Сөз анасы құлақ



Тақырыбы: Мақал - мәтелдерге жаттығу жұмыстары
Пәні: Қазақ тілі
5 - сынып
Оқытушы: Жалелова А. Ш.
Дидактикалық дәреже/ категория: жоғары
Оқу орны: №23 орта мектеп
Базалық оқулық: қазақ тілі/ автор: Г. Қосымова, Ж. Дәулетбекова

Сабақтың мазмұны
Мақал - мәтелдер жөнінде ұғымдарын қалыптастыру, мақал - мәтелдер өзінен кейінгі ұрпаққа қалдырған халықтың ақыл өсиеті екенін, мақал мен мәтелдің айырмашылығын түсіндіру.

Құзырлықтар каталогы
Базалық құзырлылық: оқу іскерлігі
Құрамдық құзырлылық: ақпаратқа сызбалық талдау беру
Әдіс, амал, операция, құрал/ цикл
Топтастыру әдісі, пікір - болжам, бағалау
Мақсатты әлеуметтендіру
«Табиғат»
Тұрақты дамуды қамтамасыз ету
2. «Қоғам»
Жеке интеллектуалдық әлеуетті көрсету
3. «Мен»
Жеке тұлғаның құзыреттілігін қалыптастыру негізінде оқушылардың логикалық ойлауын, ой дәлдігін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Классификатор Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың І деңгейі оқу тапсырмалары
Теориясы «Білу» кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?
Мақал - мәтел дегеніміз не?
Мақал мен мәтелдің айырмашылығын неден аңғаруға болады?
Мақал мен мәтелдегі ой түйіндеу ерекшелігі қандай? Атап айтып бер?
Мақал мен мәтелдің құрылымдық жағынан айырмашылқтары бар ма ? Болса дәлелдеп бер?
ІІІ
5 минут

Ненің түбі не?
Еңбек түбі не? Сөз анасы не?
Көптің түбі не? Жол анасы не?
Бейнет түбі не ? Су анасы не?
Ынтымақ түбі не? Тірлік түбі?
Ұрлық түбі не? Кәсіп түбі?
Уайым түбі не? Тәуекел түбі?

Ненің түбі не?
Еңбек түбі береке Сөз анасы құлақ
Көптің түбі көл Жол анасы тұйяқ
Бейнет түбі зейнет Су анасы бұлақ
Ынтымақ түбі ырыс Тірлік түбі бірлік
Ұрлық түбі қорлық Кәсіп түбі нәсіп
Уайым түбі қайғы Тәуекел түбі желқайық,
өтесің де кетесің?

Қайда?
Өнерлі жігіт қайда озар?
Асықпаған қайда қалады?
Қайда кісі бар?
Қайда сұлан болғанша, қайда ұлтан бол?
Батыр мен болат қайда шынығады?

Қайда?
Өнерлі жігіт өрге озар
Асықпаған артта қалады
Үй сыртында кісі бар
Кісі елінде сұлан болғанша, өз еліңде ұлтан бол
Батыр майданда, бола қайнауда шынығады

Қашан?
Темірді қашан соқ?
Ер қашан қазаншыл болады?
Ат қашан ауыздығымен су ішер?
Ер қашан етігімен су кешер?

Қашан?
Темірді қызуында соқ
Ер қартайса қазаншыл болады
Ата басына күн туса ауыздығымен су ішер
Ер басына күн туса етігімен су кешер

Классификатор Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың ІІ деңгейі оқу тапсырмалары
Теориясы
«Түсіну»
(Неге? Неліктен? Не үшін? )
Оқушыларды іздендіре отырып, тапсырмаларды орындату
ІІІ
6минут

Кім тауып оқи алады?
Мына дөңгелекке бір мақал жазылған. Оны сағат тілінің бағыты бойынша 2 әріптен қалдыра отырып оқысаң, табасың. Сонда қай әріптен бастап оқу керек? Ол не деген мақал?

Кім тауып оқи алады? Жауабы:
Қарманған қарап қалмас

Кідірмей табайық!
Бір құрмалас сөйлемнен құралған мақал шығу үшін берілген шеңберге 4 хорда сызып, сөздерді сол хордалар бойынша оқып шығу керек. Сонда қай сөзден бастап оқуға болады. Не деген мақал шығады?
Жерде
Тар Кең
отырасың, отырсаң

Кідірмей табайық! Жауабы:
Кең жерде тар отырсаң,
тар жерде кең отырасың

Жасырынған мақалды анықта!
Төмендегі 2 қатар етіліп жазылған әр сөзден жаңа сөз жасап тұрған әріптерді тап. Мысалы, кім - өкім (жаңа жасап тұрған әріп - Ө) . Сол әріптерді жалғастырып жазғанда, жасырынған мақал шығады. Ол не деген мақал?
Кім - өкім ана - дана баға - балға
Желі - желін ақ - ақы аяқ - таяқ
Кен - кене ара - арқа кит - киіт
Елік - ерлік су - ысу жеке - желке
Мал - амал қары - қарыз
Мүше - мүшел қылық - ықылық

Жасырынған мақалды анықта! Жауабы:
Өнер алды - қызыл тіл

Классификатор Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың ІІ деңгейі оқу тапсырмалары
ПРАКТИКАСЫ
«Қолдану»
(Оқулықта берілген жаттығу және арнайы тапсырма бойынша жұмыс жасау)
Кітаппен жұмыс
128 - жаттығу.
Мәтіннен қанатты сөздерді тауып, көшіріп жазыңдар
Әзіл аралас сұрақтарға мақал - мәтелмен жауап беріңдер.
ІІ
6 минут

128 - жаттығудағы қанатты сөздер
Ерлік аспаннан түспейді, ол Отанды сүюден туады.
Отанды сүю үй ішіңнен, отбасынан өседі.
Елін сүйген ер атанады.
Ерлік білекте емес, елін сүйе білген адал жүректе.

Әзіл аралас сұрақтар
Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?
Ананың сүті мен баланың тілі бірдей (ұқсас) дейді, сонда қалай?
Көрдім деген неше сөз, көрмедім деген неше сөз?
Түкіріктен көл құрала ма?
Жылағысы келген бала қайтеді?
«Әдепті бала - арлы бала», ал әдепсіз бала ше?
Білгенің қанша? Білмегенің қанша?

Әзіл аралас сұрақтар. Жауабы:
Көз қорқақ, қол батыр
Ананың сүті, баланың тілі - бал.
Көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз.
Көп түкірсе көл болады
Жылағысы келген бала атасының сақалын жұлып ойнайды
Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала
Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз

Классификатор Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың ІІ деңгейі оқу тапсырмалары
Теориясы
«Талдау»
(Салыстыр, айырмашылығы неде? т. б. )
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz