Ақырзаман кітабында




Презентация қосу
Сүлеймен
Бақырғани
Жоспар:

1. ӨМІРБАЯНЫ
2. ЕҢБЕКТЕРІ
3.ӘДЕМІЛІКТІҢ 3 ТҮРІ
Өмірбаяны

Сүлеймен Бақырғани (туған жылы белгісіз —1186
ж.) Түркістан қаласында дүниеге келіпті. Ол өзінің
"Ақырзаман" кітабында: Ысқақ Баб ұрығы, Шайқы
Ибраһим құлыны, Машайықтар ұлығы — Шайқым
Қожа Ахмет Ясауи. Шариғаты мінсіз, Тариқаты
түпсіз, Хақиқатта өрен жүйрік — Шайқым Ахмет
Ясауи, — деп жырлағандай, әйгілі Әзірет Сұлтанға
шәкірт болған. Кейін Самарқанд, Бұхара, Хорезм,
Шам қалаларында білімін толықтырды. Халық
арасында Әкім Ата деген атпен белгілі.
Cүлеймен Бақырғани, Бақырған ата,
Хаким ата, Сүлеймен ата (12 ғ-дың 2-
жартысы) – ақын, ойшыл, ғұлама. Қожа
Ахмет Ясауидің шәкірті. Еңбектері –
Бақырған кітабы (қыпшақ тілінде жазылған
өлеңдер жинағы), Хазрет Мариям кітабы,
Ақыр заман кітабы.
Еңбектері
Оның басты және көпке танымал "Ақырзаман", "Бақырғани кітабы"
еңбектерінде эстетика, этика, тазару, адам жанының үндестігі
(гармония) мәселелеріне көңіл бөлінеді. Оның ойынша, мәңгілік
әдемілік — Құдай. Алла — таза абсолюттік болмыс. Алла төрт бірліктен
(от, су, жер, ауа) құралатын төрт тарап дүниені жаратты. Сосын
өсімдіктерді, жәндіктерді, жан-жануарларды, оларға әмірін жүргізуші
төрт мүшеден (аяқ, қол, бас, дене) түратын адамдарды дүниеге келтірді.
Бақырғани пікірінше, қүдайдың сұлулығын пәни жалған пендесі танып-
біле алмайды. Өйткені қарапайым адам мен Алла тағала арасында көзге
көрінбейтін "перде" ілінген. Аталмыш "пердені" ысырып, құдайды
танып-біліп, дидарына тәнті болғысы келген адам, ең алдымен, сопылық
жолға түсіп, оның негізгі сатыларынан (шариғат, тарихат, хақиқат,
мағрипат) өтуі қажет. Нәтижесінде "ішкі көзі" ашылып, рухани тазарған
адам Аллаға бір табан жақын болады. Құдайды ақыл емес, оған деген
махаббат арқылы танып-білуге болады.
Махаббат — жоғары сезім. "Құдайды не үшін сүюге болады?" деген сұраққа Қасиетті
Алла кітабының 61-аятымен жауап береді. Құдай сұлулығы — оның рақымшылдығында,
кешірімділігінде, пенделеріне жасайтын шексіз жақсылығында. Жақсылығы өзі жаратқан
пенделеріне деген махаббатында. Тек жаны жомарт, сабырлы, білімді адам ғана Құдайға
жақын тұра алады. Алла адам мен оның жүрегінің ортасында. Бір кездері адамдар оның
қол астына жиналады. Табиғат пен адамзат заңдары бір-бірімен байланысты. Адам өзін-
өзі танып-білу арқылы ғана Құдайды тануы мүмкін. Менмендік, сараңдық,
қызғаншақтық, көрсеқызарлық, ұрыс-керістен тазарған адам ғана толық рухани азаттық
алмақ. Сопылыққа барар жол соқпақты. Қиындығынан қорықпай, белді бекем буғандарға
алғы шарт — өзіне ұстаз белгілеп алу. Тарихат сатыларынан өтіп, кемелденген шәкірт
дәрежесіне жеткенше, ұстазының қолында тәрбие көріп, білім алмақ. Ол үшін шәкірт
бірнеше сатылардан өтеді. Тарихат деп аталатын бірінші сатыда ол толығымен тазарады.
Ал екінші сатыда шәкірт біреу жайында жаман нәрсе айтпақ түгіл, сынай да алмайды.
Үшінші сатыда жас сопы жан тыныштығына енеді. Адам әрқашан да кімге көмек қажет
болса, соған көмектесуі керек. Бесінші сатыда адам жаны қанаттанады. Мұнда сопы Алла
дидарын тамашалай алады.
Әдеміліктің 3 түрі

Шығармасының соңында Сүлеймен Бақырғани әдемілікті 3 түрге бөлген:
1. Абсолютті өзгермейтін Алла сұлулығы; 2. Жаратылыс сұлулығы немесе
Құдай сұлулығының шағылысып түскен жердегі көрінісі; 3. Рухани
сұлулық. Адам жерге Алла арқылы рухани сұлулыққа жету үшін
жіберілген. Философияның түсінігінше, шынайы өмірдің негізін
адамгершілік, демократия, әлеуметтік әдемілік қүрайды. Міне, осы
ойлардың бәрі сопылық ілімнен бастау алып жатыр. Дәлірек айтқанда, өз
ұстазы Қожа Ахмет Ясауи көзқарасын ұстанып, оны ілгері дамытқаны
ақиқат. Діни аңыздар желісінде жырлар жазу арқылы Сүлеймен Бақырғани
түркі әдебиетінде ХӀӀӀ-ХӀV ғасырларда кең өріс алған нәзирашылдық
(бурыннан белгілі сюжеттерді жаңғыртып жазу) алғашқы бастауларына
жол салған еді. С.Бақырғани 82 жасында Түркістанға жақын жерде дүние
салды. Оның кітабын 1897 ж. Е.А.Малов "История общества археологии,
истории, этнографии" (XIV том) деген еңбегінде басып шығарды
Бақырғани хикметтерінің бірінде:
Әрбір адамды көремде қыдыр деп біл,
Әрбір кием қадыр беп біл, –
дейді.
Ақын мұнда «қыдыр» сөзін – әрбір үйге
бақыт дәулеи әкелетін әулие, ал «қадыр»
сөзін – құдайдан көмек тілейтін, қасиетті
түн мағынасында айтып отыр.
Алғаш рет 1846 жылы Қазан университетінен қадим әліпбиімен
басылған Бақырғани шығармалары өткен ғасырдың жиырмасыншы
жылдарына дейін он алты рет жарық көрді. Кешегі кеңес заманында
түркі халықтарының әдебиет тарихына қатысты томдар мен жинақтарда
ақын хикметтерінен үзінділер жарияланды. Тек өткен ғасырдың соңына
қарай 1991 жылы Ташкентте (Өзбекстан), 2000 жылы Қазанда
(Татарстан) бұрын Қазан төңкерісіне дейін жарияланған литографиялар
негізінде қайта басылды. Сондай-ақ Бақырғанидың бірнеше хикметтері
Б. Сағындықов, Р. Ахметов және Н. Мәтбек тарапынан қазақшаға
тәржімаланып, жарық көрді. Ақынның кітабы 1897 жылы Е. Маловтың
«История общества археологи, истории, этнографии» (XIV) атты
еңбегінде басылған. 19 ғасырдың соңында Е. Малов, Н. Маллицкий, Ф.
Катанов, М. Көпрүлү, т. б. ғалымдар ғұлама еңбектерін зерттеген.
Сүлеймен Бақырғани 82 жасында Түркістан
қаласында дүние салады. Бұл кісінің еңбектері
кейіннен орта және жоғары оқу орындарында
еңбектері шыға бастайды, соның ішінде мұсылман
елдерінің басылымдарында жарыққа шығады.

Ұқсас жұмыстар
Зар заман ағымы
Ғаламдық проблемалардың типтері
Астанаға көшіру
Республикасының бейбітшілік миссиясы
Жануарлар экологиясы
Мұхаммед Пайғамбар Аллаһтың сөзі
БІЗ ҮШІН ӘУЕЗОВ – ЕКІНШІ АБАЙ
Көне еврей канондары
Теріс мүшелерінің саны
Орта ғасыр тіл білімі
Пәндер