Қасиетті жеті
Презентация қосу
Кештің тақырыбы: Қасиетті жеті.
Аршаты орта мектебі
Абильмажинова Нургалиева
Мақташ Күлдаш
Кештің мақсаты: Жеті санына қатысты
қасиетті ұғымдарды пайдаланап, халықтық
педагогика негізінде оқушылардың
математикадан білімдерін көтеру, пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
Тез есептеудің әдістерін көрсету арқылы
есептеу дағдыларын дамыту, математиканың
жұмбақты да, қызықты есептерімен
таныстыра отырып, ойлау қаблеттерін
жетілдіру.
I күн. «Математика барлық ғылымдардың тұңғышы және
ойларға пайдалы да, қажеттісі де». Р.Бэкон.
Әлемнің 7 кереметімен танысымыз.
• Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр перғауындарының
өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28
ғасырда салынған.
• Бабылдың аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6
ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаткан. Бақ
ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне
салынған.
• Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде әлемдегі ең үлкен
ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда
соғыс алапатынан қираған.
• Олимпиадағы Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5
ғасырда көне грек мүсіншісі Фидий алтын мен піл сүйегінен
жасаған.
• Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің
заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған.
• Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы
Гелиостың мүсіні, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын
285 жылы жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 жылы
жер сілкінісі кезінде қираған.
• Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3
ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м.
1. Мысыр
пирамидасы.
Хеопс пирамидасы
Мысыр пирамидалары – Мысыр жерінде орналасқан ежелгі пирамидалар кешені.
Осынау зор тас құрылыстар Ежелгі Египет перғауындарының сағанасы болып
саналады. Сағаналар осыдан 5 мың жыл бұрын салынған.
Ең үлкен пирамида Хеопс перғауынның әмірімен тұрғызылған. Оның биіктігі –
147 м. Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың жазбасында пирамиданы 100 мың
адам 20 жыл бойы салғандығы айтылады. Пирамидалардың салынуы, құрылысы
жөнінде айтылған пікірлер сан алуан. Дегенмен аптапты Египет аспаны астында
мыңдаған құл тас қарумен дәу тастарды бөліп алып, оны құрылыс орнына
арқанмен сүйретіп жеткізген, пирамида биіктеген сайын тас блоктарды қолмен
жоғары көтерген деген пікірлер басым.
Алып құрылыстар осы күнге дейін көрушісін қайран қалдырады. Осы
пирамидалар Әлемнің жеті кереметінің біріне кіреді.
2. Семирамида
аспалы бағы
Семирамида аспалы бағы— Вавилонның патша сарайындағы алып құрылыс.
Навуходоносор ІІ патша Иранның таулы өлкесінен келген өзінің сүйікті әйелдерінің бірі, туған жері
мен елін сағынған мидиялық Семирамидаға арнап салдырған деген аңыз-әңгімелер сақталған. Ол
ежелгі дәуірде билік жүргізген патша Навуходоносор ІІ-нің бұйрығымен өзі тұратын сәулетті
сарайдың кең ауласында тұрғызылған. Табаны төртбұрышты, төрт қабатты алып құрылыс
тепкішектері жоғары көтерілген сайын қусырылып биіктей береді. Семирамида аспалы бағының
әрбір террасалы тепкішектері үстіне қалың құнарлы топырақ төгіледі әрі соның бетіне
Вавилонияның, Мидияның және басқа елдерден арнайы алдырған алуан түрлі жеміс ағаштары мен
көк желекті бұталар отырғызылады. Шөлді, ауа райы ыстық Вавилония елінде көкке шаншыла,
жапырақтары жайқалып өскен ағаштардың саясынан ескен салқын самалды аспалы бақ жергілікті
тұрғындарды таң-тамаша қалдырады. Сол дәуірдің куәгерлері қалдырған деректерге қарағанда,
осындай таңғажайып тамаша аспалы бақ дүние жүзінің ешбір елінде болмағанға ұқсайды.
Сонысымен ол “әлемнің жеті кереметінің” біріне айналса керек. Бұны Бағдадтың оңт. жағынан 88 км
қашықтықтағы Вавилон қаласының орнына жүргізілген археол. қазбалар кезінде бақ террасаларын
суаруға арналған алып конструкц. құрылыстардың табылуы да дәлелдей түседі.
3. Артемида
ғибадатханасы
Эфестегі Диана
ғибадатқанасы.
Артемида храмы — әлемнің жеті кереметінің бірі. Кіші Азияның Эфес қ-нда
салынған. Зевстің қызы Артемида ежелгі гректерде аңшылық құдайы ретінде
танылған. Көне заманда ең маңызды күнкөріс көзін жебеуші Артемиданың
қаншалықты сыйлы, құрметті екені өзінен-өзі түсінікті. Мұндай мәртебелі
ғибадатхананы салу сәулетші Херсифронға тапсырылды. Ол құрылыс орнына
Кайстра өз-нің бойындағы батпақты алаңды таңдады. Бұл жер сілкінісінен
сақтаудың қамы еді. Ғибадатханаға Артемиданың аңшы киімінде, қолына садақ
ұстатып таза ақ мәрмәрдан жасалған мүсіні қойылды. Шымыр денелі жас қыздың
жүзінде батылдық, салқынқандылық бейнеленген. Салынуы 120 жылға созылған
ғибадатхана құрылысын сәулетшілер Пеонит пен Деметра б.з.б. 450 ж. аяқтады.
Б.з.б. 356 ж. Александр Македонскийдің туған күні Эфес тұрғыны Герострат деген
біреу храмды өртеп жіберді. Сөйтіп, әлемнің “жеті кереметінің” бірі болып А. х.
және оны жоюшы болып Герострат аты қалды.
4. Галикарнас
кесенесі
Галикарнас кесенесі екінші Артемида ғибадатқанасымен бір кезде салынған. Проспаер Мериме былай деп жазды:
«Мавзол өз қарауындағы елдің қаққанда қанын, сыққанда сөлін шығаратындығы сонша, Геродоттың айтуынша,
оның қойшылары қойды жылан жалағандай етіп қырыққанда басқа елдің қойшылары жіп есе алмай қалушы еді.
Ол өз қол астындағыларға қырық сылтауды көлденең тартып пайда түсіре алатын: керек болса жерлеуге де
ерекше салық шығарған. Шаш салығын жүргізген. Осылайша қыруар байлық жинаған. Неге Мавзолдың бейіті
әлемнің жеті кереметіне қосылды дегенде, осынау мол байлықты және кариялықтар мен гректердің ұдайы
аралас құралас болғандақтан дейді».
Қалай десек те, бұл патшаны Карияда жан тәнімен сүйген бір адам болған. Ол әрі туған қарындасы, әрі әйелі
Артемисия еді. Мавсол жиырма төрт жыл патшалық құрып дүние салғанда, Артемисия да қайғыдан мерт болған.
«Артемисия өзінің күйеуін өліп өшіп жақсы көрді деген сөз бар, деп жазды Авл Геллий, мұндай махаббатты
айтып жеткізу былай тұрсын, әлемдік шежіреден бұған тең түсер сезімді ұшырату қиын... Патша дүние салғанда
Артемисия мәйітті құшып, көзінің жасын көлдеткен қалпы, мәйіттен қалған күлге жұпар септірді де, суға салып
ішіп қояды. Оның көз жұмған күйеуіне деген өлшеусіз махабаты мұнымен де басылмайды. Кейін байлықтың бет
жүзіне қарамастан күйеуінің құрметіне тамаша мазар салдыртады, онысы әлемнің жеті кереметінің санатына
қосылады.»
Мавсол өлген соң екі жылдан кейін Артемисия дүние салған. Және өмірінің соңғы айларын ұдайы соғыспен
өткеріп, әйел басымен тамаша қолбасшы екенін көрсеткен. Сөйтіп, төңірегіне дұшпандары анталаған алақандай
ғана Кариадағы күйеуі құрған патшалықты қиын қыстау кезінде сақтай білді.
Мавзолей теңізге ентелей салынған қаланың жуан ортасына орналасқан. Сондықтан биік жерге орналасып
жоғары тұрған ғибадатқана, теңізден қарағанда алыстан көзге түсіп, жақсы көрінетін. Галикарнас мовзолейінің
беріктігі сонда, қанша тозса да, екі мың жылдай тұрды.
5. Родос
алыбы
Родос алыбы Родостағы алып мүсін- Артемида мавзолейі мен ғибадатханасының кіші замандасы болатын.
Родостықтарға тізе бүктіру үшін Полиоркет сәтсіз шабуылдан соң ең жетілген әскери техникасы
гелеополидті аралдың жағасына тастап кетеді. Міне, осы керемет қалаға қыруар пайда келтіріп қана қоймай,
даңқа да бөлейді. Қалаға ағылып келіп жатқан саудагерлар гелеполидті сатып алу үшін мол қаржы ұсынады.
Одан түскен қаржыға Родостың желеп- жебеушісі – Гелиостың мүсінін орнатуға пәтуаласады.
Мүсінді құюды Лисипптің шәкірті, мүсінші Харес Гелиостың тұрған қалпын бейнелеуді ұсынады. Сол
қолынан сусып төгілген жамылғының бір ұшы жерге жетіп, оң қолын маңдайына тигізген қалпы қиырға қарау
керек болды.
Отыз алты метрлік зор мүсінге иығана деңгейлес темір арқалықпен бекітілген үлкен үш тас бағана негіз
болды. Бағаналардың түбі мүсіннің екі аяғы мен жамылғы арқылы тұғырға орнатылады. Ал, иықпен және
белмен деңгейлес тұстары көлденең діңгектермен ұстатылған.
Алып мүсін айлақтың жағасында ақ мәрмәрмен өрілген жасанды төбемен бірге көтеріледі. Он екі жылдан
кейін родостықтар өздерінің желеп жебеуші құдайын көріп, басындағы нұр шашқан шірге сұқтана қарайды.
Жарқыраған құдай мүсіні Родосқа келе жатқан жолаушының көзіне қиырдан шалынатын. Алайда, жарты
ғасыр өткенде Родосты қиратқан аса зор жер сілкінісі алып мүсінді де құлатқан.
Родостықтар алып мүсінді тұрғызбақ болады, бірақ ештеңе өнбейді. Алып мүсін келімді кетімді
қызықтайтын аралдағы ең басты белгі болып айлақ жағалауында жата береді. Бағы тайған алыпты біздің
заманымыздың бірінші ғасырында Үлкен Плиний келіп көрген. Мүсіннің бас бармағына ілеуде біреудің ғана
құшағы жететіні Плинийді қайран қалдырады. Рим әдебиетіндегі аңыз бойынша, ол алғашқыда айлақ үстінен
асқақтап көтеріліп тұрғанда, үлкендігі соншалық, қалаға келетін кемелер оның екі аяғының ортасынан өтеді
екен дейді.
6. Александрия
шамшырағы
Александрия шамшырағы — “Әлемнің жеті кереметінің” бірі
саналатын, б.з.б. 280 ж. салынған архитектуралық құрылыс.
Александрия шамшырағын Ніл аңғарына таяу, Фарос аралының
шығыс бөлігіне Мысыр патшасының (Птоломей әулетінің өкілі)
бұйрығымен Книдтік Сострат тұрғызған. Кейінгі ұрпаққа өз атын
қалдырғысы келген сәулетші шамшырақтың мәрмәр қабырғасына
“Книдтен шыққан Декстифонұлы Сострат, теңізшілердің амандығы
үшін құтқарушы-құдайларға бағыштайды” деп жазған. Бірақ
патшаның қаһарынан қорқып жазудың үстін сылап бетіне әміршінің
атын жазған. Уақыт өте келе сылақ түсіп қалып, ел сәулетшінің өз
атын білді.
7. Зевс мүсіні
Зевстің алтын мүсіні – кезінде Ежелгі Грекиядағы Олимп тауында Зевс құдайға орнатылған
ескерткіш, “әлемнің жеті кереметінің” бірі. Б.з.б. 5 ғ-да өмір сүрген белгілі афиналық мүсінші
Фидий сомдаған. Ежелгі гректер құдайлардың құдайы деп сенген Зевске арнап ақ мәрмәрдан
зәулім сарай тұрғызған болатын. Фидий өзінің мүсінін осы сарай ішіне сомдаған. Тақта
отырған құдай мүсінінің биіктігі 17 м болған, ол сарай төбесіне сәл-ақ тимей тұрған. Зевс
отырған тақ түгелдей алтын және піл сүйегінен жасалған. Негізгі ағаштан істелген құдай
мүсінінің беті, қолы, аяғы және ашық төсі өте нәзік зергерлікпен өңделген піл сүйегімен
түгелдей қапталған. Мүсіннің белден төм. бөлігі гүлдермен, жұлдыздармен, әр түрлі
хайуанаттар бейнесімен көркемделген алтын жамылғымен жабылған. Мүсінші Зевстің бір
қолына ұстатқан жеңімпаздық құдайы Ника бейнесі де, екінші қолындағы қыран қонған тұғыр
да алтын мен піл сүйегінен жасалған еді. Ал Зевстің басына таза алтыннан өрілген тәж
кигізілген болатын. Ежелгі гректер ең үлкен бақытсыздық – Зевс құдайдың алтын мүсінін
көрместен бұрын өліп кету деп есептеген. Сондықтан да ес білген әр адамға бұл бейнені көру
арман болған. Б.з. 5 ғ-нда Зевс мүсінін Грекиядан Константинопольге (қазіргі Стамбұлға)
көшірген. Мүсін сонда өртте қалып жоқ болды. Бірақ оны көрген адамдардың жан-жақты
суреттеп, сипаттап қалдырған көптеген қолжазбалары арқылы Зевстің алтын мүсінінің
қандай болғанын көзге елестетуге болады.
Тапсырма:
Жеті шал келе жатыр. Әқайсысының жеті балдағы
бар, әр балдықта жеті бұтақ бар, әр бұтақта жеті дорба
бар, әр дорбада жеті самса бар, әр самсада жеті торғай
бар. Барлық торғай қанша?
117649
II күн. «Арифметмка -математиканың,
математика -ғылымдардың патшасы»
К.Гаусс
Әз Тәукенің жеті жарғысы мен танысу
1-жарғы: Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын
(мемлекеттің бүтіндігін сақтау жарғысы).
2-жарғы: Түркі халқының мүддесін сатып, еліне опасыздық еткендер өлім
жазасына бұйырылсын (елдің бүтіндігін сақтау жарғысы).
3-жарғы: Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын
(адам өлтірушілікті тыю, мәдениеттілікті сақтау жарғысы).
4-жарғы: Өзге әйелімен зинақорлық жасаған ақ некені бұзушыларға өлім жазасы
бұйырылсын (шаңырақтың бірлігін сақтау жарғысы).
5-жарғы: Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы
бұйырылсын (ат ер қанаты, соғыс күші ретінде бағаланды).
6-жарғы: Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін:
А) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, ал қызы жоқ болса
қыздың қалыңмалын береді.
Ә) төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.
7- жарғы: Ұрланған жылқы өзгеде құнды мүлік үшін он есе артық айып
5-пен аяқталатын сандардың квадратын табу
Ол үшін екі таңбалы санның бірінші санын бірге арттырып,
көбейтіндісін табамыз да оған 25-ті тіркеп жазамыз.
Мысалы: 352 = 1225; 3· (3+1) = 12 оған 25-ті тіркеп жазамыз.
Сандарды 11-ге көбейту
Цифрлардың қосындысы 10-нан аспайтын екі таңбалы санды 11-
ге көбейту үшін,ойша санның цифрларының ортасын ашып
арасына екі цифрдің қосындысын қою керек.
Мысалдар: 72*11=7 (7+2) 2= 792 35*11=3 (3+5) 5= 385.
Цифрлардың қосындысы 10-ға тең немесе 10 асатын екі таңбалы
санды 11-ге көбейту үшін,ойша санның цифрларының ортасын
ашып арасына екі цифрдің қосындысын қою керек, одан кейін
бірінші санға 1-ді қосып, ал екінші және соңғы(үшінші санды)
сол беті қалдыру керек.
Мысал: 94*11=9 (9+4) 4= 9(13)34=1034.
22, 33, …, 99- ға көбейту
Екі таңбалы сандарды 22,33,...,99-ға көбейту үшін ,осы
көбейткішті бір таңбалы санмен (2 ден 9-ға дейін) 11-дің
көбейтіндісі түрінде келтіру керек,яғни 44=4*11;
55=5*11 және т.с.с.Одан кейің алғашқы екі санның
көбейтіндісің 11-ге көбейту керек.
24*22=24*2*11=48*11=528
23*33=23*3*11=69*11=759
18*44=18*4*11=792.
50- ге көбейту және бөлу
Санды 50-ге көбейту үшін, осы санды 2-ге бөліп,
100-ге көбейту керек.
Мысалы: 432*50=(432:2)*100=21600
848-50=848:2*100=42400.
Санды 50-ге бөлу үшін, осы санды 100-ге бөліп , 2-
ге көбейту керек.
21600:50=21600:100*2=432
42400:50=42400:100*2=848.
III күн. «Мен математикаға қаблетсіз адам
болады дегенге сенбеймін»
А.Г.Постников.
Жеті қазына туралы
4.ақыл, білім
5.жүйрік ат
2.сұлу әйел 1.ер жігіт
3.берен мылтық 7.құмай тазы
6.қыран бүркіт
Біздің қазынамыз білім. Әр топқа сұрақтар қойылады, олар
тез, нақты жауаптар беру керек.
IV күн. «Геометрияны білмеген акедемияға кірмейді»
Платон
Жеті жұт туралы
1. Құрғақшылық 4. Өрт
2. Су тасқыны
3. Оба, ауру
5. Соғыс 7. Жұт, ашаршылық
6. Зілзала
«Танграм ойыны»
Суреттегі шаршы жеті
бөлікке бөлінген. Осы
бөлінген фигуралардан
түрлі фигуралар
құрастырыңдар
V күн. «Табиғаттың ұлы кітабы математика
символдарымен жазылған» Г.Галилей
Жеті ғашық туралы
Жеті ғашық. Шығыс ақындары тәрізді қазақ халқының
ақындары жеті ғашықтың бәрін де жырға қосып, дастан
етіп жырлаған. Олар:
1.Ләйлі- Мәжнүн.
2. Зылиқа –Жүсіп.
3. Фархад- Шырын.
4. Таһир- Зуһра.
5. Арзу- Қамбар.
6. Мәлік- Жамал.
7. Жүсіп – Зылиқа.
Тапсырма . «Жұбыңды тап». Математикалық формулалар
жазылған қима қағаздар екі бөліп таратылады, жұптарыңды
табыңдар
VI күн. «Ақынжанды болмаған адам математик те бола
aлмайды»
С. Ковалевская
Жеті ата туралы
Ата
әке
бала
немере
шөбере
шөпшек
немене
Өлеңмен берілген есептерді шешу:
1). Бір бірімен жарысқан 3). Бір бірімен жарысқа,
Төрт аю, бір арыстан. Төрт аю, бір арыстан.
Үш қоян, бір мәлік бар Екі қой мен бір түлкі,
Бәрі нешеу? Табыңдар. Бәрі нешеу? Кім білді?
(9)
2). Көл тоғанды қырға бар, (8)
5). Дүкеннен мен сабын
Келіп қонды тырналар. алдым,
Жұптан қонып сол жерде, Оның және қабын алдым.
Отыр екен он жерде. Екі дәптер, бір қарындаш,
Бірім, бірім, бірім деп, Тіс ысқышты тағы да алдым.
Біл бар санын біріндеп. Есептеші соның бәрі
(20)Түйе, бота маң басқан,
4). Қанша
6). болдыбір
Кездесіп қолда бары
топ аңменен,
Төрт аяғын тең басқан. (6)
Болды отыз бас малменен.
Шұнақ құлақ бес ешкі, Олар кетті қоштасып,
Қос лақпен қос ешкі. Үш түлкімен достасып
Төрт қозылы екі қой Есепті ойлап тезірек,
Бәрін бірге санап қой. Мал саны қанша шешіңіз?
(17) (33)
7). Он бір түйе, бес жылқы. Екі қоян, үш түлкі,
Екі сиыр, бір ешкі Болды сонда
нешеуі? (24)
Екінші тапсырма: өлең құрау:
Екі жол өлең шумағы беріледі, әрі қарай оқушылар өз ойын,
ұйқасын тауып, өлең құрайды.
Шәкіртім, жарқын сенің келешегің,
Алдыңда қарызың көп берешегің,
. . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . .
Өлең шумақтарыңдағы соңғы сөздері беріледі, соған қатысты өлең
құрау:
. . . . . . . . . . . . . . алады,
. . . . . . . . . . . . . . болады.
. . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . қалады.
Құралған өлең мысалы: Ақыл ойды математикадан алады,
Ойлағаннан математик болады.
Егер математиканы дұрыс меңгермесе,
Ол оқушы сол орнында қалады.
VII күн. «Ақыл ойды тәртіпке келтіретін математика,
сондықтан да оны оқу керек»
М.В. Ломоносов
Жеті жоқ туралы айтылады
Аллада бауыр жоқ,
таста тамыр жоқ,
аспанда тіреу жоқ,
жерде өлшеуіш жоқ,
тасбақада талақ жоқ,
аққуда сүт жоқ,
жылқыда өт жоқ
1-тапсырма. Бала бірінші күні жәшіктен барлық
алманың жартысын, екінші күні қалғанының
жартысын, үшінші күні осыдан қалғанының
жартысын, төртінші күні сол қалғанының тағы
жартысын алды. Сонда жәшікте 10 алма қалды.
Әуелде жәшікте неше алма болды (160)
2- тапсырма. а)Тізбектегі амалды орында, неше шықты:
-
· 45 +
3 90 45 15
: 51 8
0
3 ·1 13
7 -
30 9 39
б) Сандар тізбегінің ерекшелігін тауып, келесі қай сандар
екенін тап: 9, 7, 10, 8, 11, 9, 12, …, …, 11
10;13, өйткені 9-2=7- 10-3; 10-2=8=11-3; 11-2=9=12-3;
12-2=10=13-3; 13-2=11=14-3
3-тапсырма. Мақал- мәтелдегі қажетті жоқ санды тауып
қою. Әр топқа екі мақалдан беріледі.
5. 1) ... ала болса,
ауыздағы
1. 1) ... жақсы қос болмас,
... жаман дос болмас. кетеді
2) ... кісі қазған құдықтан, ... түгел болса,
... кісі келіп су ішер. төбедегі
2. 1) Ер ... рет өледі,
Қорқақ ... рет өледі. келеді.
2) Батыр ... оқтық, 2) Білгенің бір ... ,
Бай ... жұттық. Білмегенің ... .
3. 1) Ер көрмеймін деген жерін ... 6. 1) ... біреу шешен,
көреді, ... біреу көсем.
Ат баспаймын деген жерін ... 2) ... тістен шыққан сөз,
басады. ... рулы елге жайылар.
2) ... күн тұзын татқанға, 7. 1) Досыңды ... күн сынама,
... күн сәлем бер. ... жыл сына.
4. 1) ... орда бұзбасаң, 2) ... құзғын таласса,
... қырдым деме. ... қарғаға жем болар.
2) ... рет өлшеп,
... рет кес.
Мақал- мәтелдің жауаптары
5. 1) ...(6) ала болса,
ауыздағы
1. 1) ...(2) жақсы қос болмас,
... (2) жаман дос болмас. кетеді
2) ... (1) кісі қазған құдықтан, ... (4) түгел болса,
... (1000) кісі келіп су ішер. төбедегі
2. 1) Ер ...(1) рет өледі,
Қорқақ ... (1000) рет өледі. келеді.
2) Батыр ...(1) оқтық, 2) Білгенің бір ...(9) ,
Бай ...(1) жұттық. Білмегенің ... (99).
3. 1) Ер көрмеймін деген жерін ... 6. 1) ... (100) біреу шешен,
(3) көреді, ... (1000) біреу көсем.
Ат баспаймын деген жерін ... 2) ...(30) тістен шыққан сөз,
(3) басады. ...(30) рулы елге жайылар.
2) ... (1) күн тұзын татқанға, 7. 1) Досыңды ...(3) күн сынама,
... (1000) күн сәлем бер. ...(3) жыл сына.
4. 1) ... (30) орда бұзбасаң, 2) ...(2) құзғын таласса,
... (40) қырдым деме. ...(1) қарғаға жем болар.
2) ... (7) рет өлшеп,
...(1) рет кес.
зғ а
р ыңы
рла т
а за х м е
Н ра
Аты жөні: Абильмажинова
Мақташ
Мамандығы: математика пәні
мұғалімі
Білім деңгейі: Жоғарғы
Ұстаздық өтілі: 40 жыл
Санаты: бірінші
Мұғалімнің өзекті мәселесі «Математикалық білімді игеру процесінде
оқушылардың пәнге қызығушылығын, логикалық ойлау қаблеттерін
арттыру». Осы мақсатта 2011-2012 оқу жылында «Интелектуалдық ойындар
арқылы оқушылардың логикалық ойлау қаблеттерін дамыту» деген
тақырыппен аудан мұғалімдері арасында семинар өткізіп, өз іс тәжірибесін
аудан математика мұғалімдері арасында таратты.
Аудан көлемінде 2007-2008 оқу жылында мектепте өткен директорлардың
аудандық семинарында «Мектептің білім сапасын басқару жайы» іс-
тәжірибесінен баяндама жасады. 2008-2009 оқу жылында тамыз кеңесінде
«Мектепте білім сапасын артырудағы мұғалімдер жауапкершілігі» атты
баяндама жасады. 2010-2011 оқу жылында облыстық тамыз кеңесінің
математика секциясында «12 жылдық білімге көшу барысындағы
математика білімінің сапасын арттыру жолдары» атты баяндама жасалды
Аудандық тамыз маслихатында жасаған «Математикадан білім сапасын
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz