Адасқан сөйлемдер



Қазақ тілі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Хабарлы сөйлем
Өткізген: Ақау Гүлбану Мұсақызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Қостанай облысы
Жангелдин ауданы
Қ. Топаев атындағы орта мектебі

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Модельдеу/ тірек-сызба, хабарлы сөйлемнің белгілерін рет-ретімен анықтау арқылы ереже шығару/ арқылы хабарлы сөйлем туралы топтастырылған ұғым қалыптастыру
Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық оқу әрекеті арқылы теориялық ойлауын, тілін дамыту.
Тәрбиелілігі: Топпен жұмыс істей отырып, бірлесіп, топтасып еңбектенуге үйрету, қамқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу:

Тірек-сызба, жеке суреттер, қима қағаздар,
Ойын түрлері, ребус, жұмбақ т. б
Сабақтың көрнекілігі:

Дамыта оқыту технологиясы

1. Білім
4. Талдау
2. Түсіну
5. Жинақтау
3. Қолдану
БЛУМ әдісі

Психологиялық дайындық: Сәттілік тілеу
Ашық болсын күніміз
Жарқын болсын жүзіміз
Жақсы оқушы болайық
4 пен5 -ке оқып біз

1. Білім.
Үй тапсырмасын тексеру
Сөйлем
167 -жаттығу

Өткен сабақты қайталау.
Сұрақ-жауап әдісін ұйымдастыру
СӨЙЛЕМ
Бір-бірінен бөлек жазылатын сөздерден құралады
Бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады
Аяқталғаннан кейін тыныс белгісі қойылады
Нүкте /. /
Сұрау белгісі/?/
Леп белгісі /!/

СӨЙЛЕМ
Айтылу мақсаты мен сазына қарай
Хабарлы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Лепті сөйлем

-Сөйлем дегеніміз не?
-Сөйлем тиянақты ойды білдіреді.
-Сөйлемнің неше түрі бар?
-Үш түрі бар.
-Олар қалай аталады?
-Хабарлы, лепті, сұраулы

Сыныпты екі топқа бөлу

“Төрт түлікті құтқару” ойыны
-Төрт түліктің жауы не?
-Балалар төрт түлікті құтқаруға көмектесесіңдер ме?

“Адасқан сөйлемдер”
1. Өсімдік көктейді
2. Түйені бұйдалайды
3. Балам, өркенің өссін
4. Дала қандай аппақ
5. Қамшы деген не?
6. Кірпі қалай дыбыстайды
.
?
!

Жаңа сабақ 2. Түсіну
Жұмбақ шешу
Өзім сөзден тұрамын
Аяқталған ойды құрамын.
-Сонымен, аяқталған
ойды білдіріп тұрған бұл қандай сөйлем?
-Хабарлы сөйлем
Суретпен жұмыс .
Сөйлем құрастыр .
.

Ережені меңгерту
ХАБАРЛЫ СӨЙЛЕМ
Аяқталған ойды білдіреді
Сөйлем аяқталған соң нүкте /. / қойылады

Ережені хормен оқыту
Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңынан нүкте / . / қойылады.
Оқушылар мұражайға барды.

3. Қолдану
Ребус шешу
Кітаппен жұмыс
169-жаттығу
а/ Мәтінді түсініп оқы
ә/ Әр сөйлемде не туралы айтылған?
б/Сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылған?
в/ Мәтінге не деп ат қоюға болады?

Топтастыру

170-жаттығу “Балық аулау”ойыны
Тапсырманы дұрыс орындаған оқушы бір-бір балықтан алады
а/ мәтінді оқу
ә/ Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып, көшіріп жазу
б/ Мәтінге ат қою.

Бұлбұл -кішкентай құс ол тәңертең ағашқа қонып алып сайрайды бұлбұлдың үні құлаққа өте жағымды

Сұрақ-жауап әдісі
1. Адамның досы
2. Сұлу құс
3. Әнші құс
4. Орман дәрігері
5. Түнде ұшатын құс
6. Өз атын өзі айтатын құс
7. Сирағы ұзын құс

Сергіту сәті
Шебер ұста боламыз,
Балтамен ағаш шабамыз.
Сүргімен оны жонамыз
Киіз үйлер құрамыз

“Ойлан тап”ойыны Бір әріптен басталатын сөздерден сөйлем құрастыру
Б Б Б
С С С
М М М
Ж Ж Ж
Қ Қ Қ
Ш Ш Ш
Мысалы: 1. Балалар баққа барды.
2. Марат машинаға мінді.

171-жаттығу
а/ сөздерді оқы
ә/ Әйелдердің киімін білдіретін сөздерді бір бөлек, ерлердің киімін білдіретін сөздерді бір бөлек топтастырып жазу.


Әйелдер киімі
Ерлер киімі
Жаулық
Жейде
Сәукеле
Күпі
Қамзол
Құлақшын
Шәлі
Ішік
орамал
шекпен

172-жаттығу
Алдыңғы жаттығудағы қарамен жазылған сөздерді қатыстырып сөйлем құрау. Орамал, құлақшын, қамзол.
1. Апам орамал сатып алды
2. Мен басыма құлақшын кидім
3. Әжем қамзол тікті.

4. Талдау
“Адасқан сөйлемдер” ойыны
Ойынның шарты: берілген сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай өз үйшігіне орналастыру керек.
Азамат домбыра тартты
Қардың қалың жаууын-ай
Сенің атың кім
Оқушылар серуенге шықты
Қап, сиямның таусылып қалғаны
Сен нешінші сыныпта оқисың
Қымыз -шипалы сусын
Алақай, әкем шаңғы әкелді
Сәлеметсіз бе
Балалар гүл теруге барды
Ауа-райы қандай жақсы
Айнұр сабаққа келді ме
.
?
!

5. Жинақтау “Орнын тап”ойыны
Берілген сөздерден сөйлем құрау
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс
Дала қандай?
-Далада қар жауып тұр
Қыста біз қардан не жасаймыз?
-Аққала
Олай болса балалар мына тапсырманы орындап қана қоймай, біз аққала құрастырамыз. Егер тапсырманы дұрыс орындасаңдар ғана аққаланы құрастырасыңдар.
1. Ойнады, балалар, доп.
2. Оқыды, Айжан, кітап.
3. Мектепке, оқушылар, келді.
4. Салды, Аян, сурет
5. Жанат, су құйды, гүлге.

Балалар біз бүгін қандай тақырыппен таныстық?
-Хабарлы сөйлеммен таныстық
-Хабарлы сөйлем дегеніміз не?Сөйлемнің соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?
-Хабарлы сөйлем - Аяқталған ойды білдіреді- Сөйлем аяқталған соң нүкте қойылады.

Суретпен жұмыс. Сурет бойынша сөйлемдер құрастыру

Бағалау
Сабаққа жақсы ат салысқан екі топтың да балаларын мақтап, мадақтау

Үйге
тапсырма
63-64 бет
Хабарлы сөйлем
174 -жаттығу
Notes: (+++
+333
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz