Механикалық кезең


Slide 1

№123 Т. Жүргенов атындағы дарынды балалар мектебі

7 сынып

Информатика пәнінің мұғалімі: Қасымбекова Алтынай

Slide 2

Механикаға дейінгі кезең.

Механикалық кезең.

Электромеханикалық кезең.

Электронды кезең.

Slide 3

Есептеу құралдары пайда болмай тұрып, адамдар әртүрлі есептеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктерін іздеді. Бұл үшін олар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды. Сондай-ақ олар есептеу үшін үйілген, қатарлап тізілген тастарды да қолданған.

Механикаға дейінгі кезең.

Slide 4

Заттардың саны жерге сызған сызықшалармен, ағаш таяқшаларда жасалған кертіктермен немесе жіптерге түйілген түйіндермен есептелді.

Slide 5

Ал қазақ халқының санау жүйесінде ұзындықты өлшеу үшін қарыс, сүйем, елі түсініктері пайдаланылды. Біздің халқымыз өздерің білесіңдер төрт түлікке бай. Төрт түлігінің санын бір қора қой, бір табын сиыр, бір үйір жылқы деген сөздерді пайдаланын нақты санын біліп отырған.

Slide 6

Ең ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы есепшот болып табылады. Есепшоттың пайда болған уақытын осы кезге дейін ешкім айта алмайды. Деректерге қарағанда есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Грекия болуы да мүмкін.

Slide 7

Бұл санау құралын Гректер «абак» деп атаған . Оны мраморлы тақтаны ойып оған дөңгелек тастарды орналастыру арқылы жасаған.

Ал Қытайлықтар есепшотты «суан-пан» деп атаған. Ол ағаштан жасалған және ортасына керілген таяқшаларға дөңгелек тастарды жылжыту арқылы есептеу жүргізген.

Жапондықтар болса «серобян» деп атаған. Ол Жапон еліне XV - XVI ғасырларда келген.

Slide 8

Есепшот Ресейде XVI-XVII ғасырда пайда болған. Оның өзгертілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді.

Slide 9

XVII ғасырдың басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм түсінігін енгізді және өзінің логарифм кестесін жариялады. 1761 жылы ағылшын оқымыстысы Д. Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышын жасады. Логарифм сызғышы инженерлердің бірден -бір есептеуіш құралы болып келді.

Slide 10

2. Механикалық кезең.

1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды.

Slide 11

1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдің идеясын дамытып өзінің механикалық есептеу машинасын -арифмометрді құрастырды. Арифмометр қазір әр оқушының қолында жүретін калькулятордың негізін салды.

Slide 12 Slide 13

Есептеуіш техникасының қарқындап дамуы XIX ғасырдан басталды. Адамның қатысуынсыз есептеулерді орындайтын құрылғының авторы ағылшын оқымыстысы Чарльз Бэббидж еді, сондықтан көптеген адамдар оны қазіргі компьютердің атасы деп атайды.

Slide 14

1833 жылы ол программа арқылы басқарылатын “Аналитикалық машина ” жобасын жасады. Дүние жүзі бойынша алғашқы болып, 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс бірінші программист деп саналды.

Slide 15

3. Электромеханикалық кезең.

ХІХ ғасырдың соңында американдық Герман Холлерит есепші-перфорациялық машина құрастырды. Перфокарталар программаны көрсету үшін емес, сандық ақпараттарды сақтау үшін қолданылды.

Slide 16

ХХ ғасырдың 1-жартысында радиотехника қарқындап дамыды. Радиоқабылдағыштар мен радио арқылы хабар беретін құралдардың негізгі элементі - электронды-ваккумды лампалар болды. Бірінші электронды есептеуіш машина 1946 жылы АҚШ-тың Пенсильван университетінде жасалды, оны ENIAC деп атады. 1946 жылы Американ математигі Джон Фон Нейман өз мақаласында ЭЕМ-ның жұмысы мен құрылымының принциптерін баяндады. Мақалада баяндалған идеялар “Джон Фон Нейманның ЭЕМ архитектурасы” деп аталды.

4. Электронды кезең.

Slide 17

Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ 1947-1948 жылдары академик Сергей Алексеевич Лебадевтің басшылығымен жасалды, оны МЭСМ деп атады.

1960 жылдан бастап бұрынғы Кеңестер Одағында екінші буынды ЭЕМ -дер шығарыла бастады. Олар: М-220, БЭСМ-3, Урал-11, Урал-13, Минск-22, Минск-32, т. б.

Slide 18 Slide 19 Slide 20

1970-1980 жылдары АҚШ-тың IBM фирмасы дербес компьютерлер шығару бойынша дүниежүзілік нарықта жетекші фирма болып саналады.

Ал 90-жылдардың басынан бастап APPLE Corporation фирмасының Macintosh маркалы компьютері көпшілікке таныла бастады.

Slide 21

Қазіргі кезде көптеген елдерде бесінші буындағы ЭЕМ-ді жасау ісі қолға алынуда. Бұл машиналар кәдімгі адам сөйлейтін тілге жуық тілді түсінетін, яғни “жасанды интеллект” ЭЕМ-дері болуы керек. Бұл идея толығымен іске асқанда, ЭЕМ-ге кәдімгі сөзбен мәселені түсіндіріп айтасың, мәселені (есепті) шешетін болады.

Slide 22
Ұқсас жұмыстар
Билирубин алмасудың бұзылыстары. Гемолиттік сары ауру
Материалық нүкте.Қозғалыс траекториясы.Жол
Бауырдың биохимиясы және хромопротейдтердің алмасуы Билирубин алмасуының бұзылыстары. Сары аурулардың түрлері және олардың диагностикасының тәсілдері
Ғылыми революциялар
Дененің механикалық энергиясының өзгерісі атқарылған жұмыстың шамасына тең
Баку мұнайы 1917 жылға дейін
Потенциалдық және кинетикалық энергия
Биотехнологиядағы лапаротомия әдісі. Жануарлардың репродукциялық клеткаларын зерттеудің витальдық әдісі
Ертедегі есептеуіш техника
Ақпараттық технология құралдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz