Табиғатты жырлаған Абай өлеңдері




Презентация қосу
Сабақтың тақырыбы:

Физикалық құбылыстар
және лирика.
(Абай лирикасы)

Физика пәнінің мұғалімі
Сыппосынова Бағила.

Егінсу орта орта мектебі
2011 жыл
Сабақтың мақсаты:
білімділік:

8 сыныпта өткен тақырыптарды
бекіту мақсатында Ұлы ақын
Абайдың өлеңдеріндегі физикалық
құбылыстарды сипаттау.
Әлем туралы деректерді танып білу
және ақын Абаймен Әлемді
ұштастыра отырып нақты мәлімет
беру.
дамытушылық:

• Ой- өрісін, сөйлеу дағдысын,
танымдылық белсенділігін
арттыру.
тәрбиелік:
• Табиғатты сүюге, оны қорғай
білуге;
• дүниетанымды қалыптастыру;
• құштарлыққа тәрбиелеу;
• адам баласының сезім мүшелері
мүмкіндігінің шектеулілігіне
қарамастан әлемді тануға
болатындығына көз жеткізу;
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
2. Физикалық құбылыстар мен ақын еңбектерін
қайталап, еске түсіру.
3. Зерттеу бөлімі
• Абайдың дүние құрылымы туралы моделі.
• Табиғатты жырлаған Абай өлеңдері.
• Дүние құрылымы туралы Абай моделі .
• Дүние құрылымы туралы ғалымдардың пікірі.
4. Қорытынды.
5. Бағалау.
6. Үйге тапсырма.
Шығыс Қазақстан облысы Уржар ауданы
Егінсу орта мектебі гуманитарлық бағытта
жұмыс істегендіктен, физика пәні мен
гуманитарлық пәндер арасындағы
байланыстарды қарастыруды жөн көрдік.
Физика табиғат жайындағы ғылым, ол
табиғаттағы құбылыстардың пайда болу
себептерін түсіндіреді, ал әдебиет сол пайда
болған құбылыстарды әсерлеп, суреттеп
жеткізеді. Осы сабақта қазақтың Ұлы ақыны
Абай шығармашылығында кездесетін
физикалық құбылыстарға тоқталып, оларды
зерттеуді қарастырдық.
Физикалық құбылыстардың Абай өлеңінде қалай жырланатыны туралы

таныстырайын Мысалы:Абайдың
“Біреудің кісісі өлсе қаралы -ол
Қаза көрген жүрегі жаралы-ол
Көзінің жасын тыймай жылап жүріп,
Зарланып неге әнге салады-ол? деген шумағын алатын болсақ ,адамды физикада
не деп қабылдаймыз?Көзден аққан жас тамшысының формасы қандай, қалай
қозғалады деген сұрақты қоя отырып,жас тамшысының салмағын және
құрамындағы бөлшектер және Жердің тарту күші әсерінен домалай
қозғалатынын түсіндіруге болады.Ал дыбыстың толқындарының таралуы
арқылы “Зарланып неге әнге салады –ол”дегенде адам үнін естиміз.
“Сылдырап өңкей келісім
Тас бұлақтың суындай
Кірлеген жүрек өз ішін
Тұра алмас әсте жуынбай” деген өлең шумағында “тас” сөзінің егжей-тегжейін
талдауға болады.-Тастың физикалық қасиеті қандай,күйі қандай,бөлшектер
қалай орналасады?Су тамшысының формасы қандай ,қозғалыс бағыты
жылдамдығын, анықтайтын параметрлер қандай?Бұл сұраққа молекулалық
физика тұрғысынан және Бернулли заңы бойынша оңай жауап береді.
“Кірлеу” процесі қалай жүзеге асады?Диффузия құбылысымен тығыз байланыстыра
отырып жауап береді
Абайдың табиғаттың әр түрлі құбылыстарын
суреттейтін өлеңдері көп.
Енді Абайдың табиғаттың әртүрлі жыл мезгілдерін суреттейтін
өлеңдеріне тоқталайық
“Күркіреп, күңіреніп ,ұласып аспан,
Сіркіреп ,бұлт тамшылап, жаңбыр жауар” деген өлең
шумағындағы бірнеше сөздерді физикалық тұрғыдан түсіндіруге
болады.Күркіреу, бұлттың пайда болуы ,жаңбырдың жаууы,
тамшы формасы ,төмен құлауы.Физикада конденцация
құбылысын түсіндіруде қолдануға болады.

Күз.
Көктем

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп,көрісіп,құшақтасып,
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып,мауқын басқан.

Жазғытұры(1890)өлеңінде Абай табиғат әлеміне кірген
жаңалықтың иесі- ата-анадай елжіреген Күннің көзі көбірек
айтылады.
Жаз

. Жаздыкүні шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып ,өсіп толғанда
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда

“Жаз”( 1886)өлеңінде жазғы табиғаттың көркем
көрінісін мен сан алуан қызықты құбылысын асқан
шеберлікпен суреттейді. Ауылдың қарбалас тіршілігі,
қимыл-қозғалысын тамаша өлеңге қосады.
Жасыл шөп,бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес,жүгірмес бала шулай,
Қайыршы шал мен кемпір түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш-қурай.

“Күз “(1889).Бұл өлеңде өмір мен табиғат шындығы
жаңаша идеялық –көркемдік тұрғыда берілген
көшпенді елдің күзгі тіршілігі мен табиғаттың жүдеу
көрінісін тамаша суреттей білген
Ақ киімді денелі,ақ сақалды,
Соқыр мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті басы ақ қырау түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Бұл өлең жолдарын кристалл заттар тақырыбын
өткенде тамаша қолдануға болады .
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда деген
өлең жолында ауылдың 1 орыннан 2-ші орынға
қонғанда механикалық қозғалыс болатындығын
көреміз.
Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп…деген
Абай өлеңінен толқындық
құбылыс түсндіріледі
Дүние құрылымы туралыАбай моделі былай болған

Бас жоғары қараған
Мойын төмен,
Қарашы, дене біткен
ретімен-деп
Абай адам құрылысы мен дүние
құрылымын байланыстыра білген.
Біз аңыз ертегілерден 7 қабат жер астына түссең
де,7қабат көкке ұшсаң да деген сөз тіркестерін
кездестіреміз .Қазіргі ғылыми тұрғыда дәлелденген
ғарыш бөліктерімен сәйкес келеді.
Фәни (белгісіздік)

Ғарыш-күрсі
(мегалактика)
Нысан(галактика) Темірқазық
Темірқазық
Жұлдыздар
Сайрандар
Құйрықты Жұлдыздар(комета)

Тек зат
Усақ әлем (микро әлем)
Сират
6.адрон
5.лептон
4.фотон
3.ядро
2.атом
Конустық бет
1.молекула
Қос қуысты айналу
гиперболиды
Параболид
Эллипсоид
Сфера Нұр
Қарсы қазық
Абай тек қана табиғатты
суреттемеген ,табиғаттағы
дыбыстарды ести білген, оны
әнге қосқан.
Абайдың “Құлақтан кіріп
бойды алар”өлеңі бойынша
мынадай сұрақтар қою
арқылы өлеңнің физика
тұрғысынан шешімін табуға
болады .Ән-күй ,яғни
музыкалық дыбыстар қалай
пайда болады, қалай
таралады.Дыбысты адам
құлағы қалай
қабылдайды,құлақтың осы
тұста атқаратын функциясы
қандай?Бұл сұрақтарға
толқындардың таралуы
бойынша жауап береміз.
Әлем мені өзіне қалай
елестететінін білмеймін, өзіме –
өзім теңіз жағасында ойнап
отырған және домалақ тас немесе
аса әдемі ракушкалар іздеуді
ермек қылатын бала болып
көрінемін, ал сонда ақиқаттың ұлы
мұқиты менің алдымда тіптен
сыры ашылмастан жатыр
Иссак Ньютон
Әлемнің центрінде Жер
орналасқан, ал оның
айналасында өзімен бірге жеті
планетаны ілестіретін жеті
сфера айналады
Птолемей
Әлем- шексіз мұхит.
Уақыт- тынымсыз жел.
Алдынғы буын ағалар,
артқы буын інілер,
ұрпақтардың
алмасуында өмірдің
барлық жалғастығы бар

Абай
Ғалым мен ойшыл- адамзат
баласының мақтанышы. Ақылы мен
сезімі басым адам ғана ғалым бола
алады.
Ғылымды біз ойдан шығармаймыз, ол
бізді қоршаған әлем туралы түсінігімізді,
бақылауымыздың және ойларымыздың
нәтижесі ретінде көрініс табады.
Абай
Әлем Абай
1 Күн
2. Күн жүйесіндегі 1. Абайдың өлеңдері
ғаламшарлар физикалық
3. Жұлдыздар, сипаттама
шоқжұлдыздар
Физика
4. Ай
5. Жер
6. Галактика
7. Адам ғарыштық
тіршілік иесі
Қорытынды.
Абайдың кез-келген өлеңдер шумағын
алып,оның әрбір сөйлемінің әр сөзін
талдасақ, олардың сыры физикалық
тұрғыдан ашылмақ.Әр сөзі өмірді
танып білуге ,адамның дүние
танымдық көзқарасын қалыптастыруға
ықпалын тигізеді.Табиғатты сүюге, оны
қорғауға шақырады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Интернет материалдары.
2. Физика және астрономия
журналы.
3. Физика және математика
журналы.
4. Абайдың өлеңдер жинағы.
5. Есептер жинағы -7-11 сынып.
6. Менің алғашқы энциклопедиям.

Ұқсас жұмыстар
Дулат Бабатайұлы - халықтың зарын жырлаған ақын
Абай поэмаларының тілі
Ақан сері – адамзаттың сұңқары
Абай Құнанбаев туралы
Табиғат денсаулық мекені
Қазақ ақыны
Ананың аққуды атуы
С.Сейфуллин. І.Жансүгіров, Б.Майлин, Ж.Аймауытов, Ғ.Қарашев, Б.Күлеев шығармашылығы
Құрманғазы шығармашылығы
Дулат өлеңдерінің ерекшелігі
Пәндер