Ауа - өмір өзегі


Slide 1

Ауа-өмір өзегі

Slide 2

Мақсатым: Ауаның адам өміріндегі маңыздылығын, ауасыз тіршілік жоқ, таза ауа адамзат денсаулығының кепілі, ауасыз-өмір жоқ екендігін дәлелдеу.

Slide 3

Міндеттерім: 1. Ғылыми деректерге сүйене отырып, ауаның қасиеттері мен құрамын зерттеу; 2. Ауаның адам өміріндегі маңызын білу; 3. Таза ауаны қайдан аламыз? 4. Менің ауа тазалығына қосар үлесім;

Slide 4

Өзектілігі: - Жер бетінде ауа қалай таралған? - Айналамызды ауа қоршап тұрғанын қалай білуге болатынын түсінгім келеді. -Ауаның құрамын білгім келеді. -Ауаны қалай тазартуға болады? Ол үшін не істеу керек?

Slide 5

Болжам: Егер мен дүниетану пәнінен алған білімім негізінде қарапайым зерттеулер жүргізе отырып, кез келген жерде, қуыстарда ауа болатындығын білсем, оның қасиеттерін, қолданылатын жерін қажеттілігін түсінемін. Ауаны ластауға жол бермеу жұмыстарына қатысып өз үлесімді қосамын.

Slide 6

Егер ауа болмаса, әлем меңіреу тыныштыққа бөленер еді. Дыбыстың өзі-ауа бөлшектерінің толқынды қозғалысы. Аспанның көгілдір түсті болып көрінуі де күн сәулесінің ауаға сіңуінен. Ауасыз атмосфераның түсі де басқаша болып көрінері сөзсіз.

Slide 7

Ауа жер шарын тегіс қоршап қабат түзеді. Оның қалыңдығы бірнеше жүз километрге жетеді. Бұған қарасақ біз газдан тұратын ауа мұхитының түбінде өмір сүреміз. Ауа бірнеше қабаттан тұрады. Жерге жақын бөлігінде су буы болады. Одан түрлі бұлттар түзіледі. Ауа мен Жер арасындағы зат алмасуы, жауын-шашынның болуы осы төменгі қабатқа байланысты жүреді. Келесі екінші бөлігінде газдар сирейді, бұлттар түзілмейді себебі су буы аз болады. Үшінші сыртқы бөлігінде ауа құрамындағы газдар одан әрі кеміп, ауасыз кеңістік басталады.

Slide 8

Күндіз ауа қабаты күн сәулесін шашыратады, сондықтан Жер бетін жылытады. Ал түнде күн көкжиектен батқан кезде оны көзге көрінбейтін көрпемен қымтағандай болады. Ауа қабаты-Жердің қорғанышы. Ол жерді қатты ысып және суып кетуден сақтайды. Ауа қабаты болмайтын Айда күндізгі температура+120, түнгі температура -160 градусқа жетеді. Жердегі ағзалардың ешқайсысы мұндай температураларда тіршілік ете алмас еді. Бұл ауа қабатының тіршілік үшін бір пайдасы. Екінші пайдасы- ғарыштан келетін аса өткір күйдіргіш сәулелерді жібермей ұстап қалатындығы. Адам тамақ ішпей айдан аса уақыт, сусыз бірер апта,, тіршілік етсе, ауасыз бірнеше минут қана өмір сүре алады[58] .

Slide 9

1-сарамандық жұмыс: Қолымызға бір парақ қағаз алайық немесе алақанымызбен желпіп көрейік бетімізге жел лебі келеді яғни бізді ауа қоршап тұр деген сөз.

Slide 10

2-сарамандық жұмыс Бос стақанды алып, оны суы бар ыдысқа төңкерейік, бос стақанға су кірмейді. Егер стақанды сәл қисайтсақ оның ішінен ауа көпіршіктері шығады да, оның ішіне су кіре бастайды. Басқа да кез келген заттарда ауаның болу-болмауын стақандағы суға топырақ, кірпіш сынығы, ағаш, қант тағы сол сияқты заттарды салсақ одан шыққан ауа көпіршіктерін байқаймыз. Демек, бос заттардың қай-қайсысында да қуыстарының ауаға толы болатынын дәлелдейміз. Аңдардың жүнінің, құстардың мамығының арасында да ауа бар, сондықтан олар суықта тоңбайды. Адамдар қыста жүннен тоқылган немесе теріден жасалған киімдер киеді себебі олардың жүндерінің арасындағы ауа адам денесінің жылуын өткізбей сақтап тұрады да сол себепті тоңбайды.

Slide 11

3-сарамандық жұмыс:

Стақанға ернеуінен шүпілдете су құйып, оның бетін қағазбен жауып, қағаздың сыртынан алақанмен басып, төңкеріп соңынан қолды алса, стақандағы су төгілмейді.

Оның себебі сыртқы ауа стақанға қысым түсіреді, судың қағазға түсірген қысымы сыртқы қысымнан кем болады да, қағаз стақанның ернеуіне жабысып тұрады[71] .

Slide 12

Ғалымдардың анықтамасы бойынша ауа құрамы мынандай газдардан тұрады:

газ аттары

Көлемі %

Салмағы %

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Азот

Оттегі

Аргон

Көмірқышқыл газы

Гелий

Неон

Крипон

Озон

Радан

сутегі

78, 10

20, 93

0, 993

0, 03

5, 10

1, 810

1, 10

1, 10

6, 10

5, 10

75, 51

23, 15

1, 286

0, 04

7, 10

1, 2

3, 10

-

-

3, 10

Slide 13

Тіршілік үшін аса қажетті оттегі ауаның үштен бір бөлігінқұрайды. Көмірқышқыл газының ауадағы үлесі оттегінен 700 есе аз. Ауа қоспасындағы ең көп газ-азот. Ол ауның үштен екі бөлігін алып тұрады, яғни 78%-ы азот, 21%-ы оттегінің үлесінде.

Slide 14

Өсімдіктердің оттегін шығарып көмірқышқыл газын сіңіретіндігін мынандай сызбамен көрсетуге болады.

Ауадағы көмір

Қышқыл газы

адам

Өсімдік

қоректенеді

оттегі

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Қалқымалық - балық денесінің тығыздығының судың тығыздығы арасындағы қатынасы
Тері астындағы май
Самай сүйегі
Шәкәрім Құдайбердіұлы философиясы
Асқорыту мүшелері
Аналь ішек
Тоқ ішектің соңғы бөлімі - тік ішек
Қарын - іші қуыс қалың бұлшықетті мүше
Тыныс алу аппаратының және зәр бөлу мүшелерінің жүйесі
Чаадаевтің орыс тарихи либералдық материализмі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz