Әрбір сабақ


Slide 1

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің мағыналық түрлері

Пән : қазақ тілі

Сынып: 6-сынып

Мұғалім: Рияпоав Т. А.

Slide 2

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың грамматикалық білімдерін тереңдету, жаңа мәтінді меңгеру, жаңа сөздерді дұрыс қолдана білу;

Тәрбиелік: қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды

патриоттық рухында тәрбиелеу, отансүйгіштік сезімдерін дамыту, сөйлеу мәдениетін арттыру, өзін-өзі бағалай білуге, басқалардың көзқарасын тыңдап, сыйлай білуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін, ойларын

дамыту, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру;

Slide 3

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту сабағы

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, бейнелеу өнері, ән-күй

Сабақтың жабдығы: слайдтар арқылы, үлестірмелі қағаздар, музыка, “Не білемін? Нені білдім?” кестесі, бағалау парағы мен үш түсті жетондар

Сабақтың түрі: саяхат сабағы

Slide 4

Сабақтың айдары

Ең бірінші бақытым - халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын.

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым - тілім менің,

Жас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші - Отан деген,

Кім мықты? - десе біреу, - Отан дер ем.

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?.

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

“Үш бақытым” (М. Мақатаев)

Slide 5

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Баяндау;

Мәнерлеп оқу;

Кестені толтыру;

Жаңа сабақты түсіндіру;

Суретпен жұмыс;

Семантикалық картамен жұмыс

Кітаппен жұмыс

Тестік жұмыс

Қойылым көрсету;

Сұрақ-жауап.

Slide 6

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру. (кесте толтыру)

III. Жаңа сабақты түсіндіру. (сурет арқылы)

IY. Кітаппен жұмыс.

Y. Жұмбақ шешу

YI. Терме диктант.

YII . Психологиялық жағдаят

YIII. Семантикалық картамен жұмыс

IX. Шағын тест.

X. Қорытындылау (Тіл дамыту)

ХІ. Бағалау

ХІІ. Үйге тапсырма

Сабақтың жоспары:

Slide 7

Суретпен жұмыс

Slide 8

Мұз айдыны «Медеу»

.

Slide 9

Мағынаны ашу сатысы: “Сын есімнің мағыналық түрлері”

Cапалық (негізгі түбір сын есімнің өзінен болып, заттың сынын, түр-түсін анықтайтын)

Жасыл ағаш

Қызғылт көйлек

Әдемі зат

Көк шөп

Биік тау

Алтын көпір

Құрғақ жер

Қатыстық (заттың сын-сипатын басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін)

Темірдей тәртіп

Сусыз жер

Кестелі орамал

Жылжымалы мүлік

Шашыраңқы ой

Ұйқышыл аң

Түнгі ауа

Slide 10

Кітаппен жұмыс

128-жаттығу

Мақалдардың құрамындағы сапалық және қатыстық сын есімдерді ажыратыңдар

129-жаттығу

Сын есімдерді тауып, сапалық және қатыстық сын есімдерді топтап жазамыз, олардың негізгі, туынды екендігін анықтаймыз.

Slide 11

Жұмбақ шешу

Зынданда отырған қызыл бикештің шашы көшеде. Бұл не?

Өзі қысқа, Өзі нұсқа, Сөз қаймағын есіңде ұста.

Cол аяқ пен оң аяқ, Кезек оны тебеді. Ол тынымсыз домалап, Зыр жүгіре береді.

Бір көзім “кідір: дейді, Бір көзім “жүгір” дейді. Бір көзім “абайла” дейді “Қарап ал маңайға” дейді.

Slide 12

Терме диктант

Қаңтар . . . лы, ш . . . дамды, көтерм . . . лі

айл . . . кер, т . . . йінді, то . . . ғақ, ас . . . л, көкп . . . ңбек, кү . . . гірт, қы . . . қыл;

Slide 13

Психологиялық жағдаят

Әрбір адам? Кімім?

Туысым, досым, жұрағат

Әрбір сабақ? Не істеу?

Үйрену, ұғу, ұлағат

Әрбір ісім? Не?

Тірлік, тірек, адамдық

Әрбір сөзім? Қандай?

Шындық, бірлік, адалдық

Slide 14

Семантикалық картамен жұмыс

Зат есімдер

сөздер

жалқы

жалпы

Ағаш

Талғар

Көл

Нариман

Құс

Жетісу

өсімдік

Сын есімдер

сөздер

сапалық

қатыстық

жасыл

шырайлы

әсем

Күзгі

Сары

Сүтті

аппақ

Slide 15

Тест жұмысы

Slide 16

Қорытындылау

Ертегі “Тәуелсіздік таң атты”

Рөлдерде: Морфология (ата) Нариман,

Зат есім- Ағайша ханым, Сын есім -Нұргүл ханым

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер

Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер!

Slide 17

Бағалау

Нені білемін?

Не үйрендім?

Нені үйренгім келеді?

Slide 18

Үйге тапсырма

131-жаттығу

“Білім жолы - нұрлы жол” тақырыбында сын есімдерді қатыстыра отырып, шағын мәтін құрау.


Ұқсас жұмыстар
Сабаққа қойылатын талаптар
Оқушылардың білімін тексеруді ұйымдастыру
Сабаққа қойылатын қазіргі талаптар
Сабақ – оқытудың негізгі формасы туралы ақпарат
Сабақтың құрылымы, мұғалімнің сабаққа дайындығы
Мұғалімнің сабаққа дайындығы
Сабақ классификациясы (жіктелуі)
Негізгі шағын жинақты мектеп
Дәстүрлі емес сабақтардың өзектілігі
Жіктеу есімдігінің септелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz