Алғашқы адамдардың пайда болуы, еңбек құралдары және тас дәуірінің кезеңдері

Алғашқы адамдардың өмірі мен еңбек құралдары
Адамның пайда болуы
Жер бетінде ең алғашқы адамға ұқсас тіршілік иелері осыдан 2, 5-3 млн жыл бұрын Азия мен Африкада өмір сүргпен. Тарихта оларды “гоминидтер” деп атайды
1974 ж. америка археологтары Шығыс Африкадан осыдан 2, 5 млн жыл бұрын өмір сүрген адам қаңқаларын тапты. Оны “австралопитек” деп атады. Латын тілінен аударғанда “астрало”-оңтүстік, “питек”-маймыл-адам.
Гоминидтерден айырмашылығы-қолдары дамыған, бас бармақтары мықты. Гоминидтерден австралопитектердің тағы бір айырмашылығы жанынан табылған тас құралдарында.
Олдувай-Шығыс Африкадағы австралопитек қаңқалары табылған жер. Оны археолог Эванс тапқан. Ғалымдар бұл адамдардың дене тұрпаты мен тас құралдарына қарап, оларды «хомо хабилис»-епті адам деп атады.
«HOMOHABILIS» «Епті адам»
Тас ғасыры
Аң аулау және терімшілік
От жағуды, ағаш, тас құралдарын, аң терілерін пайдалана білген.
Палеолит
“палайлос” - ежелгі “литос” - тас.
Б. з. б. 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрген
Жаңа еңбек құралдары:найза, гарпун, кескіш
Осыдан 40-35 мың жыл бұрын «саналы адам» («homo sapiens») қалыптасты
Дене бітімі, түр-тұрпаты, ойлауы қазіргі адамға өте ұқсас болды. Оның сүйектері Францияның Кро-Маньон үңгірінен табылғандықтан, солай аталған.
Жаңа еңбек құралдары пайда болды:
Ине және пышақ
Өнер пайда болды
Кроманьон адамы
Тастан жасалған еңбек құралдары
Петроглифтер
Мезолит (орта тас ғасыры) («месос» - орта, «литос» -тас)
Мезолит кезеңі адамдардың көптеген жаңа жерлерді игеруімен ерекшеленеді. Бұл кезде Еупазияның Қиыр шығысы, Америка құрлығы адамдар игілігіне айнала бастады.
Жаңа құралдар: бумеранг, садақ пен жебе пайда болды. Мал шаруашылығы мен егіншіліктің алғашқы белгілері пайда бола бастады.
Неолит -жаңа тас ғасыры: неолит революциясы.
Неолиттің басты жаңалығы-балшықтан ыдыс жасау және егіншілік пен мал шаруашылығы пайда болды. Тас өңдеу әдістері дамып, жоғары дәрежеге жетті. Екі түрлі материалдан жасалған құрамалы құралдар шықты
Егіншілік пен мал шаруашылығы пайда болды.
Егін шаруашылығы:
Энеолит (мыс-тас ғасыры)
Бұл кезеңде адамдар металлды игере бастады.
Еңбек бөлінісі пайда болды
Аталық рулық қауым үстем бола бастады.
Рулық қауымдық құрылыс
Назарларыңызға рахмет!!!