Тыныс органдарын қорғаудың қарапайым құралдары


Slide 1

Жеке қорғаныс құралдары

ШҚО, Тарбағатай ауданы,

Тана мырза орта мектебі

Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы :Байназаров Айдын Айтқалиұлы

Slide 2

Жалпы түсінік

Жеке қорғаныс құралдары (ЖҚҚ) Қазақстан Қарулы Күштеріндегі жеке әскери құрамның әскери күш қуатын сақтауға және қарсыластың жаппай жою қаруларын қолданған жағдайдағы әскери тапсырмаларды орындауды қамтамасыз етуде, уланған аймақтан әскери техника мен қару жарақты алып шығу кезінде қолданылады.

Slide 3

Жеке қорғаныс құралдарының жіктелуі :

Тыныс алу органдарын қорғауға (СИЗОД)

Көру мүшесін қорғауға (СИЗГ)

Теріні қорғауға арналған (СИЗК) .

Тыныс алу органдарын қорғауға арналған - газхтұмылдырықтар, тұмылдырықтар, ауа сүзгілі аппараттар (ИДА), қосымша тыныс алу қорабы(КДП), т. б

Көру мүшесін қорғауға -көзілдіріктер.

Теріні қорғауға арналған-ОЗК(қорғаныс толымы, плащтар т. б

Slide 4

Жеке қорғаныс құралдарын уақытында, дұрыс қолдана білу улағыш заттардан (ОВ) ядролық жарылыстың жарықтық сәулеленуінен, радиоактивті шаңнан (РП), радиоактивті заттардан (РВ), бактерологиялық (биологиялық) аэрозолдардан (БА), сақтайды және оттегі бар құралдар су астында, ауасы таза емес ортада жұмыс жасағанда сенімді көмек береді.

Slide 5

Жеке құрамның қорғалуын күшейту мақсатында жеке қорғаныс құралдарымен бірге медициналық құралдар жеке мед қорап құрамының ішінде және химиялық улануға қарсы жеке пакет беріледі.

Арналуы жағынан жеке қорғаныс құралдары жалпы әскерлік, арнайы болып бөлінеді. Жалпы әскерлік жеке қорғаныс құралдары Қазақстан Қарулы Күштерінің барлық әскер түрлеріне қолдануға арналған. Арнайы жеке қорғаныс құралдары арнайы мамандандырылған әскери қызметшілер арнайы тапсырмалар орындағанда пайдаланылады.

Slide 6

Жеке қорғаныс құралдарын шешу арнайы пәрмен арқылы жүргізіледі

Жеке қорғаныс құралдарын шешу үшін «Қорғаныс құралын шеш» пәрмені беріледі. Кей жағдайда қорғаныс құралдарының жеке түрлерін шешуге нақтыланған пәрмен беріледі. Жеке құрамның улану қаупі болғанда, арнайы толық тазалау жұмыстары жүргізіліп болмаған жағдайда(әскери техника, қару жарақ ) жеке қорғаныс құралдарын шешуге рұқсат етілмейді. Тек толық жеке құрамды әскери техниканы, қару-жарақты санитарлық тазалау жұмыстары біткеннен кейін шешуге рұқсат етіледі.

Slide 7

Қорғаныс әсерінің принципі бойынша теріні қорғау құралдары оқшаулаушы және сүзгілі болып бөлінеді. Теріні қорғайтын оқшаулаушы құралдар ауа өтпейтін материалдардан, әдетте арнаулы иілімді және аязға төзімді резеңке сіңірілген матадан жасалады. Олар қымтамалы және қымтамайтын болуы мүмкін; қымтамалы құралдар бүкіл денені жабады және улағыш заттардың булары мен тамшыларынан қорғайды. Улағыш заттардан қорғаумен қатар бұл қорғаныс құралдары тері қабаты мен киімді (киім-кешекті) радиоактивтік заттармен және биологиялық құралдармен зақымдаудан қорғайды.

Slide 8

Тыныс органдарын, көз бен бет терісін улағыш, радиоактивтік заттар мен биологиялық құралдардан қорғауға арналған. Газтұмылдырық газтұмылдырықтық(сүзіп, сіңіріп алатын) қорап пен беттіктен тұрады. Бұдан басқа газтұмылдырық толымына газтұмылыдырықты сақтап, алып жүруге арналған сөмке, гидрофобтық (ылғал сіңірмейтін) тоқыма қап, сөйлесу құрылғысының запас қаңылтақтары бар қорап және көзілдірік әйнектерін буланудан сақтайтын терлемейтін пленкалар қорабы кіреді. Газтұмылдырық қорабы демалатын ауаны зиянды қоспалардан тазартуға қызмет етеді

Slide 9

Теріні қорғау құралдары (СИЗК)

Теріні қорғайтын оқшаулаушы құралдарға жалпы әскерлік қорғаныш толымы(ОЗК) (Л-1, КИХ-4, Ч-20 қорғаныш костюмдері) және арнаулы қорғаныш киімі жатады. Теріні қорғайтын сүзгілі құралдар арнайы химиялық заттар сіңірілген мақта мата киім -кешек пен іш киім түрінде дайындалады. Арнайы қорғаныш киімінің мынадай түрлері болады: жеңіл костюм, комбинезон, күрте мен шалбардан тұратын костюм және алжапқыш. Пневмокостюмдер атмосфера мен жабдық радиоактивтік заттармен қатты, шекті рауалы нормалардан едәуір асып түсетіндей болып ластанған жағдайда әр түрлі технологиялық операциялар атқаруға мүмкіндік береді.

Slide 10

Теріні сақтайтын сүзгілі жеке қорғаныс құралдары

Теріні қорғау сүзгілі жеке қорғаныс құралдарына: (СИЗК) жалпы әскерлік комплексті қорғаныс костюмі (ОКЗК), жаңартылған жалпы әскерлік комплексті қорғаныс костюмі (ОКЗК-М), десанттық жалпы әскерлік комплексті қорғаныс костюмі (ОКЗК-Д), жалпы әскерлік сүзгілі толым (ОФК), қорғаныс костюмі (КЗС) .

Slide 11

Сүзгіш тұмылдырықтар-

Арналу мақсаты жөнінен тұмылдырықтар шаңға қарсы (ШБ-1, , «Лепесток», «Кама», У-2 К, РПА-1) және газ бен шаңнан қорғайтын (РПГ-67, РУ-60СН, «Лепесток-1») болып бөлінеді


Ұқсас жұмыстар
Жеке қорғаныс құралдары
Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен жолдары
Қарапайым жайлар
Көзді қорғау құралдары - қорғағыш көзілдіріктер
Жеке қорғаныс құралдарының материалына қойылатын талаптар
ЖЕКЕ ҚОРҒАНЫС ҚҰРАЛДАРЫ туралы
Халықты көшіру
Халықты қорғаудың жеке және медициналық құралдары
Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі
Ақпаратты қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz