ЖЕКЕ ДЕНСАУЛЫҚ


Slide 1

ДЕНСАУЛЫҚ КҮТУГЕ ДАҒДЫЛАН!

Абай орта мектебі, 1 қыркүйек 2012 ж

7 сынып

Денсаулық сабағы

Класс жетекшісі: С. И. Темиралина

Slide 2

Сабақтың мақсаты:

Жас желектей өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратының, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. Салауатты өмір салауатты өмір салтына тәрбиелеу

Slide 3

Денсаулық механизмі бар екені белгілі, ал, денсаулық өзі АЛТЫ АСПЕКТІДЕН тұрады:

а) физикалық денсаулық. б) психикалық және интеллектуалды денсаулық. в) жеке. г) рухани денсаулық. д) эмоционалды денсаулық. е) әлеуметтік денсаулық.

Slide 4

ФИЗИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ келесі түсініктерден тұрады:

біздің денеміз қалай құрылған және қалай жұмыс жасайды, ешқандай дене аурулары жоқ, ол жаттыққан немесе шыныққан.

Slide 5

ПСИХИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚ

бұл психикалық аурудың және кем ақыл-дылықтың болмауымен түсіндіріледі. Психикалық денсаулық адам жаңа білімді қабылдау және оны қолдау қабілетімен, негізгі психикалық процестердің күші және қозғалғыштығымен сипатталады.

Slide 6

ЖЕКЕ ДЕНСАУЛЫҚ

бұл адам өзін-өзі адам ретінде сезінуі, талпынысы, өзін көрсетуі, жетістігі, негізгі құндылықтары. Біреулер жұмысынан, біреулер - өнерден, үшіншілері - отбасынан, төртіншілер - жеке басынан жетістік іздейді. Өзін-өзі таныту неғұрлым қоғамға қарсы келмесе, соғұрлым ол адамның өзіяе пайдалы, осыдан барып нақты адамның жеке денсаулығы сипатталады.

Slide 7

РУХАНИ ДЕНСАУЛЫҚ

- бұл адам өмірінің орталығы, бұл - мораль, тәртіп және басқа біреудің әрекетін қабылдау этикасы, мейірімділік пен қайырымдылық, әсемдікті қабылдау этикасы.

Slide 8

ЭМОЦИОНАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚ

бұл өз сезімдерін түсіну және бақылау, керек кезінде өз сезімін түсінікті түрде шығара білу, эмоцияның тыйым салатын және салмайтын көріністерін білу керек.

Slide 9

ӘЛЕУМЕТТІК ДЕНСАУЛЫҚ

бұл ең алдымен өзін қоғамның бір бөлшегі ретінде сезіну, қоғамда және қоғам өмірінде өз жетістіктерін сезіну. Мұнда өндірістік қатынас пен профессионалды сапаның орны айқын. Маңызды және материалды жағы - қандай адам болса да, қажеттіліктермен қамтамасыз етілуі (яғни, оның жұмыс істеуі, шеберлігі мен тәртібі) .

Slide 10

Өз денсаулығымызды өзіміз күтуіміз қажет

Бүгін Республикамыздағы тұрақты есірткі құмарлардың 2/3 бөлігін жасөспірімдер мен 25-30 жасқа дейінгі жастар құрайды. Балаларда да есірткіні тұтынатын жағдайларда болады. Мамандардың айтуынша есірткіні татып көрген немесе оқтын-оқтын тұтынған адамдардың жартысынан астамы 13-17 жаста жасаған. Есірткі құмарлықтың үдеп бара жатқаны қылмыстық ахуалдың күрт нашарлауына тікелей әсер ететіні анық. Сондықтан жастарды улап, халықтың болашағына қатер төндіріп жатқан бұл дертке аяусыз күрес ең бірінші өзіміз, отбасымыз және мектепте басталуы қажет. Еліміздің ертеңгі тізгіні жастар қасында мемлекетіміздің алдына қойып отырғаны елулікке ену стратегиясы жүзеге асу үшін жас ұрпақтың дені сау болуы қажет. Сонда ғана өз елімізді елулік қатарынан көре аламыз. Сол үшін өз денсаулығымызды өзіміз күтуіміз қажет.

Slide 11

СӨЗ МЕРГЕНІ

Интеллектуалды ойын

Slide 12

ОЙЛАН - ТАП

Мақал мәтелдерді табу

Slide 13

Байлық

Ақша

Алтын

Мұра

Денсаулық

Әуелгі байлық - ден саулық, Екінші байлық - он саулық, Үшінші байлық - ақ жаулық.

Slide 14

Бай

Жарлы

Білімді

Ақылды

Денсаулығы

Жарлының байлығы - Денінің саулығы.

Slide 15

Жан

Өмір

Бас

Ұйқы

Тәтті

Бас аманда мал тәтті, Бас ауырса, жан тәтті.

Slide 16

Бала

Ата

Күлегеш

Жалқау

азбас

Күлегештің көңілі азбас, Күтіншектің өзі азбас.

Slide 17

Сұлу

Әдепті

Оқымысты

Лас

адам

Лас адам - кіршіл, Надан адам - діншіл.

Slide 18

Сырқат

Қайғы

Қуаныш

Мейрам

Жара

Сырқат тән жарасы, Қайғы жан жарасы.

Slide 19

ОЙЛЫ БОЛСАҢ ОЗЫП КӨР

Нақыл сөздер

Slide 20

оның денсаулығы;

егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек,

… адам денесінің жетілуі -

ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек

… адам денесінің жетілуі - оның денсаулығы; егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек

Әл-Фараби

Slide 21

Бас

бөрік

аман болса

табылады

Бас аман болса, бөрік табылады. Қорқыт

Slide 22

табиғаттың ең

адам-

қымбат жемісі

Дені сау

Дені сау адам- табиғаттың ең қымбат жемісі

Томас Карлейль

Slide 23

сол дәулет

Жігіттің

дені

сау болса -

Жігіттің дені сау болса - сол дәулет

Құтып

Slide 24

оннан тоғызы

Біздің бақытымыздың

байланысты

денсаулығымызға

Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты.

Артур Шопенгауэр

Slide 25

“Бірінші байлық - денсаулық” дейді қазағымыз. Екі кісі кездессе қалса да алғашқы сұхбат осы амандық, саулық болмақ. Ендеше арақ, темекі, нашақорлықтан жандарыңды аулақ ұстаңдар. Салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік етіңдер!


Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік медициналық көмектер
Ұйымдағы психологиялық денсаулық
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ
ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ
ҚР денсаулық сақтаудағы электронды жүйенің приниптері мен жалпы ерекшеліктері. Емхана мен ауруханаларда науқастарды қабылдаудың тәртібі. Емхана мен ауруханалардағы құжаттар
Денсаулықты сақтау
Кәсіби денсаулықты сақтау
ДЕНСАУЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Халық денсаулығыр сақтаудың негізі ретінде қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту
ҰЙЫМДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ЖОСПАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz