Кісі болар баланың кісіменен ісі бар, Кісі болмас баланың болып келер іші тар
Презентация қосу
“МЫҢ БІР МАҚАЛ,
ЖҮЗ БІР ЖҰМБАҚ”
сайысы
Ойын 7 кезеңнен тұрады:
І. Мақал - мәтел сайысы
ІІ. Мақал - сөздің мәйегі
ІІІ. Мақал - мәтелдер сайысы (көрініс түрінде)
IV. Кім тапқыр?
V. Жұмбақ өлеңдер
VI. Ойлан, ізден, тап
VII. Өтірік өлеңдер
VIII. Жаңылтпаш сайысы
І кезең. Мақал -мәтел сайысы
Кім көп біледі?
ІІ кезең. Мақал - сөздің мәйегі
1. Жалғыздың үні шықпас,
Жаяудың шаңы шықпас.
2. Қырық кісі - бір жақ,
Қыңыр кісі - бір жақ.
3.Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп.
4. Әдепті бала - арлы бала,
Әдепсіз бала - сорлы бала.
5.Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
6.Сумен ойнама, батарсың,
Отпен ойнама жанарсың.
7. Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
8. Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.
9.Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
10.Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
11.Ақыл – бастан,
Асыл – тастан.
12. Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
ІІІ кезең. Мақал мәтелдер айтысы
(көрініс түрінде)
Кім
тапқыр?
Шыңдары шырқау,
Көшіп жүр бір тау.
Жайған жастық сөгілді,
Аппақ мамық төгілді.
Өзім судан өнемін,
Суға салсаң өлемін.
Қабат - қабат қаптама,
Ақылың болса аттама.
Қызыл - жасыл құпырады бау - бақта,
Хош иісін таратады жан - жаққа.
Үтікке міндім,
Мұхитта жүздім.
Суды жақсы көреді,
Одан шықса өледі.
Екі жеңдей құлағы,
Дыбыс сүзіп тұрады.
Жасыл болып, жыпырлап өнеді,
Сары болып, үзіліп түседі.
Жас кезінде қара орман,
Жыл озған сайын ағарған.
Егіздер кезікпейді бір - бірімен,
Арасы екі - ақ елі бір - бірімен.
Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең қанат, еті - тамақ.
Ұшында бір қамшы,
Уы бар сұр қамшы.
Білімнің нәрін тереді,
Балаға тәлім береді.
V кезең. Жұмбақ өлеңдер
Кім
тапқыр?
Ойлан, тап
10 20 30
10 20 30
10 20 30
с
“Қараңғыда тапқаныңды ханға
берме,
Жарықта тапқаныңды жанға
берме.
Мағынасы:
Еңбекпен тапқаныңды орынсыз шашпа!
Кісі болар баланың кісіменен ісі бар,
Кісі болмас баланың болып келер іші тар.
Мағынасы:
Болашақта жақсы азамат болатын бала кіш-
кентайынан көпшіл, кеңпейіл болып келеді.
Өзін - өзі сыйлаған ер бақытты,
Өзін-өзі билеген ел бақытты.
Мағынасы:
Адам әуелі өз қадірін білсе ғана
ел мен жер қадірін де біле алады.
“Аяз би” ертегісінен
Уәлі байдың Меңді дейтін қызы: “Өзімнен ақылы ас-
қан кісіге барам”,-деп, дәмелі болып келген жігіттердің
барлығына пышақ, қайрақ, тәрелке, гауһар тас беріп жі-
береді. Айттыра келген бай балалары мұны түсін-
бейді. Ал Жаман деген кедей жігіт болса, осы заттарды
және құралды сұратып алады. Қайрақты төске қойып бал-
ғамен ортасынан бөледі, тәрелкені уатады, пышақты же-
тесінен сындырып, гауһар тасты қақ жарады.
Жаман қыз жұмбағын қалай шешеді?
“Қарт пен тапқыр жігіт”
ертегісінен
Баяғыда бір қарт адам болыпты. Бір күні шаһарға барып,
үйіне қайтып келе жатқанда, оған бір жігіт жолығады. Жі-
гіт жөн сұрасады, барар жолы бір болғаннан кейін:
- Ата, жолды қысқартайық,- дейді.
Қарт: Жол қалай қысқарады?- деп сұрайды.
Жігіт: Жолдың қысқаруы оңай, екеуміз бірімізді-біріміз
кезек арқаласақ болғаны,- деп жауап берді.
Қарт ішінен: “Япырм-ай, ат – матымен мені бұл қалай
арқалайды, мен қалай арқалаймын?”-деп ойлап, жігіт сө-
зін түсінбейді.
Сонда жол қысқарту деген не? Оны қалай қысқартуға
болады?
Мұнан кейін қарт пен жігіт орылмаған, бірақ пісіп тұрған
егінді көреді. Сонда жігіт:
Ата, мына егін сіздің елдікі ме, иесін білесіз бе?-дейді.
-Иә, біздің елдікі, иесін де білемін.
-Олай болғанда, бұл өзі желініп қойған егін бе, әлде желін-
беген егін бе?-дейді.
Қарт жігіттің бұл сұрағына тағы түсінбейді.
Қарт пен жігіт жолшыбай бір елге кездеседі. Бұл елде бір адам дү-
ниеден өтіп, оны жерлегелі жатыр екен. Жігіт қарттан:
Бұл өзі мүлде өлген кісі ме, жоқ өлмеген кісі ме?–деп сұрайды.
Сонда қарт шыдай алмай:
Өлмесе жерлеуге апармайды ғой! – деп жігіттің бетін қайырып
тастайды.
Жұмбақпен айтылатын шешендік сөз.
а) Бір күні Нұралы хан Сырымды сынағысы кеп одан:
“Өтірік деген не? Шындық деген не? Өтірік пен шын-
дықтың арасы қанша?”-деп сұрапты.
Ханның сұрағын естіген Сырым езу тартып, күліпті де,
қолының 4 саусағын тегіс жазып, көзі мен құлағының
аралығына қойыпты. Бұдан кейін оң құлағын ұстап, оң
көзін нұсқапты. Не айтқаны?
Жұмбақпен айтылатын шешендік сөз.
а) Бір күні Нұралы хан Сырымды сынағысы кеп одан:
“Өтірік деген не? Шындық деген не? Өтірік пен шын-
дықтың арасы қанша?”-деп сұрапты.
Ханның сұрағын естіген Сырым езу тартып, күліпті де,
қолының 4 саусағын тегіс жазып, көзі мен құлағының
аралығына қойыпты. Бұдан кейін оң құлағын ұстап, оң
көзін нұсқапты. Не айтқаны?
Жұмбақпен айтылатын шешендік сөз.
а) Бір күні Нұралы хан Сырымды сынағысы кеп одан:
“Өтірік деген не? Шындық деген не? Өтірік пен шын-
дықтың арасы қанша?”-деп сұрапты.
Ханның сұрағын естіген Сырым езу тартып, күліпті де,
қолының 4 саусағын тегіс жазып, көзі мен құлағының
аралығына қойыпты. Бұдан кейін оң құлағын ұстап, оң
көзін нұсқапты. Не айтқаны?
ә) Малайсары қария Сырымға былай деп бата беріпті:
Кеудең тола бауыр болсын,
Арқаң тола жауыр болсын.
Үйіңнің сыртынан дүбір кетпесін,
Құлағыңның сыртынан сыбыр кетпесін.
Батаның мәнін терең түсінбейтін адам бұл батаның
Мәнін түсінбеуі де мүмкін. Бірақ өзі батыр, ақылы асқан
Сырым бұны жақсы түсінген. Ал, сендер қалай түсінесің-
дер?
VII. Өтірік өлеңдер
VIII. Жаңылтпаш сайысы
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz