Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің жарғылары: құрылымы мен негізгі талаптары


Slide 1

Тақырыбы: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің

жарғылары .

Өткізген: АӘД пәні мұғалімі Сақыпқалиев Б. Ш.

Slide 2

Оқу-тәрбиелік мақсаты:

А) Оқушыларға Қазақстан

Республикасының қарулы күштерінің

жарғылары туралы толық түсінік

қалыптастыру, ұғындыру;

Б) Әскери кәсіптік біліктілігін арттыру,

ойлау, сөйлеу мәнерлерін дамыту.

В) Өз Отанының патриоты болуға, достық

қарым-қатынастарын нығайтуға,

ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Slide 3

1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің түрлері мен олардың тағайындалуы туралы айтыңдар.

2. Қазақстанның қазіргі армиясы дегеніміз не?

Slide 4

Танк әскерлері дегеніміз не?

Slide 5

Әуе қорғаныс күштері қандай қызмет атқарады?

Slide 6

Әскери теңіз күштері туралы не білесің?

Slide 7

Сабақтың тақырыбы:

“Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғылары”

Slide 8

Жарғы туралы түсінік

- Жарғы туралы Қазақстан тарихында қандай ұғымдар бар?

Slide 9

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары жеке құрамды тәрбиелеу мен оқыту негіздеріндегі әскери қызмет заңдарының жиынтығы болып табылады.

Жарғылар әскерилердің өмірі мен күнделікті қызметін, тұрмысының барлық жақтарын қатаң және нақты түрде белгілейді, әскердегі белгіленген тәртіптің, ұйымдастырушылық, әскери тәртіптілікті ұстап тұру мәселелеріне анық нұсқаулар береді.

Slide 10

Қазіргі кездегі жарғыларда Ұлы Отан соғысының тәжірибесі, Кеңестік Қарулы Күштерін қалыптастырудағы көп жылдық тәжірибелер есепке алынған.

Жарғылар ережесі Қазақстан Республикасы азаматтары моральдық кодексінің адамгершілік принциптерімен тығыз байланысты.

Қазақстан Ресупбликасы Қарулы Күштерінің әскери жарғылары Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 қарашадағы №4156 Жарлығымен бекітілген.

Slide 11

Қазақстан Республикасы

Қарулы Күштерінің жалпы әскери

жарғысы

ҚР ҚК

Ішкі қызмет

жарғысы

ҚР ҚК

Саптық

жарғысы

ҚР ҚК

Тәртіптік

Жарғысы

ҚР ҚК

Гарнизондық және

қарауылдық

қызметтерінің

жарғысы

Slide 12

Ішкі қызмет жарғысы

Әр түрлі санаттағы әскери қызметшілердің жалпы және лауазымдық қызмет міндеттері олардың бастықтар мен бағыныштылар арасындағы қарым - қатынасты, бұйрықтар беру мен орындалу тәртібін, әскери сыпайылық ережелері мен жеке құрамның мінез - құлқын анықтайды. Осы жарғы ережелеріне сәйкес жеке құрам орнатылады, күн тәртібі белгіленеді. Әскери қызметшілерге медициналық қызмет көрсету, бөлімнен олардың сейілге шығуы, дабыл бойынша шақыру ұйымдастырады.

Slide 13

Тәртіптік жарғы

Әскери тәртіптілік мәні, армиядағы белгіленген оның негізгі талаптары, реті, көтермелеулер мен сөгіс жариялаудың түрлері, бастықтар мен командирлердің құқықтары баяндалады. Сондай - ақ, әскери қызметшілерден келіп түскен арыз шағымдарды, ұсыныстарды қараудың реті мен мезгілін, оларды жүзеге асырудағы командирлердің міндеттерін де қарастырады.

Slide 14

Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы

Гарнизондық және қарауылдық қызметтерді тағайындау мен ұйымдастыруды белгілейді. Жарғыда гарнизондағы лауазымды адамдардың және қарауылдық қызмет атқарушы әскери қызметшілердің міндеттері мен құқықтары, әскердің қатысуымен гарнизондық және басқа да шараларды өткізу тәртібі айқындалады.

Slide 15

Саптық жарғы

Әскери қызметшілердің және бөлімшелердің саптық тәсілдерді орындау ережелері мен тәртібін, саптық байқау өткізу ретін, сап алдындағы әскери қызметшілердің міндетін, сондай - ақ ұрыс алаңында жылжи білу жолдарын баяндайды.

Slide 16

Жаңа сабақты бекітуге арналған сұрақтар

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғысы дегеніміз не?

Саптық жарғыда не баяндалады?

Ішкі қызмет жарғысы не туралы?

Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы арқылы не айқындалады?

Тәртіптік жарғы дегеніміз не?


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің тәртіптік жарғылары: әскерлік тәртіп, көтермелеу және тәртіптік жазалар
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылуы мен даму тарихы және заңнамалық негіздері
Республика Ұланы мен Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихы, құрылымы және патриоттық тәрбиесі
Қазақстан Қарулы Күштерінің қалыптасуы мен құрылымы, патриоттық тәрбие және әскери қызметкердің өмірбаяны
Алғашқы әскери дайындық сабақ тәжірибесі: Қазақстан Республикасының қазіргі Қарулы Күштері мен әскери атақтары
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі әскери шендер: жіктелуі, берілу тәртібі және атаулары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік-құқықтық құрылымы
Гимнастика және атлетикалық дайындық: тарихы, түрлері және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қолданылуы
Қазақстан Республикасының Конституциясы: құрылымы, негізгі құқықтары мен мемлекеттік институттары
Қазақстан Республикасының Конституциясы: тарихы, құрылымы және негізгі құқықтар мен міндеттер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz