Бастауыш сынып оқушыларына арналған денсаулықты сақтау және алкоголь, темекі мен есірткіге қарсы тәрбиелік іс-шара


Slide 1

Бастауыш сынып мұғалімі Сундетова Айгерим Биржановна

Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп

Slide 2

(тәрбиелік шара)

Біз - болашақ үшін!

Slide 3

Мақсаты:

Оқушыларға жалпы денсаулық дегеніміз не? Оның адам өмірінде алатын маңызы қандай? Оны сақтау үшін не істеу керек?- деген сұрақтар турасынды түсінік беріп, білім - біліктерін қалыптастыру.

Оқушыларға қазіргі қоғамды және дүниежүзін ойландыратын проблемалар алкоголь, темекі және де нашақорлық туралы, сонымен қатар олардың әсерлерінен туындайтын аурулармен таныстыра отырып рухани ерік- күшін дамыту.

Есірткі пайдаланудың зиянды жақтарын аша отырып, одан жиренуге, айналасындағы адамдарға да ықпал етіп, денсаулығын сақтауға жауапкершілігін оята отырып тәрбиелеу.

Slide 4 Slide 5

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан 2030»

«Болашағымыздың айқындылығы мен айбындылығы дені сау іскер ұрпақтардың үлесіне тиюге тиіс»

II. Мағананы тану

Slide 6 Slide 7

Грек тілінде «ұйқы» мағанасын білдіретін «narke» сөзі ағылшын тілінде «narkotic» деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағананы білдіреді. Жалпы айтқанда, есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз.

Есірткі қолдану әдеті адамның денсаулығына, ақыл-ой және рухани жүйесіне, қоғамға тигізетін зияны өте көп.

Есірткі

Slide 8

Маскүнемдік бір адамның тоқтаусыз және өз-өзіне залал келтіретіндей көп мөлшерде ішімдіктерді ішуден басталады. Ішімдік физикалық және психологиялық зияндармен қатар қоғамдық және экономикалық құлдырауға алып келеді.

Алкогольдік ішімдіктер жалпы есірткі сияқты қауіпті деп саналмайды. Кейбір елдердің әдет-ғұрпында ішімдік діни және қоғамдық іс-шаралардың маңызды бір бөлігіне айналған. Алайда, мына жағдайды есте сақтау қажет, ішімдік- қазіргі заманның маңызды проблемаларының бірі және ішімдік ішу есірткі қолдану сияқты зиянды.

Алкоголь

Slide 9

Темекі құрамында никотин және 4 мыңға жуық улы зат бар өсімдіктердің майдаланған, құрғатынған және қолдануға дайын күйдегі жапырағынан шылым жасалады. Темекінің елі Америка болып табылады. Темекі күнделікті арасына уақыт салып қолданады.

Темекі адам ағзасына келтіретін зиянды әсері өте көп . Адамның қатерлі ісік ауруларына және тамақтың қатерлі ісік ауруына 99 %, миға қан құйылу ауруларының 85 %, өкпенің қатерлі ісік ауруын тудыруңа 90 % себеп болады. Темекі құрамындағы зиянды улы заттар адам өмірін 15 жылға қысқартады екен.

Темекі

Slide 10 Slide 11

III. Көрініс: «Адасқан жан»

Slide 12

IV. Гальереяға саяхат

Slide 13

Болашаққа сәби көзімен . . .

Slide 14

Сөзжұмбақтың сұрақтары:

Спорттық ойындарын футбол, волейболды және баскетболды немен ойнайды?

Доппен ойналатын ойынның бір түрі?

Спорттық ойын түрі ?

Денені шынықтыру үшін немен айналысу керек?

Адам ағзасына пайдалы жеміс түрі?

Балық несіз өмір сүре алмайды?

Адамның дене мүшесі?

Адам өміріне зиянды зат?

Сүт өнімінен алынатын пайдалы тағам?

V. Ой толғаныс.

Slide 15

Сөзжұмбақ.

Slide 16

Мақал мәтелдер!

Таза ауа -дертке дауа.

Арақ арыңа нұқсан, темекі тегіңе нұқсан.

Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде.

Ауру адамды алтын бесік те жұбатпас.

Жаны сауға күнде той.

Есірткі егіп көргенің

Күніңнен бұрын өлгенің.

Елім бай болсын десең,

Денің сау болсын.

Slide 17

VI. Ата аналар сіздер үшін!

Slide 18

VII. Бәріміз бірге

нашақорлықсыз

әлемге бір қадам

Аспанға шар ұшыру

Slide 19

Назар аударғандарыңызға рахмет!

Slide 20

Қызығушылықты ояту

Ата-аналар сіздер үшін!

Қорытынды.

Болашаққа сәби көзімен . . .

Мағананы

тану

Көрініс : Адасқан жан.


Ұқсас жұмыстар
Мектептегі темекі, алкоголь және есірткіге қарсы профилактикалық ашық шара
Бастауыш сынып оқушыларына арналған көркем жазу дәптері: каллиграфиялық талаптар мен жаттығулар
10-11 сынып оқушыларына арналған ҰБТ-ге даярлау: жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптан тыс іс-шара
Бастауыш сынып оқушыларына информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері
Балабақшадағы денсаулықты сақтау технологиялары: мақсаттар, түрлері және іс-шаралары
Абай Құнанбайұлының қара сөздеріне негізделген мультипликацияны SCRATCH бағдарламасында әзірлеу және оның мектепалды мен бастауыш сынып оқушыларына тәрбиелік ықпалы
Бастауыш сынып оқушыларына арналған жол қозғалысы ережелері мен қауіпсіздік негіздері
Тапқыр болсаң, талас жоқ: бастауыш сынып оқушыларына арналған интеллектуалдық байқау
Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудің әдістемесі және тәжірибесі
Жастар арасындағы алкоголь, темекі және есірткі тұтынуы: әсер етуші факторлар мен зардаптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz