Туған жері



Аты-жөні: Жұмағазиева Бибінұр
Шалекейқызы
Туған жері: БҚО Жәнібек ауданы
Туған күні: 27. 11. 1974
Білімі: Жоғары
Бітірген оқу орны: БҚМУ 1996 ж.
Мамандығы: Қазақ тілі және әдебиеті
Санаты: І санат
Еңбек өтілі: 15 жыл
Жұмыс орны: Федоров қазақ ЖОББМ
Пән мұғалімін тану беті

Қазақ халқының әдеби мұралары - Қазақстандық
патриотизмге тәрбиелеудің негізі
Бүгінгі күні жеке тұлғаны Қазақстандық патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу білім беру ұйымдарындағы көкейкесті мәселе болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу - мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы” - деген Елбасымыздың сөзіне үңілсек, онда Қазақстан мемлекетінің егемен ел болып қалыптасып, дербес мемлекет болуы және өркендеп гүлденуі мұғалімдердің еңбегіне байланысты екенін көруге болады. Жастарға патриоттық тәрбие берудің бағдарлы идеяларын Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан - 2030 ” атты еңбегінің “Қазақстан мұраты” деп аталатын бөлімінде: “…біздің балаларымыз бен немерелеріміз… бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады” - деп, үлкен үміт артты. Егемендік алған бастапқы күндерден-ақ патриотизм ұғымы, оның мазмұны төңірегінде пікірталас жүріп келеді. Одан “ұлттық патриотизм”, “қазақстандық патриотизм” деген екі ұғымның туындағаны белгілі
“Қазақстандық патриотизм” деген ұғымды - педагогика ғылымдарының докторы, профессор А. Құсайынов: “Қазақ елін шексіз сүю деп түсінемін”, - дей келе, “Отан сүю” сезімі - халқының келешегі үшін күресумен, ол үшін аянбай еңбек етумен етене қабысып жатқан сезім, Қазақстанның келешегі үшін ақ жүрек, адал ниетпен қандай салада болмасын өз шама-шарқы келгенше аянбай еңбек етуді мен Қазақстандық патриотизмнің бүгінгі шынайы көрінісі дер едім”, - дейді. Қазақстандық патриотизм ұғымының жалпы патриотизм ұғымынан алыс кетпейтіні, бұл жерде өз алдына дербес мемлекет атанған іргелі елдің өз құндылықтары бар екендігі, жас ұрпақтың сол құндылықтар негізінде тәрбиеленуі қажеттігі ескеріліп отырғаны анық.

Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің
жалпы негіздері
Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің
педагогикалық негіздері
Ұлттық салт-дәстүр,
әдет-ғұрып
Этнопедагогикалық
тәрбие
Мемлекеттік
рәміздер
Қазақстан халқының
бірлігі мен тұтастығы
идеясы
Тұлғаның
патриоттық
сана-сезімін
қалыптастыру
Патриоттық
іс-әрекетін
ұйымдастыру
Мінез-құлқына
патриоттық
сипат беру
Қазақ халқының
әдеби мұралары

Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудегі ролі ерекше
қазақ халқының әдеби мұралары
1. Батырлар жыры және көне түркі жазба ескерткіштері (Күлтегін, Білгеқаған, Тоныкөк, т. б. )
2. Ұлы дала ойшылдары (Қорқыт Ата, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, т. б. )
“Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді”-деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патриотизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден-ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатындығын көрсетеді.
Кедей халықты бай қылдым, Аз халықты көп қылдым… Түркі иелігінен айырылған халықты Ата-баба мекеніне орнатты… - делінген, бұл жерде патриотизм - халықты көбейту, байыту үшін еңбек ету, ата-мекеніне ие болып отыру жолында жан аямау, діл бірлігін қорғау екендігін көруге болады.
Туған жерге деген ыстық сезім, атамекенге деген құрмет пен қадір қасиет тұту,
Ұлы далаға сүйіспеншілік, сол далада туғаны үшін мақтаныш сезім -патриотизмнің жарқын көрінісі.

4. ХІХғасыр І жартысы. Махамбет Өтемісұлы
5. ХІХғасыр ІІ жартысы және қазақ ағартушылары(Шоқан, Абай, Ыбырай, Шәкәрім)
Халқының табиғаты, әлеуметтік жағдайы, тұрмыс-тіршілігін айта білу де -патриотизм көрінісі Ш. Уәлиханов”Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай, мен ең алдымен өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртым, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстарын, Ресей жұртын қадірлеймін.
Яғни, Париотизм -халықаралық мәдени қатынастардың да негізі екендігін ұғындыру.
Абай “Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп”-ешкіммен де жауласпай, тату-тәтті өмір сүру-ел тыныштығы
Халқын бақытқа жеткізу идеясы. Исатай бейнесі, халық ерлігі, күрескерлік рух
3. Ақын-жыраулар шығармашылығы(Бұқар, Шалкиіз, Ақтамберді, Шал ақын, т. б. )
Негізіг идея- халықтың береке-бірлігін, Отанға адалдығын сақтау, намысты қолдан бермеу, өз Отанын жаудан аянбай қорғау-қазақ баласының қаситетті борышы.
Жауға шаптым ту байлап
Шепті бұздым айғайлап.
Дұшпаннан көрген қорлыққа,
Жалынды жүрек қан қайнап
Ел-жұртыңды қорғайлап, Өлімге жүрміз бас байлап. Шал ақын

6. Алашорда қайраткерлері А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев,
С. Торайғыров, Т. Рысқұлов, Ә. Бөкейханов, М. Шоқай)
Отанға пайдалы азамат болуға, өз алдына тәуелсіз ел болуға үндеу, сауатты, салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу . “Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты”
А. Байтұрсынов: - Қазағым елім! Қайқайып белің, Сынуға тұр таянып. Талауда малың, Қамауда жаның, Аш көзіңді оянып… - десе, М. Дулатов: “Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты” - дейді. Ал. С. Торайғыров: Қараңғы қазақ көгіне Өрмелеп шығып күн болам! Қараңғылықтың кегіне, Күн болмағанда кім болам? - деп, жастарды өнер-білім алып, жарыққа талпыну Отанға пайдалы азамат болу екендігін сан қайталап еске салады. Алаштың осы - біртуар ұлдарының бұратана халық болмаймыз, өз алдымызға тәуелсіз ел боламыз деп қазақ елі, қазақ жастарына қалдырған өсиеттері өз иесіне енді-енді ғана жетіп жатыр.
7. Ұлы Отан соғысы тақырыбы және Бауыржан Момышұлы
Б. Момышұлының анықтамасы бойынша ұлттық патриотизм мыналардан тұрады:өз халқына сүйіспеншілік, өз халқымен
қан жағынан байланысын сезіну, шыққан тегін сезіну, тұрып жатқан өлкесі, ана тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, тарихи дәстүрі,
психологиялық ерекшелігін сақтап, дамытуға, оны өз ұрпақтарына өткізіп беруге бейімділік.

Қазақ халқының әдеби мұралары - Қазақстандық патриотизмге
тәрбиелеудің негізі немесе қазақ халқының патриоттарының
бейнесі арқылы Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу
Кеше
Бүгін
Қалыптасқан ұғым бойынша елін, жерін сүйіп, соған шексіз берілген адамды әдетте “патриот” дейміз. “Патриотизм”деген гректің “отандас, Отан, туған жер”деген сөзі.
Патриот-Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар кұш-жігерін, қабілетін аямайтын адам
“Қазақстандық патриотизм”-қазақ елін шексіз сүю. “Отанын сүю” сезімі- халқының келешегі үшін күресумен, ол үшін аянбай еңбек етумен етене қабысып жатқан сезім, Қазақстанның келешегі үшін ақ жүрек, адал ниетпен қандай салада болмасын өз шама-шарқы келгенше аянбай еңбек етуді мен Қазақстандық патриотизмнің бүгінгі шынай көрінісі дер едім”, -дейді педагогика ғылымдарының докторы, профессор А. Құсайынов.
Қазақстандық патриотизм ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді.

Әдеби мұраларды оқыту арқылы
патриотизмге тәрбиелеу әдістері
Жырды, өлеңді міндетті
түрде дауыстап мәнерлеп,
мақамдап, өр рухпен терең
түсініп оқу
Шығарманы тарихи
оқиғамен тұтастықта
қарастыру, тарихи
деректерге негізделген
шығарма реализмін ашу
Кейіпкер бейнесін ашу,
талдау, салыстыру, жыр
идеясымен байланыстыру
Шығарманың негізгі
идеясын танытатын
үзінділерді таңдап
таба білу
Батырдың қамқоршылары-
ақылды жар, адал дос,
сенімді серігі-
тұлпарларының
бейнесі не үшін
берілген -тақырыпты
ашуға жетелеу
Жыр немесе ақын
шығармашылығы
бойынша ой-толғау
жаздырту

Оқушы батырмен бірге айқасқа, майданға кіргендей
жеңіске жеткенде бойын мақтаныш сезім билегендей
жеңіс қуанышы мен жеңіліс күйінішін бірге кешкендей
кейіпкермен бірге қиналып, бірге қуанғандай әсер алу
Күтілетін нәтиже:
Тарихыңды зерделе, аға ұрпақтың саған деген аманаты-
ерлік, тәрбие алар сәтіңді бос жіберіп, қапы қалма

Батырлар бойындағы:
Ірілік
Турашылдық
Өршілдік
Адамгершілік
Күрескерлік,
Шамшылдық
Намысқойлық
Өжеттілік
Батылдық
Батырлық
Ерлік
Ел болашағына алаңдау
Елдің амандығын, жердің бүтіндігін тілеу
Озбырлыққа, әділетсіздікке,
отаршылдыққа қарсы шығу
Ел, жер тағдырын ойлау
Жат пиғылды сынау
Ағарту жолында еңбек ету
Елін, халқын сүю
Ұлы ойшылдар мен ағартушылар
бойындағы:
Жақсылыққа үндеу
Ертеңгі күнге сенім арту

толғаныс
Беделді топ-іздену
бағытында
Бейім топ-салыстыру,
байланыстыру
Ынталы топ-оқу,
жаттау
Жаңа тақырып бойынша оқушылар қызметі:
өзара сын
пікіралысу
Үй тапсырмасы бойынша оқушы қызметі

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz