Қазақстандық қарулы күштері патриотизм


Slide 1

Қарулы күштеріміздің

айнасы -

Республика Ұланы

Қаһарман елдердің

қарулы күштері

Жалпы Мақсаттағы

күштер

Шекараны қорғау

күштері

Елбасы Н. Назарбаевтың

қанатты сөздерінен . . .

Елім деп туған -ерлер бар

/ Мақал-мәтелдер/

1. Ән-жыр шашу

2. Астана

Қазақстандық

патриотизм

Патриоттық тәрбие

және Б. Момышұлы

Жігіттер

Қорытынды

Slide 2

Қарулы күштеріміздің айнасы-

Республика Ұланы

Slide 3

ІІ. “Қаһарман елдің қарулы күштері” (кіріспе)

Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін алған соң алдына қиын, бірақ өмірлік маңызды міндет қойылды. Ол - өзінің Қарулы Күштерін құру еді.

1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Кейіннен республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде дербес шешуге көшуіне байланысты, ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Тәуелсіз республиканың заңдық құқықтарының негіздеріне және де Тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты 1992 жылдың 7-мамырында Президенттің Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер өздерінің мүліктерімен қоса республиканың қарауына өтті.

Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын Қорғаныс министрі болды. Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі болып генерал-полковник С. Нұрмағанбетов тағайындалды.

Сөйтіп, Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанын 7-мамырда 1992 жылы заңды түрде бекітті. Бүгінгі күні Қазақстан өз азаматтарының әскери қызмет атқаруының жағдайы мен тәртібін дербес анықтайды, өз аумағында әскерлердің, қару-жарақтың және техниканың орналасу мәселесін шешті.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне - жалпы мақсаттағы күштер, әуе-қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер кіреді. Өз кезегіне қарай қарулы күштер түрлі бөлімдерден және әр түрлі құрамалар мен арнайы әскерлерден тұрады.

Slide 4 Slide 5 Slide 6

Елбасы Н. Назарбаевтың қанатты сөздерінен . . .

1. Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі қазақ халқының сан ғасырлар бойы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр.

2. Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек.

3. Өз мемлекетіміз үшін мақтаныш сезіміне бөленіп, біртұтас отбасы сезімін сезінуге, қазір бүкіл дүние жүзі білетін республика - Туын, Елтаңбасын, Гимнін ардақтап, құрметтеуге тиіспіз.

4. Ел болу үшін ұлттық рух, ұлттық қасиет және ұлтқа деген сенім болуы керек.

5. Елдік те, ерлік сияқты сын сағатта танылады. Ел бірлігі - ең асыл қасиет.

6. Тағдыр қазаққа қырын қарамаған: жер де берген, кен де берген, ел де берген, ер де берген.

7. Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады.

8. Жастарымыз салт-дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретіндей болуы керек.

9. Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!

Slide 7 Slide 8

Елім деп туған -ерлер бар

Ел барда ер қор болмас, ер барда ел қор болмас.

Ел үмітін ел ақтар, ер атағын ел сақтар.

Ел - ырыстың кілті, ер - ырыстың қорғаны.

Ел шетіне жау келсе,

Арыстандай айбарлы батырлардың бары игі.

Елдің ерлігі ерінен танылар,

Елдің байлығы жерінен танылар.

Елдің көркі ерімен, жердің көркі шөбімен.

Отан үшін отқа түс, күймейсің,

Арың үшін арпалыс, өлмейсің.

Отансыз ұл - ормансыз бұлбұл.

Ел даусыз болмас,

Ер жаусыз болмас.

Атадан ұл туса игі,

Ата жолын қуса игі.

Ердің туы - намыс.

Адал ұл ер боп туса - ел тірегі.

Шешен сөз бастар,

Батыр қол бастар.

Еліңді сүйсең, ерлік істейсің.

Елдің көркі елімен,

Отан көркі жерімен.

Батырға оқ дарымайды,

Батылға жау жоламайды.

Шын ер жеңсе - тасымас,

Жеңілсе - жасымас.

Батылдықты айт, ерлікті айт,

Батырлықты айт, бірлікті айт.

Slide 9

Қазақстандық патриотизм

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,

Көшінің соңы болады

Қазыбек би

Slide 10

Патриоттық тәрбие және Б. Момышұлы

Ата мекен жер үшін,

Қасиетті ел үшін,

Әзиз ана, қарт ата,

Ботакөз сұлу қарындас

Күң, құл бомасын, -

Б. Момышұлы

Slide 11 Slide 12

Мектеп түлегі түрлі салада

Ахметов Қуантай Қайырмағанбетұлы 1977 жылы

2 наурызда дүниеге келген.

1984 жылы І. Үргенішбаев атындағы №40 орта мектебінің табалдырығын аттап, 1992 жылы Ақтөбедегі қазіргі М. Құсайынов атындағы дарынды балалар мектеп -интернатына физика-математика пәні бойынша тереңдетіп оқитын мектепте оқыды. Осы мектепті 1994 жылы бітіріп шықты.

1996 жылы әскери борышын өтеуге Қазақстан Республикалық Ұланға түсті. Содан осы уақытқа дейін Республикалық ұланда “Ұлан” батальонында 2 комендатурада

1 взвод орынбасары -қарауыл бастығы міндетін атқарып жатыр.

Slide 13 Slide 14

Жанұясы

Slide 15 Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Қарулы күштеріміздің айнасы - Республика Ұланы
Қазақстан Республикасы Армиясының әскери атақтары
Тәуліктік кезекшілік
Шабуыл жасаспау туралы
Патриотизм
Қазақ халқындағы азаматтық патриоттық тәрбиенің ерекшелігі
Қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім туралы ақпарат
Туған жері
Азаматтық, қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім
Қарулы Күштерінің жарғылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz