Шегенің ізі


Slide 1

Тақырыбы:

Аутодиструктивтің алдын алу

Дайындаған: Бекарыстанова Ш

Slide 2

Ата-аналарға, оқушыларға «аутодиструктивті мінез-құлықтың» зардабын түсіндіре отырып, өркениетті еліміздің тағдыры осы жастардың қолдарында екендігін ұғындыру. Ата-аналарға бала тәрбиесі жөнінде, әрі отбасында өз баласын жақсы тану, көмек және кеңес беру.

Мақсаты:

Slide 3

Ж. Ж. Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді»- деген екен.

Slide 4

Аутодиструктив дегеніміз - өз-өзіне әдейі жарақаттау арқылы өлім себебіне алып келетін жағдай.

Slide 5

Өзіне қол салу - жастар арасында 13-24 жаста кездесіп отырған жағымсыз ылаң. Кейбір жастардың өміріндегі бақытсыз жағдайлар

есірткіні шектен тыс қолдану, жол апаттары, көпірден немесе үйден құлау, улану өзіне қол салуды зерттеушілердің пікірінше, осылардың көбісі өзіне қол салу болып табылады екен. Баланың басым уақыты мектеп қабырғасында өткендіктен, өзіне қол салуды алдын алу бағдарламасын жүргізген жөн.

Slide 6

Осыған орай үш сұрақ қарастырылады:

Өзіне қол салудың алдын алу үшін не істелу қажет?

Егер жасөспірім өмірін қимақ болса не істеу қажет?

Өзіне қол салу болған кезде не істеген жөн?

Slide 7

Көрсетілетін модель принципі бала білім беру кеңістігінде өз құндылығын, баланың бірегей тума екенін сезінуге және оның жақын арадағы дамуына бағдарланған.

Осы арқылы балаларды әлеуметтік және психологиялық қорғауға, девиантты мінездегі балалардың санын азайтуға, өзіне қол салу әрекеттерін болдырмауға, бала мен ата-ана қатынасын жақсарту бойынша жұмысты ұйымдастыруға және қиын жағдайда өз басын алып жүруге үйретуге мүмкіндік туады.

Slide 8 Slide 9 Slide 10

Өз өмірін қиюға бағытталған саналы ерікті түрдегі әрекет қазіргі таңда бүкіл жаһандық қоғамдық мәселеге айналып отыр. Атап айтқанда, ересектер тарапынан баланың саналы деген талап-тілек, мұқтаждықтарын өнегелі тұрғыдан ескермеу, олардың жас мөлшері мен балалық психологиясына көңіл бөлмеу сияқты кемшіліктерден болып жатады. Балалардың аутодиструктивті мінез-құлыққа бейімділігі мына төмендегі мәселелерге байланысты болады.

Slide 11

Бірінші - баланың достары жоқ, ешкіммен араласпайды және ата-анасымен сырласпайды. Ешкімге сенбейді және барлық проблемаларын өзі шешуге үйренген. Бала сіздің оны өте жақсы көретініңізді және оған әрқашан да көмектесетіңізді, сол үшін жаныңыз ауырып, үрейленетініңізді, мейіріміңізді сезінуі керек.

Slide 12

Екінші - баланы ешнәрсе қызықтырмайды. Оның кез-келген сұраққа жауабы біреу ғана: «маған бәрібір». Үлкендердің барлық өтініштерін орындай береді, себебі, өзінің еш ынта-ықыласы жоқ. Барлық нәрсеге селқос қарайтын бала шәлкес мінез көрсетпейді.

Ата-аналар мұндайда баламыз көркем мінезді деп ойлайды.

Slide 13

Үшінші - бала ауырғанды жақсы көріп, үнемі бір ауруларды ойлап тауып, жақындары қасында болғанда өзін жақсы сезінетінін көрсетуге тырысады. Ата-аналар бірте-бірте «ойдан шығарылған» ауруларға мән бермейтін болады. Міне, сол кезде бала одан да өткен жанкешті қадамдарға барады.

Slide 14

Төртінші - өмірге деген көзқарасы, үміт оты өшкен жан осындай қадамға барады. Оған ата-ана қамқорлығының дұрыс болмауы және педагог мұғалімдердің міндеттерін беріліп орындамауы, баланың ішкі жан дүниесіне үңілмеуі себеп.

Slide 15

Өздерін аутодиструктивті мінез-құлыққа баратын балалар әрі әлсіз, әрі батыл адамдар. Осы аутодеструктивті мінез-құлыққа баратын балалар өздерінің іс-әрекеті туралы ылғи ескерту жасайды. Кейде айтады, кейде соны білдіретін іс-әрекеттер жасайды. Өзін қоршаған адамдардың барлығына білдірмегенімен, жақын досына немесе туысына білдіреді. Енді осы кезде өзіне қымбатты бір адам ара түссе, өмірдің қымбатшылығын түсіндірсе, ол ешқашан мұндай қадамға бармайды. Отбасында қандай, қай жастағы бала болсын онымен санасып, оның жеке ерекшелігін ескеріп, ақылдасып отырған мақұл. Мысалы, әке ұлының, шеше қызының жан дүниесіне үңіліп, жан сырын аша білсе, баланың өмірге деген сенімі күшейеді.

Slide 16

Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Ендеше, адам тағдырына келгенде жауапкершілікті тек ұстаздарға ғана жүктеп қоймай, ата-ана өз міндетін орындау керек. Аутодестуктивті мінез-құлықты бала алдымен «стресске» шалдығады. Осыған себеп бала өзіне көңілі ешқашан толмайды. Біз жасаған талдау кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлыққа баруына ата-анасынан қорқуы себеп болатынын көрсетті. Сондай -ақ жасөспірімдерді аутодеструктивті мінез-құлыққа апаратын басқа да фактілері анықталды, статистика бойынша жыл сайын әлемде 1 млн адам аутодеструктивті мінез-құлыққа баратындығы анықталды.

Slide 17

Оның көптеген себептері бар:

1. Материалдық тұрмыстық қиыншылықтар;

2. Тұқымқуалаушылық фактілері;

3. Отбасылық ұрыс-керіс, ата-ананың ажырасуы, жалғыздық, махаббатта жолы болмау, жыныстық қатынастағы әлжуаздық;

4. Психикалық сырқаттық;

5. Қылмыстық жауапкершіліктен қашу, істеген ісінің ұяттығынан қорқыныш;

Slide 18

6. Оқу орынындағы даулы мәселелер;

7. Әр түрлі секталарға кіріп, одан шығу жолын таппау;

8. «Өмір сүруден шаршадың ба?» атты арнайы Интернет сайттар;

9. Теледидардан көрсетіліп жатқан қарақшылық, жауыздық туралы фильмдер;

10. Арақ ішу, насыбай ату, шылым шегу- осының бәрі жастардың миына кері әсер етуі.

Slide 19

Жастардың бос уақыты көп болғандықтан, бос өмір кешуде. Адам болған соң адаспайтын, қателеспейтін адам жоқ, оны ешкім де жазғырмайды. Одан қорқудың да, намыстанудың да қажеті жоқ. Ата-ананың баласының болашағына деген алаңдаушылығының төмендігі, оның білімі мен тәртібін қадағалап отыратын құнттылықтың жоқтығынан емес пе екен деген ойға тоқталасың. Қазіргі таңда мектеп жасындағы балалардың ата-анасының көпшілігінің жасы елуге жетпейді, жас, демек сауатты. Десек те сол жас ата-ана не үшін өз баласының болашақ тағдырына аса көңіл бөлмей, немқұрайлы қарайтынына ойланбасқа шара жоқ. Ата-аналардың ішінде көпшілігі жұмыс істемейді, үйде үй шаруасымен айналысады. Ал кейбіреулері тіршілікті күйттеп бала-шағасын үйде қалдырып өздері басқа жақта жұмыс істейді.

Slide 20

Баланы күнделікті ата-ана қадағалап жатпағасың, қай уақытта сабаққа кетті, қай уақытта келді деп мұқият көңіл бөліп отырмағасын баланың еркінситіні айдан анық. Соның нәтижесінде бала өтірік айтуды, шылым шегуді, арақ ішуді және қылмыстық іс-әрекетке баруды әдетке айналдырады. Өзімнің педагогтық тәжірибемнен қазіргі таңдағы кейбір ата-ана тәрбиесінің осал екенін айқындайтын бір ғана жайтқа тоқталсам: әке-шешесі бар 8 сыныпта оқитын оқушыны бір оқу жылы бойы арнайы бақылап көрдім. Педагог-психолог ретінде анасымен де, оқушымен де бірнеше рет жеке сөйлестік, әңгімелестік. Нәтижесінде анасы баласының болашағына, оның тәрбиесіне, біліміне жеңіл қарайтыны анықталды.

Slide 21

Бала - балқытылған алтын, қалыпқа қалай құйсаң солай қалыптасады. Ата-ананың көбі балаға жақсы көретініңді білдіртпеу керек деп ойлайды. Олардың ойынша баланы тым жақсы көру олардың ерке болуына, өзімшіл болуына әкеп соғады деп ойлайды. Бұл ойды жоққа шығару керек. Осы жағымсыз тұлғалық қасиеттер керісінше, осы балаға деген махаббаттың жетіспеушілігінен болады.

Баламен үнемі терең психологиялық байланыс орнату -тәрбиенің әмбебап шарты болып табылады. Бұндай байланыс балаға қай жаста болса да керек.

Slide 22

«Баланың алдында ата-ана қандай болу керек?»

- Тәрбиелі, мәдениетті;

- Жан-жақты, күнделікті өмір жаңалықтарынан хабардар;

- Бала алдында жат қылықтар көрсетпеу, яғни дөрекі сөйлемеу, ұрыспау себебі, күнделікті мұндай кикілжіңнен бала жасық болып өседі.

- Ішімдік ішпеу, артық сөйлемеу яғни, біреуді жамандамау, өсек айтпау;

Slide 23

Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. . . .

Slide 24

Мен қуанамын. . .

Мен ренжимін. . .

Мен армандаймын. . .

Мен уайымдаймын. . .

Ата-анамыз бақытты болғанда;

Ата-анамыз әрқашан аман болып жүргенде;

Ата-анамыздың көңіл-күйлері көтеріңкі болғанда, мені еркелеткенде;

- әкеммен бірге балық аулауға барғанда;

Ата-анамның осы өмірде бар болғанына, бізге шуағын шашып жарық бергендеріне;

Маған күтпеген жерден сыйлық жасағанда;

олармен бірге қонаққа барғанда;

Анам жұмыстан ерте келгенде;

Ата-анамның жалақысы көп болғанда;

Кішкентай болғанда мамам менің туған күніме басыма қалпақ кигізетін мен сонда қатты қуандым

Ата-анам қиын жағдайға тап болғанда;

Ата-анам мені кей жағдайларда дұрыс түсінбегенде;

Ата-анам кейде мені қолдамаған кезде;

Ата-анам менімен бірге ақылдасып, бірге шешім қабылдамаған кезде;

ата-анам ұрысса, дауласса, ренжіссе;

мен “3”алып калғанда ата-анам ренжиді, ал мен өзіме ренжимін;

ешқашан ренжімеймін;

менімен серуендеуге шықпаса, маған көңіл бөлмесе ренжеймін;

маған еш себепсіз айқайлап ұрысқанда ренжимін;

олар бір жаққа кеткенде мені үйде қалдырады, мен ренжеймін;

Әрқашан отбасымда аманшылық болғанын;

Ата-анамның әрқашан жанымда болғанын, ұзақ өмір сүргендерін;

Ер жетіп ата-анамның қамқоршысы, қолғанаты болуға;

Ата-анамның махаббаттарының ешқашан ажырамағанын;

Ақша жағынан ата-анам қиналмай, жалақылары көбейгенін;

әкем облыс әкімі болғанын;

Ата-анам екеуі де президент болса;

ауырмай, шексіз өмір сүрсе;

ата-анам әдемі киім киіп әрқашан әдемі болып жүргенін;

анама жаңа машина сатып бергім келеді;

Ата-анамның бір-бірімен ренжісіп, көңіл-күйі лері болмаса;

Ауырып қалса;

Ата-анам менен қашықтықта болса келмей қала ма деп;

Осы жылғы оқуымды дұрыс аяқтай алмай, ата-анамды ренжітіп аламын ба деп;

Маған артқан үміттерін ақтай алмай қаламын ба деп;

анам мен әкемді ренжітіп алсам уайымдаймын.

Slide 25 Slide 26

Ата-ананың “айналайынынан” гөрі, ұстаздың тегеурінді талабы баланың болашағына көп пайдасын тигізерін өмір тәжірибесі көрсетіп жүр. ХХІ ғасыр - білім ғасыры, сапалы білімге талап күшейе түскен қазіргі таңда ұстаздың қатаң қадағалауы керек-ақ. Сондықтан “ұстазы балама қатал талап қояды” деген ойдан аулақ болып, мұғаліммен жақсы қарым-қатынас орнатып, жақсы нәтижеге жетуге бірге атсалысыңыздар.

Slide 27

Мен өзімнің мұғалімімді жақсы көремін, себебі ол. . . .

Мұғалім бұл-

Мен қалар едім мұғалімнің. . . .

Мен мұғалімді тыңдаймын, себебі ол. . .

Маған мұғалімнің бойында ұнайтын қасиеті. . .

Маған мұғалімнің бойында ұнамайтын қасиеті. . .

Тамаша кісі;

өте мейірімді;

ақылды;

инабатты

Талапшыл;

сабақты жақсы түсіндіреді;

ең жақсы мұғалім;

сабақты өте қызықты өткізеді;

Екінші анамыз;

сабақ;

ең білгіш адам;

асыл жан;

Шыншыл, әділ, талапшыл болғанын;

өмірі сәнді де, мәнді болғанын;

сабақты жақсы түсіндіргенін;

жақсы баға қойғанын;

өмірі жақсы болғанын;

Өте жақсы кісі;

сабақты жақсы түсіндіреді;

мен үшін қымбат жан;

бізді әрқашан бауырына тартып жүреді;

ұрыспайды;

маған күлімсіреп қарайды;

әділ де шыншыл адам;

мені мақтайды;

әрқашан көңілді болып жүреді;

Кейде қатал болғанда;

сабаққа келмегенде;

менен сабақ сұрамағанда;

көңілі жоқ болғанда;

Slide 28

Кінәлі сөздер. . .

Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің.

Неге сен басқа балалардай емессің?

Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір-кір.

Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың.

Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады.

Ата-аналар осы сөздерді былай алмастыруына болады:

«Сенің де қолын өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді. Оқу озаты немесе оқу екпіндісі боласың» - деп, үміт артуы керек.

«Сенің де басқалардан өзгеше болуына құқын бар, сенің де қолыңнан келеді» - деп, сенім артуы керек.

«Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр » - деп, баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек.

«Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық жасама».

«Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің. Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз болуды арманда » және ата-анасын сыйлау керек екенін айтып отыру керек.

Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес.

Slide 29

Ата - аналарға кеңес

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ “БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ -

АТА-АНАСЫ” ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

Slide 30

1. Баланың берген сұрағына жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.

2. Балаңыздың жеке бөлмесі не бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз.

3. Балаңыздың шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық іс - әрекетпен айналысып отырса.

4. Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсету.

5. Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.

Slide 31

6. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.

7. Отбасымен шешетін мәселелерге балаңызды қатыстырып, оның жеке басының ой-пікірімен санасыңыз.

8. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз.

9. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.

10. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынам жасауға үйретіңіз.

Slide 32

11. Қиын нәрселерді тауып және оны өз бетімен, жауапкершілікпен шешуге балаңызға көмек көрсетіңіз.

12. Балаңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.

13. Балаңызбен бірге әңгімелер, ертегілер, фантастикалық оқиғалар құрастырып, баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасаңыз.

14. Балаңыздың сүйікті ісіне керек кітап, ойын, т. б. құралдармен қамтамасыз етіңіз.

15. Балаңыздың алған негізгі ісінің ойдағыдай орындалуына сеніміңіз болмаса да, сол істі өзі аяқталуына жағдай жасаңыз.

Slide 33

16. Бала өз жұмысын көрсете алатын стенд жасап қойыңыз.

17. Істеген жұмысының нәтижелі болуына көмектесіңіз.

18. Баланың қойған талабына ерекше көңілмен қараңыз.

19. Балаңыздың өткір ойлығына сеніп, әрдайым сенім артыңыз.

20. Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз.

Slide 34

21. Табысқа күшпен жетуге болмайды, сондықтан балаңызға күш көрсетіп, тапсырманы орында деп талап етпеңіз.


Ұқсас жұмыстар
Цифр қай елдің сөзі
Электр сыйымдылық
Аутодиструктивтің алдын алу
Көмекші қималар әдісі
Темір және оның қосылыстары
Табиғат құбылыстары
Абай Құнанбаев 1845-1904 туралы
Конденсатордың екі өткізгіші
Хром тобына Темір тобына
Аңшы иттер. Құс аулайтын иттер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz