Ақылды бала




Презентация қосу
Ата-аналар жиналысы

«Ата-ана және бала
арасындағы қарым-қатынас»

Султангазина Сауле Бейбитовна
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы
КММ «Озерный орта мектебі»
Сынып - 9
Ата-аналар жиналысының
МАҚСАТЫ

Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді,
саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу
Ақ шашты ана:
«Жастығым — балам» дейді.
Ақылды бала: Ата-ананың міндеті:
«Ай-күнім — анам» дейді •1. Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз
байланыста болуы
•2. Сабақтан келген балаңың күнделікті
күнделігін тексеріп, көмек көрсету
•3. Мектепішілік ата-аналар жиналысына
қатысу
•4. Сыныптың ата-аналар комитетінің
төрайымымен байланыста болу
•5. Мектептегі ашық есік күні балаңыздың
сабағына қатысу
Ата-аналарға арналған кеңестер
- Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз, өзіңізді де
сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз
- Өз балаңыздың мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен
жауапкершілікпен қараңыз
- Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін, күнделігін, дәптерін
қадағалап отырыңыз
- Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз
- Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз, қолдау көрсетіңіз
- Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес, ортақ іс екенін
ұмытпаңыз
- Мектепішілік және сыныптағы ата-аналар жиналысынан қалыс
қалмаңыз
ЕКІ АЛТЫН ЕРЕЖЕ
Бірінші ереже: бірге бөлісу арқылы, барлығымыз
бірге, біз барлық қиындықтарды жеңеміз

Екінші ереже: ешқашан өз балаңызды
басқалармен салыстырмаңыз
Баладан ата-аналарға...
•Маған тиісе бермеңіздер және маған
ұрыспаңыздар. Егер сіздер олай етсеңіздер, онда
мен естімеген қалып танытып, қорғануыма тура
келеді
•Ешқашан сіздер мүлдем кінәсіз екендеріңізді,
барлық жетістіктерге жеткендеріңізді айтпаңыздар
да, ауыздарыңызға да алмаңыздар Бұл сіздермен
өзімді салыстыруда ыңғайсыз тудырады
•Менімен қатал болуға қорықпаңыздар. Мен дәл
осындай көзқарасты қалаймын. Бұл менің өз
орнымды анықтауыма көмектеседі
•МЕН үшін ешқашан жасамаңыздар
Аяқталмаған сөйлем:
– Егер баланы үнемі сынап
отырса, ...
– Егер балаға үнемі күлсе, ...
– Егер баланы үнемі мақтап
отырса, ...
– Егер бала төзімділікте өссе, ...
– Егер бала адалдықта өссе, ...
– Егер бала қауіпсіз жағдайда
өссе, ...
– Егер бала кекшілдікте өссе, ...
– Егер бала түсіністікте және
сүйіспеншілікте өссе, ...
Дұрыс жауаптары:
– Егер баланы үнемі сынап отырса, ... (оның
оқуға құлқы болмайды)
– Егер балаға үнемі күлсе, ... (ол бұйығы болып
кетеді)
– Егер баланы үнемі мақтап отырса, ... (ол өз
қадірі үшін оқиды)
– Егер бала төзімділікте өссе, ... (ол басқаларды
түсінуге тырысады)
– Егер бала адалдықта өссе, ... (ол адал болып
жетеді)
– Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ... (ол
адамдарға сеніммен қарайды)
– Егер бала кекшілдікте өссе, ... (ол қатыгез
болып өседі)
– Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте
өссе, ... (ол әлемнен махаббат табуды үйренеді)
Кінәлі сөздер…
1. Сенен ешқандай жақсылық
шықпайды, нөлсің
2. Неге сен басқа балалардай емессің?
3. Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің,
шашың дудыраған, үстің кір-кір
4. Тағы осылай істесең, менен таяқ
жейтін боласың
5. Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз
болмады
Дұрыс жауаптары:
Ата-аналар осы сөздерді былай алмастыруына
болады:
1. «Сенің де қолын өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім
келеді. Оқу озаты немесе оқу екпіндісі боласың» - деп,
үміт артуы керек
2. «Сенің де басқалардан өзгеше болуына құқын бар,
сенің де қолыңнан келеді» - деп, сенім артуы керек
3.«Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді
ауыстыр » - деп, баланың өзін жақсы сезінуіне
көмектесу керек
4. «Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз,
екіншілей жаман қылық жасама»
5. «Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз
жағдайларға сен кінәлі емессің. Сенің болашағың алда,
үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз
болуды арманда » және ата-анасын сыйлау керек
екенін айтып отыру керек
Рефлексия
Әр ата-ана, мына екі сөйлемді
аяқтаңыз:

1.Осы кездесуден кейін, мен былай
ойлаймын …
2. Осы кездесуден, мен мынаны
аламын …
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫ
ТӘРБИЕЛЕУДЕ СӘТТІЛІК
ТІЛЕЙМІН!

Ұқсас жұмыстар
Қожаның қаулысы
Дамуында психикалық бұзылысы бар балалармен түзету - коррекциялық жұмыстың негізгі бағыттары
Халықтың асыл қасиеті, 4 сынып
Қ.Жұмаділов «Қозыкүрең»
Балам үшін ақыл жинау
Жиренше шешен – ақыл-парасаттың, тапқырлықтың символы
АТА - АНА БАЛА
Тірек сөздер
Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы
Жемқорлық құлықтарының психологиялық ерекшеліктері
Пәндер