Өмірі туралы мәлімет


Slide 1

Шернияз Жарылғасұлы

(1807-1867)

Slide 2

Жоспары:

Өмірі туралы мәлімет.

Ақын шығармашылығының негізі-суырып салма ақындық.

Ақынның толғау-термелеріндегі өмір қайшылықтары.

Шернияз - Исатай, Махамбет бастаған халық көтерілісінің жыршысы.

Slide 3

Махамбет рухында жыр толғап, шаруалар көтерілісіне үн қосқан, халықтың қайнаған шерін өлеңмен шерткен өткір тілді ерен жүйріктің бірі - Шернияз.

Slide 4

Шернияз Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Жарыпшыққан бойын мекендеген кете елінен. Ол жас шағынан ел өмірін, халық тұрмысын жақсы біліп, олардың мұң-мұқтажын жете түсінген. Ақын көтеріліс басталысымен бірден Орда жағына өтіп, Исатай мен Махамбетті өзі іздеп барып қосылады. 1836 жылы Бөкей хандығына келіп Исатайға қосылады, ұзамай оның ең жақын достарының біріне айналады.

Slide 5

Көтеріліс күшпен басылғаннан кейін Шернияз Махамбетпен бірге Жайықтың Шығыс бетіне өтіп, ел аралап үгіт жүргізеді. Махамбетке еріп Хиуаға да барады, бірақ көтерілісті қайтадан бастай алмайды, қуғын азабын тартады. Баймағамбеттің ел кезген жендеттері Шернияздың барарға жерін, басарға тауын қалдырмайды. Ұсталатынына көзі жеткен ақын өзі ханға келіп, өнер асырып, оның кешірімін қабылдайды. Бірақ ол ешқашан өзінің Исатайдың Шерниязы екенін жасырмай, басына түскен жағдайға сай, сақтана жүріп қызмет етеді.

Slide 6

Шернияз он бес жасынан-ақ кішкене ділмар шері атанады. Ол адайдың атақты ақыны Абылмен кездеседі. Абылға еріп ел аралап, одан ақындық өнер үйреніп, Абылдың батасын алады. Кезінде Қашаған ақынмен де кездесіп, тіл қағыстырады.

Менің атым Қашаған,

Шынтуайтқа келгенде

Денемді артық жасаған.

Үш сиықты баса алам, -

деген Қашағанға Шернияз:

Қашаған болсаң қияға,

Ұзын құйрық, жүйрік ат,

Бар күшіңді аяма.

Қашқанменен қоя ма?-

деп бір ауыз сөзбен жауап айтқан екен.

Slide 7

Шернияз айтыпты дейтін сөздер, терме, толғаулар көп, ел аузындағы сөздің бірі “Шернияз батасы” деп аталады.

Қонса қоныс бермейді сай дегенің,

Мінсе мініс бермейді тай дегенің.

Үйіне қонақ қондырмас бай дегенің,

Ішсе тамақ болмайды шай дегенің.

Осы шайды шығарған қай дегенің,

Тыңдап отыр сөзімді бай дегенім,

Құрып қап па осы үйде май дегенің?

Бата берем қолыңды жай дегенім,

Бұндай бата бере алмас баз дегенің.

Осы батам сендерге саз дегенім.

Slide 8

Шерниязды аты үш жүзге мәлім. Оны әр облыс ақындары сүйсіне жырлайды. Көкшетауда Алыш, Жетісуда Сүйінбай мен Омарбек, Балқашта Шашубай күні кешеге дейін Шернияз өлеңін жырлап келген-ді.

Шернияз туралы деректер 20 жылдардан бері қарай жиналып, зерттеле бастады. 1925 жылғы ақынның алғашқы жинағынан кейін Ташкент қаласында “Әдебиет терме” жинағы шықты. Бұл жинақты құрастырушы белгілі жазушы І. Жансүгіров еді. Ол жетісулық Омарбек ақынның айтуынан Шернияз өлеңдерінің біразын жазып алып, сол жинаққа енгізді.

Slide 9

1938 жылы жазушылар С. Мұқанов пен Қ. Бекхожин орта мектептер үшін жазған хрестоматияларына Шернияз өлеңдерін енгізді. Ал С. Мұқанов өзінің 1942 жылы жазған “Қазақтың ХVІII-ХІХ ғасырлардағы әдебиеті тарихынан очеркінде” Шернияз творчествосына тұңғыш талдау жасады. Кейін профессор Қ. Жұмалиев Шерниязды орта мектепке жазған оқулықтары мен 1957 жылы шыққан мақалалар жинағының І томында сөз етті.

Әдебиетші Б. Аманшин 1977 жылы Шернияздың жерленген жерін тауып, оның басына қойылған құлпытасында жазылған деректі жариялады.

Қ. Жұмалиев Шернияздың бұрын басылмаған біраз өлеңдерін жариялады.

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы
Азаматтық қарым-қатынасты реттейтін құжат Өмірбаян
Лұқман хакім әңгімелерінен үзінді айт
БҰҚАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯ
Зерттеудің ұзақтылығы
Христиан бөлімдері
Асан қайғы деген кім
Үш бәйтерек
БИБЛИОГРАФИЯНЫҢ ТАРИХИ ДАМУ
Асан қайғы слайд
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz