Тұрақты сөз тіркестер: анықтау, жіктеу және қолдану - қазақ тілі сабақ жоспары


Slide 1

Сабақтың тақырыбы:

Тұрақты тіркестер

Пәні қазақ тілі

Пән мұғалімі: Асанова Ж

2010-2011 оқу жылы

№125 С. сапарбеков атындағы орта мектебі

Slide 2

Сабақтың мақсаты

а) Білімділік: Оқушыларға тұрақты сөз тіркестерінің

біртұтас тілдік құбылыс екенін түсіндіру;

ә) Дамытушылық: Тұрақты тіркесті сөздік қорларына енгізіп, тіл байлықтарын дамыту;

б) Тәрбиелік: Тұрақты сөз тіркесін сөйлеу мен жазу дағдысына енгізуге тәрбиелеу;

Сабақтың әдісі: СТО элементтері, сұрақ-жауап, ізденіс

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, өзін-өзі тану.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, әдістеме, дидактикалық материалдар, грамматикалық ойындар, І. Кеңесбаев «Фразеологиялық сөздік» кітабы, таблица.

Slide 3

Сабақтың барысы

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;

ә) зейіндерін сабаққа аудару.

Slide 4

Жаңа сабақ

Тілімізде еркін сөз тіркестері, тұрақты сөз тіркестері деген ұғым бар.

Еркін сөз тіркестері мен тұрақты сөз тіркестерін

Еркін сөз тіркестері

Тұрақты тіркестер

Таза дәптер, әдемі киім, әдепті оқушы, баланың ісі, үздік оқушы, жақсы адам, кең бөлме, ашық есік, т. б.

Тайға таңба басқандай (анық), жүрек жұтқан(батыр), тіс жармау(үндемеу), бармағын тістеу(өкіну), мұрнын көкке көтеру(менменсу),

Бетінен оты шығу(ұялу), қолы ашық(жомарт), т. б.

Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөзбен орнын ауыстыруға бола беретін тіркестерді еркін тіркестер дейміз.

2. Құрамындағы сөздер жеке-жеке мағынаны білдіреді.

3. Құрамындағы сөздер жеке-жеке сұраққа жауап беріп, екі сөйлем мүшесі болады.

1. Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөзбен орнын ауыстыруға болмайтын тіркестерді тұрақты тіркестер дейміз

2. Құрамындағы сөздер жеке-жеке мағына бермей, барлығы тұтас бір мағынаны білдіреді.

3. Бір сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі болады.

Slide 5

Мысалы: Оқу инемен құдық қазғандай(қиын)

Көзі ашық(оқыған), көкірегі ояу(сапалы) азаматтар елге қызмет етеді.

Бірінші сөйлемдегі «оқу инемен құдық қазғандай» деген тұрақты тіркестер тұтас бір мағынаны білдіріп, қандай деген бір сұраққа жауап беріп, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады.

Екінші сөйлемдегі «көзі ашық», «көкірегі ояу» деген тұрақты тіркестер де тұтас бір мағынаны білдіріп, қандай деген бір сұраққа жауап беріп, сөйлемде бірыңғай баяндауыш қызметін атқарады.

Slide 6

Мағыналас

сөздерді табу

(Синонимдік тұрақты тіркестер)

1. Үріп ауызға салғандай, ай десе аузы бар, күн десе көзі бар.

2. Ит арқасы қиянда, ит өлген жер.

3. Зәре-құты қалмау, көзі шарасынан шығу.

4. Мұрнынан шаншылып жүру, сүрініп жығылу.

5. Жүрек жұтқан, жүрегінің түгі бар.

6. Қоян жүрек, су жүрек.

Slide 7

Қарама-қарсы мағынадағы сыңарын табу

(Антонимдік тұрақты тіркес)

1. Бетінен оты шығу Ат ізін салмау

2. Ат ізін құрғатпау Беті шімірікпеу

3. Ит өлген жер Көңілі тасу

4. Құлақ аспау Таяқ тастам жер

6. Көңілі басылу Құлақ қою

Slide 8

Кітаппен, дәптермен жұмыс

111-жаттығу. 1. Төмендегі тұрақты тіркестерді жаттап алу.

2. Қайсылары антонимдік қатар, қайсылары синонимдік қатар құрап тұрғанын табу.

3. Тұрақты тіркестердің мағыналарын балама сөздермен ашу(ауызша) .

113-жаттығу. 1. Мәтінді оқу, ат қою.

2. Тұрақты тіркестерді теріп жазу.

3. Мәтіндегі тұрақ ты тіркестерді олардың синонимдерімен ауыстырып жазу.

4. Тұрақ ты тіркестерді қолдана отырып, шағын мәтін құрап жазу(шығармашылық жұмыс) .

Slide 9

Мысалдар

Эвфемизм

Дисфемизм

Тұрақты тіркес

1. Жүрек жұтқан

2. Өсекші

3. Ит өлген

4. Соқыр

5. Аяғының сылтымасы бар

6. Жерге кіре жаздады7. Бармағын тістеу

7. Бармағын тістеу

8. Аузы жеңіл

9. Топас

10. Құлаққа ұрған танадай

11. Сөзуар

12. Саңырау

13. Кірерге тесік таппау

14. Мұрнын көкке көтеру

15. Қолы ашық

Slide 10

Сабақты қорыту

Нені білдім?

Нені білгім келеді?

Slide 11

112-жаттығу. Әдеби кейіпкерге фразеологиялық тіркестерді пайдаланып, мінездеме жазу.

Бағалау

Үйге тапсырма


Ұқсас жұмыстар
Синтаксис теориясы: сөз тіркестері, сөйлем және тұрақты тіркестер
4-сынып қазақ тілі сабақ жоспары: Жіктеу есімдігінің септелуі
Тұрақты сөз тіркестері мен олардың ерекшеліктері (ашық сабақ жоспары)
6-сыныпқа арналған Тіл дамыту бейімдік бағдарламасы мен тұрақты тіркестер бойынша сабақ жоспары
Сөз қазынасы лингвистикалық ойыны: көпмағыналы сөздер, көнерген сөздер және тұрақты тіркестер
4-сынып (Б) қазақ тілі сабақ жоспары: Сөз және оның мағынасы
4-сынып: Есімдіктерді анықтау, жіктеу және септеу - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолдану
5-сынып қазақ тілі: сөз екпіні туралы сабақ жоспары мен практикалық жаттығулар
Сөз таптарына саяхат: 9 сөз табы бойынша қазақ тілі сабағының жоспары мен тапсырмалары
Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестерін сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдана отырып оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz