілікке үйрену, ұрлық жасау тағы сол сияқты болып табылады. Осындай жат қылықтарды елемеу - жасөспірімдерді теріс жолға түсіріп, қылмыс жасауға итермелейді, адамгершілік ардан аластатып, бара-бара қоғамға сүйкімсіз, жеккөрінішті жандар қатарына қосары сөзсіз.

Slide 12

Бірінші топқа жататын девиантты мінез-құлықты

жасөспірімдердің мінез-құлқында дөрекілік, қатігездік,

мейірімсіздік, үлкен-кішіні сыйламау сияқты әдет-дағдылар

толық қалыптаспағанымен, олар іштей өз жүріс-тұрыстары

мен іс-әрекеттеріне баға бере алмайды. Бірақ өз мінез-құлқын

түзетуге талаптанады.

Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерді педагогикалық

мінездемелері жағынан төрт топқа бөлеміз.

Slide 13

Адамгершілік қадір-қасиеттері төмендей бастаған,

әлеуметтік бағдарлары қоғамға жат сыңаймен сипатталады.

Бұлар қатігездік қылықтарымен қатар, ұрлық, тонау,

зорлық-зомбылық жасау, темекі мен наша тарту,

уытты сұйық заттарды иіскеу сияқты

әдеттерге икемдене бастаған.

Екінші топқа жататындар

Бұл топқа тәртібі нашарлаған, құқық тәртібін бұзушы жасөспірімдер жатады,

бірақ бұл балалар әлі бұзыла қоймаған, өз жүріс-тұрыстарын түзетуге мүмкіндік

- қабілеті бар, тек педагог тарапынан басқаруды талап етеді.

Slide 14

Өз мінез-құлықтарын басқара алмай, өзін-өзі тәрбиелеуге

бейімділіктері жоқ жасөспірімдердің шағын тобы жатады.

Қоғамға жат мінез-құлықтары қалыптаспағаны сонша,

олар өздерінің теріс қылықтарына талдау бере алмайтын

жасөспірімдер. Бұл топқа қатігездік, зорлық-зомбылық көрсетумен

қатар ұрлық, тонау, ішімдік және наша тарту істеріне әбден

машықтанған жасөспірімдер енеді.

Үшінші топқа жататындар

Slide 15

Төртінші топқа жататындар

Жүйке ауруларына (невроз, неврастения, кісіні мезі қылатын әдет)

шалдыға бастаған балаларды жатқызамыз. Мұндай жасөспірімдерге

педагог-психологтар мен дәрігерлер

тарапынан дербес қарым-қатынас, ілтипат, сый-құрмет,

жылы лебіз қажет.

Slide 16

Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің тұлғасын

қалыптастыруда жүргізілетін жұмыстар жүйесі

Тұлға дамитын

ортадағы

материалдық

жағдайды

қамтамасыз ету

Жасөспірімдерді

тәрбиелеу.

Slide 17

Девиантты мінез-құлықты түзету жұмыстары

Әлеуметтік және психологиялық қорғалуы

Оқушылардың жеке

дара ерекшеліктерін

ескеру

Оқушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі;

Жасөспірімдердің бос уақыттарын ұйымдастыру

Slide 18

Мінездеме.

Мералиева Элла Евгеневна

Ұлты : орыс .

2 сынып оқушысы

Интернат тәрбиеленушісі.

Сабақ үлгерімі орташа, көп қадағалауды қажет етеді.

Әр нәрсеге тез ашуланады, ұрыншақ. Ұрыс -төбелске бейім.

Сыныптастарымен қарым -қатынасы төмен.

Мінез -құлқында агрессия басым. Сыныптастарымен

қарым-қатынасын түзету . Жеке тұлға қалыптастыру

мақсатында төмендегі жұмыс жоспарымен жұмыстанып келемін.

Slide 19

Девиантты мінез-құлықты түзету бағытындағы

жұмыс жоспары

Жұмыс мазмұны

Айы

Уақыты

1

1. Девиантты мінез-құлықты жеткіншектерді анықтау. А) сынып жетекшілермен әңгіме өткізу.

Б) жеткіншектің мінез-құлқын анықтау. “Аяқталмаған сөйлем” әдістемесі.

Қыркүйек қараша

Slide 20

2

Девиантты мінез-құлықтың алдын алу. “Мен және ұжым” “Мен ең, ең” “Өлең ойыны”. “Шеңбер бойынша сөз тізбегі” ойыны.

Желтоқсан қаңтар.

Slide 21

3

Девиантты мінез-құлықты жеткіншектерді диагностикалау. Психологпен бірге жұмыстану Өзіндік бағасын анықтау. Қақтығысқа арналған тест. “Әлемде жоқ жануар” проективті әдістемесі .

Ақпан

Slide 22

4

Тренингтер мен тест және ойындар жұмыстарын өткізу. 1. Өткізілетін тренингтердің тақырыбы. «Жылы сөз » ойыны “Менің ішкі әлемім” «Алманы жұлып ал » ойыны “Мен өз болашағымды қалай көремін” “Қақтығыс және одан шығудың жолы” “Менің отбасым, менің достарым, біз бәріміз біргеміз” “Өзіңді жағымды тәрбиелеу” “Өзіңе-өзің көмектес”

Наурыз, сәуір.

Slide 23

5

Қорытынды. Жыл бойына жасалған жұмыстардың нәтижесімен таныстыру.

Мамыр

Slide 24

ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТРЕНИНГ

ТРЕНИНГ ЖАТТЫҒУЛАРЫ 1 - кездесу. Сабақтың мақсаты: оқушыларды (қатысушыларды) бір - бірімен және психологиялық тренинг жұмысымен таныстыру, бұдан ары да тренингке қатысуға деген тілектері мен қызығушылықтарын қалыптастыру. Сабақтың құрылымы: 1. Кіріспе әңгіме. 2. Жаттығу «Күтілімдер», «Қалам». 3. Танысу «Есімдердің қозғалысы». 4. қимыл - қозғалысқа бағытталған ойындар 5. Тренингтен күтілетін үміттерін нақтылау

Slide 25

1. Сонымен оқушылар бұрын - соңды тренинг туралы естіген де боларсыздар. Мен сіздерге осы тренингте не іс істейтіндігіміз жайлы айтып өтейін. Мұнда біз ойындар мен жаттығуларды орындаймыз. Кез - келген психологиялық ойынның екі жақты мәні бар. Ол бір қарағанда жай көңіл көтеру секілді болуы мүмкін. Ал екінші жағынан ойын біздің бәрімізге өзімізді, айналамыздағыларды дұрыс түсінуге, тануға мүмкіндік береді.

Кіріспе бөлімі

Кіріспе бөлімі

Slide 26

«Күтім» атты жаттығу орындалады.

Барлық қатысушыға кішкене жапырақ

таза қағаздар беріледі. Ол қағаздарға

олар тренингтен не күтетіндіктерін

тізіп жазады да оны тақтаға апарып

іледі. Жүргізуші бүгінгі кездесудің

соңына қарай жаңағы парақтарды

ашып барлығы бірлесе отырып талдайды.

Бәрі іліп болған соң жаттығу орындалады.

Slide 27

Енді бәріміз «Қалам» атты бой жазу жаттығуын ойнайық. Осы арқылы зерттелушілерде өзара әрекеттестікке деген бағыттылығын байқағымыз келді. Сондықтан да біз социометриялық әдістің көмегімен зерттелушілердің арасындағы тұлғааралық қатынастарды зерттеуге бел будық. Социометриялық зерттеудің шеңберінде респонденттерге белгілі сұрақтарға жауап беру ұсынылды. Соынмен, сұрақтаманың нәтижелері бойынша әрбір оқу тобының оқушылары шартты түрде келесі топтардың біріне жатқызылды.

Slide 28

"Жылы сөз” ойыны.

Мақсаты: балалардың белсенділігін арттырып, эмоциялық қысымды жою. Барысы: Барлық қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы өзінің көршісіне бұрылып қошемет сөз айтады (комплимент) ол оған рахмет айтып келесі адамға жақсы сөз айтады. Ойынды бәрі жылы сөз тыңдап болғаннан кейін тоқтауға болады. Баланың психологиялық көңіл- күйін ескеріп оны қалыпты жағдайда ұстау үшін түрлі жаттылар жасату өз нәтижесін көрсетеді.

Slide 29

“Алманы жұлып ал” ойыны.


Ұқсас жұмыстар
Девиантты балалармен жұмыс
Девиантты мінез - құлық
Девиантты мінез - құлықтың қалыптасу кезеңдері
Девиантты мінезқұлықты балалармен педагогикалық жұмыс
“Девиантты мінез-құлықты баллармен педагогикалық жұмыс”
Девиантты мінез
ӘЛЕУМЕТТІК ДЕВИАЦИЯ ТУРАЛЫ
ӘЛЕУМЕТТІК ДЕВИАЦИЯ
Психологиялық факторлар
Кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық жұмыстың негізгі деңгейлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz