Жұлдызды сәт: 7-9 сыныптарға арналған физикадан интеллектуалдық сайыс Кім жылдам?


Slide 1

“Жұлдызды сәт”

Интелектуалды сайыс сабақ

Slide 2

“К і м ж ы л д а м?”

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан

Slide 3

Интелектуалды сайыс сабаққа қатысушылар:

Slide 4

“К і м ж ы л д а м?”

І кезең:

“Ойлы болсаң, озып көр!”

ІІ кезең:

“Тапқыр болсаң, тауып көр!”

ІІІ кезең:

“Жүйрік болсаң, озып көр!”

Slide 5

.

“К і м ж ы л д а м?”

Ойын шарты: Ойын ІІІ кезеңнен тұрады.

І кезеңнің шарты:

І кезеңде з тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады. Әр сұрақ өз деңгейіне байланысты ұпаймен есептеледі.

! І кезеңнен кейін төмен ұпай жинаған 3-оқушы ойыннан шығарылады.

ІІ кезеңнің шарты:

Әр оқушыға жеке сөзжұмбақтар беріледі. Сөзжұмбақтар 7-9 сынып материалдарын қамтиды. Сөзжұмбақ жалпы 80 ұпаймен есептеледі.

ІІІ кезеңнің шарты: Ақтық сайыс

Әр оқушыға 1 минутта 10 сұрақ оқылады. Әр дұрыс жауап 10 ұпай

Slide 6

“К і м ж ы л д а м?”

І кезең:

“Ойлы болсаң, озып көр!”

І кезеңнің шарты:

І кезеңде з тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады. Әр сұрақ өз деңгейіне байланысты ұпаймен есептеледі.

! І кезеңнен кейін төмен ұпай жинаған 3-оқушы ойыннан шығарылады.

Slide 7

“Физикалық құбылыстар”

“Нобель сыйлығы”

“Физикалық шамалар”

20

30

40

50

20

30

40

50

20

30

40

50

І кезең:

“Ойлы болсаң, озып көр!”

Slide 8

Неліктен көктемде ағаш, тал теректерді ақтайды?

Ақ бет күннен түскен сәулені шағылдырады да, ағаштарды күйіп-құрғап кетуден сақтайды.

Slide 9

Күн ыстықта және қуаңшылықта егіндер өліп қалмас үшін, егістіктегі ылғалдылықты қалай сақтау керек?

Бұл үшін булануды азайту керек. Ол үшін топырақты қопсытады.

Slide 10

Табиғаттағы су айналымында қандай физикалық құбылыстар байқалады?

Судың булануы, будың конденсациялануы, көлдердегі судың тасуы, т. с. с.

Slide 11

Неліктен ерте көктемде мұз еріп, сең жүре бастағанда теңіз жағалауында одан әрірекпен салыстырғанда суығырақ болады?

Мұз еруі үшін оған жылу керек, ал мұз бұл жылуды өзін қоршаған ауадан алады, сондықтан ауаның температурасы төмендеп, сең жүрген өзен, көлдері бар басқа жерлерге қарағанда суығырақ болады.

Slide 12

Нобель сыйлығы не үшін беріледі?

Бұл сыйлық жыл сайын физика, химия, медицина, әдебиет пен өнер, бейбітшілікті нығайту саласында еңбек етіп, жаңалық ашқан ғалымдарға беріледі.

Slide 13

Ең алғаш Нобель сыйлығы қай жылы берілді?

1901 жылы

Slide 14

Ең алғаш Нобель сыйлығын кім және қандай жаңалығы үшін алды?

Неміс ғалымы Вильгельм Конрад Рентген, х-рентген сәулелерін ашқаны үшін

Slide 15

Қай физик 2 рет, бірінші рет физика, екінші рет химия саласындағы еңбегі үшін Нобель сыйлығын алды?

Мария-Складовская Кюри

Slide 16

Бұрыштық жылдамдық дегеніміз қандай шама?

Бұрылу бұрышының уақыт өтуімен өзгеруін сипаттайтын физикалық шама

Slide 17

Күш дегеніміз қандай шама?

Денелердің бір-біріне әрекетінің сандық өлшемін сипаттайтын физикалық шама

Slide 18

Масса дегеніміз қандай шама?

Дененің инерттілігінің, яғни күштің әрекетінен белгілі бір үдеу алу қабілетінің сандық мәнін сипаттайтын физикалық шама

Slide 19

Дене импульсі-қандай шама?

Дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шама

Slide 20

“К і м ж ы л д а м?”

ІІ кезең:

“Тапқыр болсаң, тауып көр!”

ІІ кезеңнің шарты:

Әр оқушыға жеке сөзжұмбақтар беріледі. Сөзжұмбақтар 7-9 сынып материалдарын қамтиды. Сөзжұмбақ жалпы 80 ұпаймен есептеледі.

Slide 21

“К і м ж ы л д а м?”

ІІІ кезең:

“Жүйрік болсаң, озып көр!

ІІІ кезеңнің шарты: Ақтық сайыс

Әр оқушыға 1 минутта 10 сұрақ оқылады. Әр дұрыс жауап 10 ұпай

Slide 22

ІІІ кезең

ІІІ кезең

ІІІ кезең

Slide 23

1. Зат дегеніміз не?

2. Қандай шамалар векторлық шамалар деп аталады?

3. Үдеудің анықтамасы?

4. Потенциялдық энергия дегеніміз қандай энергия?

5. Жұмыстың өлшем бірлігі?

6. 54 км/сағ - СИ жүйесінде?

7. Ньютонның І заңы қалай тұжырымдалады?

8. Период дегеніміз қандай шама?

9. Ауырлық күші қандай күш?

10. Теңайнымалы қозғалыс - қандай қозғалыс?

Slide 24

1. Дене дегеніміз не?

2. Қандай шамалар скаляр шама деп аталады?

3. Температура дегеніміз не?

4. Толық механикалық энергия?

5. Күштің өлшем бірлігі?

6. 72 км/сағ СИ жүйесінде?

7. Ньютонның ІІ заңы қалай тұжырымдалады?

8. Жиілік дегеніміз қандай шама?

9. Серпімділік күші қандай күш?

10. Қисықсызықты қозғалыс - қандай қозғалыс?

Slide 25

1. Материя дегеніміз не?

2. Физика қандай ғылым?

3. Энергия дегеніміз не?

4. Кинетикалық энергия қандай энергия?

5. Температураның өлшем бірлігі?

6. 36 км/сағ СИ жүйесінде

7. Ньютонның ІІІ заңы қалай тұжырымдалады?

8. Центрге тартқыш үдеу

9. Тіректің реакция күші

10. Реактивті қозғалыс - қандай қозғалыс?

Slide 26

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға

КӨП РАХМЕТ!


Ұқсас жұмыстар
Жұлдызды сәт: арифметика, жұмбақтар және сиқырлы шаршыға арналған математикалық сайыс
7-9 сыныптарға арналған тарих пәнінің интеллектуалдық ойыны Қазына аралы: сұрақтар мен жауаптар
7-11 сыныптарға арналған Жұлдызды сағат интеллектуалдық шоу: физика және информатика бойынша жоспар мен тапсырмалар (Дайындаған Достлеуова Л., 2011)
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Өтес орта мектебінің 2013 жылғы Жұлдызды сәт математикалық сайыс бағдарламасы
9-сыныптарға арналған Паскаль бағдарламалау тілі бойынша Көңілді тапқырлар сайыс сабағы
9-сыныптарға арналған Физика әлеміне саяхат сайыс сабағының сабақ жоспары мен әдістемесі
7-сыныптарға арналған информатикадан Не? Қашан? Қайда? атты 12 кезеңді сабақтан тыс сайыс бағдарламасы
Кім білімді кім жылдам кім күшті - информатика сайысының өткізу жоспары
7-сынып математикасы: Кім жылдам? - ойындар арқылы бұрыштар мен негізгі геометриялық ұғымдарды қайталау
Тапқыр достар: физикадан интеллектуалдық шоу бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz