1 сынып оқушыларына арналған Аяулы анашым: 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған тәрбиелік сағат


Slide 1

Аяулы анашым

Slide 2

Мақсаты:

Оқушыларға ана пейілі мен махабатын сезіндіру, ананы ардақтай білуге тәрбиелеу.

Оқушылардың бойына ананы сыйлауға, құрметтеуге, өнеге тұту сияқты қасиеттерді қалыптастыра отырып, үлкенге ізетті болуға тәрбиелеу.

Slide 3

Мектеп үшін ата-аналар бөлексіздер,

Мектеп үшін қашанда керексіздер.

Ата-аналар ардақты абзал жандар,

Ұстаздармен қашанда біргесіздер.

Ана десем алғыс алам халқымнан,

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабағым,

Ана десем әділдікті ұғамын.

Біз ғана емес

Қадір тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар.

Slide 4

Құрметті Ұстаздар, ата-аналар, қыздар сіздерді алда келе жатқан 8-наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтаймыз. Халықаралық әйелдер - қыздар мерекесі құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке, бірлік, дендеріңізге саулық тілей отырып, 1 сынып оқушыларының дайындаған

«Аяулы анашым»

атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Slide 5

Жоспары:

І. “Жұмбақ” шешу.

ІІ. “Бүлдіршіндеріміздің әжелеріңе, аналарыңа арнаған тақпақтары”.

ІІІ. Хор “Құттықтаймын ана туған күніңмен”.

ІV. “Аялы алақан” ойыны.

V. “Бала жүрегі”.

VІ. Ата - ана тілегі.

VІІ . Қорытынды.

Slide 6

Бала, бала, бала деп

Түнде шошып оянған .

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған,

Бұл кім?

Ана, Ана, Ана.

Жұмбақ

Slide 7

Асыл аналарымызға арнаған бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына кезек берейік.

Slide 8

* Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым, күнім» дейтін.

* Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі.

Маған айтып береді.

Slide 9

* Мен гүлдерді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын.

Айтқан сөзін тыңдаймын.

Анашымды сыйлаймын!

* Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Мәпелеген ақ әжемді,

Жүрсем деймін шаттандырып.

Slide 10

* Мен гүлдерді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын.

Айтқан сөзін тыңдаймын.

Анашымды сыйлаймын!

* Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Мәпелеген ақ әжемді,

Жүрсем деймін шаттандырып.

Slide 11

Нұрын төккен маған

Шуғымсың -сен!

Айналайын анам,

Қуанышыңмен!

Шаттандырған мені,

Жұбанышым- сен!

Құттықтаймын сені,

Туған күніңмен!

Аялаған мені,

Ән қанатымен!

Құттықтаймын сені,

Салтанатыңмен!

Бақытты ғой заман

Қандай көңілді.

Мен тілеймін саған .

Ұзақ өмірді!

"Құттықтаймын ана,

туған күніңмен!".

Хор:

Slide 12

Жүректен-жүрекке

Slide 13

Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың күн нұры тастай мұзды да жібітеді.

Шарты: Ортаға үш ананы шақырамыз. Көздерін байлап, топ баланың ішінен өз баласын тауып алуды ұсынамыз.

"Аялы алақан" ойыны

Slide 14

Балалар, сендерге көктем көп гүлдерді сыйлыққа алып келіпті.

Қазір біз «Гүл теру » ойынын ойнаймыз.

Енді балалар әжелерімізге, ата-аналарымызға арнап, еңбекке баулу сабағында жасаған тілек жазылған сыйлықтарымызды тарту етеміз.

« Бала жүрегі »

Slide 15

Сәулелі сөз сөне ме ?!

Орны бөлек батаның.

Бізге тәлім, өнеге-

Ақ тілеуі атаның, - деп ата-аналарымызға сөз кезегін берейік.

Ата-ананың тілегі

Slide 16

Қорытынды

Балалар анамызды құрметтейік,

Көңілін ешқашанда кірлетпейік.

Сабақты жақсы оқып, тәртіпті болып,

Орынсыз ренжітіп, үндетпейік.

Slide 17

Сіздердің отбасыларыңызға тек жақсылық тілеймін. Қыздарыңыз қызғалдақтай құлпырып, ұлдарыңыз ізгі армандарыңызды орындай берсін!

Жанұяның тірегі әке болсын,

Шаңырақтың шуағы ана болсын.

Бар тілекті арнайтын балаңызға,

Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын.

Slide 18

Уақыт бөліп,

келгендеріңізге

көп-көп рахмет!


Ұқсас жұмыстар
8 наурыз: Халықаралық әйелдер күні және ананың рөлі
8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні: тарихы, маңызы және қоғамдағы рөлі
8 наурызға арналған ана тақырыбындағы тәрбиелік-танымдық ертеңгілік сабақ жоспары
Құқық бұзушылық пен жауапкершілік: оқушыларға арналған құқықтық-тәрбиелік сағат
8 наурыз: Ана мәртебесі, мерекенің тарихы және тәрбиелік мақсаттары
8 наурыз: аналар мерекесінің тарихы, тәрбиелік және мәдени маңызы
Бастауыш сынып оқушыларына арналған көркем жазу дәптері: каллиграфиялық талаптар мен жаттығулар
Жоғарғы сынып оқушыларына арналған елтану: мультимедиялық көрнекі құралдардың құрамы мен тиімділігі
Бастауыш сынып оқушыларына арналған денсаулықты сақтау және алкоголь, темекі мен есірткіге қарсы тәрбиелік іс-шара
1 Желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне арналған тәрбие сағаты: Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz