Қызықты физика


Slide 1

"Қызықты физика"

Ф И З И К А Л Ы Қ О Й Ы Н Ы

Slide 2

«Қызықты физика»

физикалық ойынының бағдарламасы

Мақсаты:

Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Slide 3

Көрнекілігі:

Ойынның слайдтары, қобдиша, физикалық

приборлардың суреттері, оқушылардың

шығармашылық көрмесі, физикалық тәжірибе

жасауға арналған құралдар,

Әдіс-тәсілдері:

Ауызша жауап беру, тәжірибе

жасау, сұрақ-жауап.

Формасы:

Ойын сабақ

Slide 4

БАРЫСЫ:

Ойынның шарттары:

1. ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту) ;

2. «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар) ;

3. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп) ;

4. «КІМ ТАПҚЫР!» (Ғажайып жетілік) ;

5. «ОЙЛАН ТАП!»

(берілген тапсырма бойынша

физикалық тәжірибе жасау) ;

6. СЕРГІТУ СӘТІ.

(Кел, күлейік!)

7. «ТІЛ - ӨНЕР»

(жұмбақтың шешімін тауып,

орыс, ағылшын тіліне аудару)

8. «Физикалық диктант. . . »

Slide 5

- Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

«Қызықты физика»

атты физикалық ойынына қош келдіңіздер!

Уа жарандар, жарандар!

Бәрің бері қараңдар.

Бәріңе жар салайық,

Жылдам шешіп жарысып,

Сұрақ пенен есепті.

Приборларды сөйлетіп,

Жасайық тәжірибені.

Көңілді ойын жасайық,

Асықпайық, саспайық.

Физиканың еліне

Батыл қадам жасайық,

Осылайша шабытпен,

Ойынымызды бастайық! -

Ойынға қатысушы оқушыларға сәттілік тілей

отырып, ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Slide 6

Ойынға 2 топ қатысады.

«Ойшылдар» тобы

«Тапқырлар» тобы

ТАНЫСТЫРУ

(Ойынға қатысушы екі топ өздерін таныстырады. )

1-топ: «Ойшылдар» тобы

Ұраны:

Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн ойында ойшылдықпен аламыз.

Сәлемдесуі:

Достарым ерігіп жүрме бос,

Қол ұстас, бірігіп тізе қос.

Жеңіспен мәреге барайық,

Жеңістің ұранын салайық.

Slide 7

2-топ: «Тапқырлар» тобы

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі:

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!

Slide 8

«КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар)

1. Шам, плита жұмысын жасай қалды,

Ал оның есептен-ақ басы айналды.

2. Электр тогы дегеніміз не?

3. Ең алғаш ғарышқа ұшырылған иттің есімі

4. Радионың атасы?

5. Аристотельден кейінгі

«екінші ұстаз» атанған ғалым.

6. Ағылшын ғалымы Иссак

Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс

заңын ашуына не себеп болды?

7. Заттың ең кішкентай бөлігі?

8. Физика не туралы ғылым?

9. Келвин шкаласында судың

қайнау температурасы?

10. 1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды?

№1

Slide 9

1. Энергияның дененің көбірек

қызған бөлігінен азырақ

қызған бөлігіне қарай таралуы.

2. Заттың сұйық күйден қатты

күйге ауысуы -

3. Жылдамдық қандай

прибормен өлшенеді ?

4. Темірқазық жұлдызын

басқаша қалай атайды?

5. Жұмыстың халықаралық

жүйедегі өлшем бірлігі?

6. Ауаның қысымын анықтайтын құрал

7. Физиканың жылу құбылыстарын

зерттейтін бөлімі

8. Сұйықтың бетінде болатын

булану құбылысы

9. Келвин шкаласында судың

қату температурасы

10. Сублимация дегеніміз не? -

№2

Slide 10

III. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп) ;

Тапсырма: Сіздің қолыңызда - 500 теңге ақша бар, оған

100 бас мал сатып алуыңыз керек.

Жылқы - 50 теңге, сиыр - 10 теңге, қой - 1 теңге.

Ойынға ойыншылармен бірге барлық көрермендер де

қатысуға болады.

Есептің шешуі ойынның соңында сұралады.

Есепті ең бірінші тапқан ойыншыға - 500 теңге ұпай беріледі.

- Олай болса, ойынымыздың келесі шартына көшейік.

50 теңге

1 теңге

10 теңге

Slide 11

IV. «КІМ ТАПҚЫР!»

4. Ой жинақтау.

10

Ғалымдар

20

Ғалымдар

30

Ғалымдар

40

Ғалымдар

10

Формула

20

Формула

30

Формула

40

Формула

10

Өлшем. б

10

аспаптар

10

Салтдәстүр

20

Өлшем. б

30

Өлшем. б

40

Өлшем. б

20

аспаптар

30

аспаптар

40

аспаптар

20

Салтдәстүр

30

Салтдәстүр

40

Салтдәстүр

Slide 12

10 Ғалымдар - Орыс тіліне «физика» деген сөзді алғаш енгізген үлы ғалым.

( М. В. Ломоносов)

Жауабы

Slide 13

20 Ғалымдар - 1969 жылы айға алғаш табан тіреген американ ғалымдары кім?

(Н. Армстронг пен Э. Олдрин)

Жауабы

Slide 14

30 Ғалымдар - Сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін зерттеген ғалым.

(Блез Паскаль)

Жауабы

Slide 15

40 Ғалымдар - Атмосфералық қысымның ауа райына байланысты өзгеретінін алғаш байқаған қай ғалым еді.

( Э. Торричелли)

Жауабы

Slide 16

10 Формула -

Бұл қандай формула.

(жылдамдықтың уақытқа

байланысты формуласы)

Жауабы

Slide 17

20 Формула -

Бұл қандай өрнек.

( қозғалыс заңы)

Жауабы

Slide 18

30 Формула -

Бұл қандай формула.

(дененің тығыздығы)

Жауабы

Slide 19

40 Формула -

Бұл қандай формула.

(Қылтүтіктің көтерілу биіктігі)

Жауабы

Slide 20

10 Өлшем бірлік - м/с қандай

формуланың өлшем бірлігі.

(жылдамдықтың)

Жауабы

Slide 21

20 Өлшем бірлік - м2 қандай формуланың өлшем бірлігі.

(аудан)

Жауабы

Slide 22

30 Өлшем бірлік - Паскаль қай формулаға тиісті.

(қысым)

Жауабы

Slide 23

40 Өлшем бірлік - Ньютон қандай формуланың өлшем бірлігі.

(күш)

Жауабы

Slide 24

10 аспаптар - Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған аспап.

(Ареометр) .

Жауабы

Slide 25

20 аспаптар - Сұйықсыз сөзінің грекше баламасы.

(анероид)

Жауабы

Slide 26

30 аспаптар - Ұшақтардың ұшу биіктігін қадағалап отыратын аспап.

(альтиметр)

Жауабы

Slide 27

40 аспаптар - Сфигмотанометр дегеніміз қандай аспап.

(Жүрек соғуын өлшейтін аспап) .

Жауабы

Slide 28

10 Салт-дәстүр - Айтыстың ен көне түрі

(Бәдік)

Жауабы

Slide 29

20 Салт-дәстүр - Сәукелені желегімен кім, қай уақытта киген ?

(Жаңа түскен келін)

Жауабы

Slide 30

30 Салт-дәстүр - Өмілдірік деген не?

(Ер тұрман әбзелі)

Жауабы

Slide 31

40 Салт-дәстүр - Үш қуатты ата

(ақыл, жүрек тіл)

Жауабы

Slide 32

V. «ОЙЛАН ТАП!»

(берілген тапсырма бойынша

физикалық тәжірибе жасау) ;

2 топтың ойыншысы 2 конвертті таңдайды.

Дұрыс жасалған тәжірибеге - 10 ұпай.

«А» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: шикі жұмыртқа,

суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы

Тапсырма: 1. Суы бар стақанға

жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал.

Не байқалады?

Жұмыртқа стақан түбіне дейін

түседі, яғни батады.

Себебі: Жұмыртқаның тығызыдығы

судың тығыздығынан артық.

Себебі:

Slide 33

2. Жұмыртқаны стақанның ішінен ал,

стақанға 10 шәй қасық тұз сал, толық

ерігенше араластыр. Енді жұмыртқаны

стақанға ептеп сал.

Не байқалады?

Жұмыртқа жоғары қарай қалқып

шығады, яғни батпайды.

Себебі: тұзды судың

тығыздығы жұмыртқаның

тығыздығынан артық, сондықтан

да жұмыртқа батпайды.

Себебі:

Slide 34

В» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: Стақан, өлшемдері

стақан диаметрінен үлкен қалың қағаз

Тапсырма: Стақанды жиегіне дейін су толтыр.

1. Бетін қағазбен жап.

2. Бір қолыңмен стақан түбінен ұстап екінші қолыңның

алақанымен су төгілмейтіндей етіп

қағаз бетін стақанға қысып ұста.

3. Енді түбін жоғары қаратып,

стақанды өте шапшаң төңкер.

4 Қолыңды ептеп қағаздан ажырат.

Не байқалады?

Су стақаннан төгілмейді.

Қағаз стақанға кептеліп қалған тәрізді.

Төңкерілген стақандағы су неге төгілмейді?

Себебі: Стақан түбіндегі қатты қағазға төменнен жоғары

әсер ететін ауаның қысым күші стақан

ішіндегі судың салмағынан көп болады.

Сондықтан қатты қағаз стақанға

тығыз жабысып, су төгілмейді.

Себебі:

Slide 35

VI. СЕРГІТУ СӘТІ.

(Кел, күлейік!)

Тапсырма:

Адамға қарағанда

5 қабырғасы артық,

30 қабырғалы,

517 мускулдан, алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы

бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіреді, 60 метр

қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады?

Жауабы:

Slide 36

VII. «ТІЛ - ӨНЕР»

(жұмбақтың шешімін тауып,

орыс, ағылшын тіліне аудару)

Дұрыс жауапқа

қазақ тілінде - 10 ұпай,

орыс тілінде - 10 ұпай,

ағылшын тілінде - 10 ұпай.

Сұрақтар:

1. Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланады күн сайын жарық үшін.

(ток, ток, energy)

Slide 37

2. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

(сызғыш, линейка, ruler)

3. Суға салсаң батпайы,

Отқа салсаң жанбайды.

(мұз, лед, ice)

4. Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама.

(кітап, книга, book)

5. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

(ауа, воздух, air)


Ұқсас жұмыстар
Физика табиғатта
Дене пішінінің өзгеруі
Оқыту процесінде инновациялық технологияларды пайдалану
Санның квадратын табу
Физика әлеміне саяхат. Сайыс сабақ
Информатика тобы
Тілді қалай өзгертем
Физика сабағында ақпараттық -коммуникативтік технологияны қолдану негізінде оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту
Ақпараттық коммуникативтік технология
ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz