Диуани хихмет


Slide 1

ТАҚЫРЫБЫ : Қ. А. Яссаутидің сопылық ілімі

Slide 2

Жоспары:

І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім

1. Қ. А. Яссауидің өмірі өмірі мен ілімі 2. Қ. А. Яссауидің Сопылық ағымы

3. Диуани хихмет 4. Сопылық ілімін қазіргі көзқарас бойынша бағалау ІІІ. Қорытынды ІV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Slide 3

Кіріспе

Қожа Ахмет ибн Ибрагим әл Иассауи (басқа нұсқаларда Қожа Өкінішке орай, Иассауи туралы бізге жеткен мәліметтер аз. Оның Егер де тарихи деректерге жүгінсек, Ахмет Иассауи XI ғасырдың . . . Исхақ баба жұрыны, шейх Ибраһим құлыны, Машайықтар ұлығы - шейхым Ахмед Иассауи Иасы оның арасы, жатыр гауһар парасы, Машайықтар сарасы - шейхым Ахмед Иассауи. Демек, Ахметтің тегін Бибіфатимадан тарататын халық аңызы шындық, олай Түрік ғалымы, доктор М. Кепрулу өзінің «Түрк әдебиятында илк Бала өте қабілетті боп өскен, сондықтан ата - анасы Жүсіп Хамадини ұстазы дүниеден озған соң, Қожа Ахмет Иассауи "Иассауианың" жазылмаған өсиеттерінің бірі - еңбек болады. Ахмет Иассауи Қожа Ахмет Яссауи жеке өмірінің үлгісімен және қарапайым тілімен Ахмет Иассуи халық жадында тек белгілі дінбасы ғана емес, 63 жасында дүниеден озған Мұхаммед пайғамбар жасына жеткеннен соң, Ахмет Иассауи дүниеден озған соң, оның мәйітіне мыңдаған мінажат Ахмет Иассауидің жаңа мешіті Әмір Темірдің басшылығымен Түркістан қаласында

Slide 4

Қожа Ахмет Ясауи (? - 1166 ж. ) қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты Қарашаш.

Slide 5

Ахмет Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға кліп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған софылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады.

Slide 6

Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ) . Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Стамбул, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шыығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кмшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.

Slide 7

Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ) . Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Стамбул, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шыығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кмшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.

Slide 8

«Диуани Хикматтан» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Ясауи әзіреті сұлтан аталып, басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады

Slide 9 Slide 10

«Диуани Хикматтан» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Ясауи әзіреті сұлтан аталып, басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады.

Slide 11

Түркі халықтарының орта ғасыр кезіндегі Ислам мәдениетінің ықпалының күшеюі және біржола араб жазуына көшуі, өмірге көптеген ойшылдарды алып келді. Сонымен қатар бұл кез шығыс әлемінде сопылық ағымнын әсері күшейіп, бірте-бірте канатын кең жая түскен кез еді. Бұл кезең Орта Азия мұсылмандары үшін де аса жауапты уақыт болатын. Осы шақта елдің бірлігін, халыктың татулығын, адамгершілік пен имандылықты, Алла тағала адалдықты көксеген, соны ту етіп, өз шығармаларына арқау еткен. Ақын-шайырлар тобы тарих сахнасына шықты.

Slide 12 Slide 13

Олардың ішінде ерекше талантымен көзге түскендер хорезмдік Ахмет Үтінеки, Ахмег Ясауи, Сүлеймен Бақырғани (Отырар өлкесінен) тағы да басқа көптеген сопылық өкілдер болды. Бұлардың арасында асқан шеберлігімен, елге сыйлылығымен, кайырымдылық пен мейірімділікті өміріне арқау етіп, бүкіл түркі жұртын татулыкка, тазалыққа үндеген, қасиетті әулиесі атанған Қожа Ахмет Хазіреті Сұлтан Ясауи еді. Ахмет Ясауи жөнінде ел арасында көптеген аңыз әңгімелер тараған. Егерде, тарихи деректерге жүгінсек, ақын ежелгі қала Исфиджабта (Сайрам) Ибраһим бин Махмуд деген диханның әулетінде дүниеге келген.

Slide 14

Әйтсе де, Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайкылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді:

. . . Ысқақ баба жұрыны, шейх Ибраһим Құлыны,

Машайықтар ұлығы - шейхым Ахмет Ясауи.

…. Иасы оның арасы, жатыр гауһар парасы,

Машайыктар сарасы - шейхым Ахмед Ясауи.

Slide 15

Сопылық "мистикалық" ағымның түркі тілдес тармағының негізін қалаушы Қожа Ахмет Ясауидың өмірбаяны жан-жақты. толық бізге белгілі емес. Өмірінің кейбір деректері ғана жетіп отыр. Ол әлі ғылыми зерттеулерді, ізденістерді қажет етеді. Ұлы бабамыздың туған күні мен жылы белгісіз. Бірақ Әбсаттар Дербісалы қажының жазған деректеріне сүйенсек Қожа Ахмет Ясауи 1093 немесе 1094 жылы туған делінеді. Өлген жылы- 1166. Ер жеткен соң Түркістан (ол кезде Ясы деп аталған) шаһарына келіп тұрады.

Slide 16

Ахмет Ясауидің ержете келе Түркістанға келуі дінге байланысты болса керек. Ақын өз өлеңдерінде Түркістанға келгені жайында былайша баяңдайды:

. . . Он жетімде Түркістанда тұрдым, міне

Он сегізде Шілтеменеи шарап іштім,

Рузы қылды, Жәннат кезіп қорлар

кұштым,

Хақ Мұстафа жүздерін көрдім, мін

Slide 17 Slide 18

Ата-анасынан ерте айырылған ол атақты түркі шейхы Арыстан баб және Жүсіп Хамадани деген шейхтардан тәлім-тәрбие, білім, бата алады. Білімін Бұхарадан жалғастырады. Өзінің ұстазы кайтыс болған соң көп ұзамай туған қаласына оқымысты адам, сопы ретінде қайтып оралады.

Slide 19

XII ғасырдағы көне түркі тіліңде жазылған "Диуани Хикмет" кітабының авторы - Ахмет Ясауи. "Диуани Хикмет" ("Даналық кітабы") оғыз-кыпшақ тілінде өмірге келген, өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған төл әдеби туынды. Ақынның кең өлкені көшіп - қонып жүрген түркі тайпаларының бәріне де түсінікті ауыз екі сөйлеу тілінде әдемі жеткізе алғандығына күмән келтірмейміз.

Slide 20

XII ғасырдағы көне түркі тіліңде жазылған "Диуани Хикмет" кітабының авторы - Ахмет Ясауи. "Диуани Хикмет" ("Даналық кітабы") оғыз-кыпшақ тілінде өмірге келген, өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған төл әдеби туынды. Ақынның кең өлкені көшіп - қонып жүрген түркі тайпаларының бәріне де түсінікті ауыз екі сөйлеу тілінде әдемі жеткізе алғандығына күмән келтірмейміз.

Slide 21

Көптеген түркі халықтары "Хикметті" аудармасыз-ақ қиналмай оқый алады. Дін исламнан хабары бар жанға "Хикмет" тілі өте жеңіл. Оны беріліп оқып, тереңірек үңілген адам, Ахмет жырларының қыпшақ тілдеріне өте жақын екенін байқар еді. Шығарманың тілдік лексиконы әсіресе, лексикогеографиялық ерекшеліктері, этносипаттары "Хикмет" тілінің қыпшақ диалектісіне жақындығын айтуымызға белгілі дәрежеде мүмкіндік береді.

Slide 22

Кітаптан Орта Азиялық қалалардың мәуелі бақтарындағы алуан жемістер мен райхан гүлдерінен гөрі даладағы қызғалдақ пен қымыздық исі аңқиды. Отырықшы тайпалардың кәсіби тілінен гөрі, көшпенді жұрттың тұрмысына тән сөздер молырақ ұшырасады.

Slide 23

"Диуани Хикметте" негізінен төрт нәрсеге аса көңіл бөлінеді. Олар: шариғат, тарихат, хақихат, мағрифат. "Шариғат" ислам дінінің заңдары мен әдет ғұрыптарының жинағы "тарихат" сопылықтың идеясы, сопылық мүддесіне жеткізген жол, "хақихат" құдаймен бірігу оған жақындау, "мағрифат"- дін жолын танып, оқып білу. Ахмет Ясауидің пікірінше "Шариғатсыз", "Тарихатсыз" "Мағрифатсыз" "хақиқат" болуы мүмкін емес.

Slide 24

Ясауи сопылық ілімдерінің өте күрделі екенін, діни мистикалық сарындағы бұл төрт қағиданың арғы жағында үлкен философиялық арналардан бұлақ көздері бітеліп жатқанын мезгейді

Ясауи өз хикметтерінде сопылық дін ілімі туралы ете көп әрі шын беріле айтады, ол бұл шын мәніндегі білім деп айтады, ал сопылықтың барлық ұсақ-түйегін білмейтін адамды ол "надан" "түк білмейтін", "жалған сүюші", "жалған сопы деп есептеді

Slide 25

"Менің асыл хикметімді жаны ауырмасқа айтпағым, Баға жетпес іпжуімді құнын білмеске сатпағын", - деп, бар жан-дүниесімен сопылыққа берілген Ясауи, "егер мен басымнан айырылсам да, бұл жолдан маған жалт беру жоқ", -- дейді.

Slide 26

Ахмет Ясауи аркылы сопылық түркі тілдес халықтардың рухани танымында шешуші орын алды. Сопылық философиялық жүйе ретінде адамдардың дүние-танымының қалыптасуына үлкен ықпал жасады. Бұған дәлел Ясауиден кейінгі көптеген қазақ ақын, жырауларының шығармаларынан да сопылыктың тікелей әсерін байкаймыз.

Slide 27
Ұқсас жұмыстар
Сопылық ілімін қазіргі көзқарас бойынша бағалау
Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті
Хамза кітабы
Қожа Ахмет Яссауи сопылық ілімі
Түрік тілдерінің сөздігі мәңгі өшпес мұра
ДИУАНИ ХИКМЕТ
Қожа Ахмет Ясауи - 1093 жылы тулыған түркістандық ғұлама, әулие
Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси идеялар
Түрік сөздігі
Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz