Күкірттің физикалық қасиеті
Презентация қосу
Кел, балалар, оқылық!
Ерте заманнан бастап үйді
аластауға, түрлі жараларды
емдеуге қолданылатын
элемент?
Жұмыртқа шіріген кезде қандай
газ бөлінеді?
Сутек пен күкірт әрекеттесе ме?
Қандай зат түзіледі?
Күкірт жана ма?
Түзілген заттың физикалық
қасиеті қандай?
Есептер шығарайық
1. Күкірттің табиғатта кездесетін қосылыстарының:
а) қорғасын жылтыры РbS;
ә) мыс жылтыры Cu2S;
б) темір колчеданы FeS2 қайсысының құрамында
күкірттің массалық үлесі үлкен?
2. Темір (ІІ) сульфиді мен массасы 146 г тұз қышқылы
әрекеттескенде күкіртсутектің қандай көлемін (қ.ж.)
алуға болады?
3. 2 моль күкіртсутек және 128 г күкірт (ІV) оксиді
әрекеттескенде түзілетін күкірттің массасы қанша?
Тест жұмысы
1.Күкірттің физикалық қасиеті:
А) сары түсті, суда жақсы ериді;
Ә) көк түсті, суда ерімейді;
Б) сары түсті, суда ерімейді.
2. Күкірт қосылыстарындағы валенттіктер қандай?
А) І, ІІ, ІІІ; Ә) ІІ, ІV, VІ; Б) ІІ, ІV, V.
3. Күкірт тікелей мырышпен әрекеттескенде қандай қосылыс
түзіледі:
А) мырыш сульфаты; Ә) мырыш сульфиті; Б) мырыш
сульфиді.
4. Күкірт жанғанда қандай жалынмен жанады:
А) ашық сары; Ә)көгілдір; Б) қызыл.
5. Күкірттің аллотропиялық түр өзгерісі нешеу:
А) 4; Ә) 3; Б) 2.
Тест жауабы
1–Б
2–Ә
3–Б
4–Ә
5–Ә
Күкірт оксидтері.
Күкірт қышқылы және
сульфаттар.
SO2
SO3
Физикалық қасиеттері
• Күкірт екі түрлі оксид түзеді: күкірт (ІV) оксиді – SO2
(күкіртті газ немесе күкірттің диоксиді), бұл – өткір
тұншықтырғыш иісі бар, түссіз газ.
• Күкірт (VІ) оксиді – күкірт ангидриді – SO3, ұшқыш,
түссіз сұйықтық; олар суда жақсы ериді, нәтижесінде
күкіртті қышқыл Н2SO3 және күкірт қышқылы Н2SO4
түзіледі, олай болса бұлар қышқылдық оксидтер.
Алынуы
Зертханада: Күкіртті ауада жағу арқылы
2S+O2→ SO2
Өндірісте: сульфидтерді өртеу арқылы
2ZnS + 3O2 → 2ZnO + 2SO2
2SO2 + O2 → 2SO3
Химиялық қасиеттері
Сумен әрекеттесіп қышқыл түзеді
SO2+H2O=H2SO3
SO3+H2O=H2SO4
Негіздік оксидпен әрекеттесіп тұз түзеді:
SO2+Na2O→Na2SO3
SO3+Na2O→Na2SO4
Негізбен әрекеттескенде тұз және су түзіледі
SO2+2NaOH →Na2SO3+H2O
SO3+2NaOH →Na2SO4+H2O
КҮКІРТ ҚЫШҚЫЛЫ
Н2SO4
Физикалық қасиеттері
•Күкірт қышқылы-түссіз, ұшқыштығы төмен,
тығыздығы 1,84г\мл майлы сұйықтық
•Кейде оны “купорос майы” деп атайды.
Ылғал тартқыш
•Күкірт қышқылы суда жақсы ериді. Еру кезінде көп
мөлшерде жылу бөлінеді
•Ауадан және басқа газдардан су буын жақсы тартады
Химиялық қасиеттері
Күкірт қышқылы күшті және белгілі минералды
қышқылдар ішіндегі тұрақтысы. Ол кез келген
қышқылды оның тұздарынан ығыстырып шығара
алады.
Сұйылтылған күкірт қышқылына күшті қышқылдың
барлық қасиеттері тән. Ол негіздік оксидтермен,
негіздермен және тұздармен әрекеттеседі.
Кернеу қатарында сутектің сол жағында
орналасқан металдардың барлығы ериді, ал сутектің
оң жағындағы металдар сұйылтылған күкірт
қышқылында ерімейді.
Сульфат иондарына сапалық реакция
Күкірт қышқылына және оның тұздарына барий
тұздарының ерітіндісі реактив болып табылады.
Ва2+ катионы SО42- анионымен іс жүзінде ерімейтін
ақ тұнба түзеді:
Ba2+ + SO42-= BaSO4↓
Қолданылуы
Күкірт қышқылымен тікелей немесе жанама
байланыспаған химиялық өндіріс салаларын айту
қиын. Күкірт қышқылы жан-жақты қолданылуы
бойынша бірінші орында тұр. Оны химия
өнеркәсібінің “наны” деп санайды, себебі басқа
қышқылдарды алуда, мұнай өнімдерін тазалауда,
қант өндірісінде, өсімдік майын тазалауда, газдарды
құрғатуда, сода, бояу, жасанды талшық өндірісінде,
органикалық синтез және т.б. қолданылады
Негізгі химиялық өнеркәсіпте күкірт қышқылы
тыңайтқыштар алуда қолданылады
Сульфаттар
Күкірт қышқылының тұздарын сульфаттар деп
атайды. Күкірт қышқылы екінегізді болғандықтан, ол
тұздардың екі қатарын түзеді: орта-сульфаттар және
қышқыл-гидросульфаттар
Күкірт қышқылының тұздары да өте көп қолданылады.
Күкірт қышқылы тұздарының ішіндегі маңыздыларына
мыналар жатады:
Кальций сульфаты CASO4 кристаллогидрат түрінде
кездеседі: гипс, алебастр. Гипсті кыздырганда ол
алебастрга айналады. Алебастрды медицинада
сынықтың сыртынан орап таңуда және тіс протезін
дайындауда қолданады
Бекіту тапсырмалары
1. Мына қосылыстардың ішінен күкіртті қосылыстарының
формуласын тауып, атын ата: СаО, Н2S, NaOH, SO2, H2O,
HNO3, MgCI2, Fe2(SO4)3
2. Күкірттің (ІV) оксиді ......... оксид деп аталады.
3. Күкірттің (ІV) оксиді сумен әрекеттесіп, .......... түзеді.
4. Күкірт қышқылының формуласы және салыстырмалы
молекулалық массасы?
5. Күкірт қышқылына және оның тұздарына қай зат сапалық
реактив болып табылады ?
6. Реакция теңдеулерін аяқта:
а)Mg+H2SO4→ ә)ZnO+H2SO4→ б)NaOН+H2SO4→
7. Айналымды жүзеге асыр:
S → SO2 → SO3 → H2SO4 → K2SO4
“Тез қимылда” ойыны
H2S H2SO4 S
SO2 FeS2
Үйге тапсырма: § 8.19 оқу
11 – 12 жаттығуларды орындау
Ізденіс жұмысы: Сульфаттар – медицинада,
- құрылыста,
- химия өнеркәсібінде,
- агрономияда.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz