Алтын балық ертегісі бойынша оқу-әдістемелік жоспар


Slide 1

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл,

Құшағы гүлге толады.

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы досым - ай.

Slide 2

Ертегілер еліне

қош келдіңіздер!

Slide 3

Алтын балық

(Ертегі)

Slide 4 Slide 5

«Оқу мен еңбек - егіз» дегенді қалай түсінесің?

Slide 6

Кітаптың сыртындағы суреттегі кім? Және оның «Оқуға шақыру» өлеңін жатқа айтып бер

Slide 7

Балалар, бұл жол басы -

даналыққа,

Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та.

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей

көп

Соларды көре тұра қалалық па?!

Даналық өшпес жарық, кетпес

байлық,

Жүріңдер іздеп тауып алалық та!

Ахмет Байтұрсынұлы

А. Байтұрсынов 1872 - 1937 жылдары өмір сүрген. Қоғам қайраткері, ақын, лингвистік аудармашы, ағартушы ғалым, ұлт ұстазы. Қазақ тілінде тұңғыш Әліппені жазған. Балаларға арнап та бірнеше өлеңдер жазған.

Slide 8

Балықшы мен балық.

(Ертегі)

Slide 9

Ертегі - қиял мен арманға негізделген шығарма. Ертегілер әңгіме, өлең түрінде айтылады, жазылады. Онда халықтың арманы, әдет - ғұрпы, мұңы баяндалады.

Ертегі

Slide 10

Ой ашар: «Азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың».

Сөйлемнің мағынасын түсіндіру.

Slide 11

Суретке назар аудар !

Әр топқа тапсырма:

І - топ: Суретке қарап өз ойынан ертегі құрастырып айтады.

ІІ - топ: «Егер мен балықшы болсам . . . »

ІІІ - топ: «Егер мен балық болсам . . . »

ІV - топ: Осы тақырыпқа сәйкес келетін сурет салады.

Балықшы мен балық.

Slide 12

2. Мағынаны тану.

1. Ертегіні оқып, мазмұнын айтып беру.

Балықшы мен балық

(Ертегі)

Балықшы балық ұстапты.

Балық:

- Суға коя бер, - деп жалыныпты. - Мен қазір кішкенемін. Мені алғанмен, саған түсер пайда аз. Жесең - ауызың жарымайды. Сатсаң - пұлға жарымайсың. Қоя берсең - мен өсемін, үлкен боламын. Сонда, жесең - тоясың, сатсаң - пұлға молығасың.

Балықшы сонда:

- Жок, балығым, сол есеппен мен сені жібере алмаймын. Көп пайдадан дәметіп, аз пайдадан айырылу - ақылдының ісі емес, - депті.

(А. Байтұрсынов)

Slide 13

«Көп пайдадан дәметіп, аз пайдадан айырылу ақылдының ісі емес» - деген сөйлемнің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Slide 14

2. Венн диграмасын құрып, екі ертегіні салыстырайық алтын балық ортақ қасиеті балықшы мен балық

Slide 15

3. Ой толғаныс: «Екі түрлі түсініктеме күнделігі»

Қатты әсер етті

пікірім

Бөлінген бөліктің сол жағына мәтінді оқу барысында қатты әсер еткен тұстар жазылады.

Бөліктің оң жағына:сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазылады.

Slide 16

.

Күнде

лікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқы

лау

Slide 17

V. Үйге тапсырма:Еркін жазу: ертегі құрастырып келу. VІ. Оқушыларды бағалау. VІІ. Сабақты қорытындылау.

Slide 18

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
PAINT графикалық редакторы бойынша оқу-әдістемелік жоспар (1-5 сабақ)
Алтын адам тақырыбына арналған қазақ тілі сабағының оқу-әдістемелік жоспары
5-сынып: Аяз би ертегісі бойынша қорытынды сабақ
Бауыржан Момышұлының Қарлығаштың құйрығы неге айыр? ертегісіне арналған оқу-әдістемелік жоспар
Балық өнімдерінің жаңа технологиялары бойынша патенттік зерттеу
Әліппе пәні бойынша оқу-әдістемелік құрал: жазу дәптері мен дидактикалық материалдар
Мектепалды даярлық сыныбы: Мақта қыз бен мысық ертегісі бойынша көркем әдебиет сабағы
Мектепалды даярлық тобы үшін О дыбысы мен әрпі бойынша оқу-әдістемелік сабақ жоспары
3-сыныпқа арналған Абайдың Шегіртке мен құмырсқа мысалы бойынша әдебиеттік оқу сабағының оқу-әдістемелік жоспары
Сөз таптары: қазақ тілі бойынша оқу-әдістемелік көмекші құрал
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz