ПОРТФЕЛІН БАСҚАРУ




Презентация қосу
БАҒАЛЫ
ҚАҒАЗДАР
ПОРТФЕЛІН
БАСҚАРУ
Бағалы қағаз портфелінің мәні

Қор нарығының әлемдік тәжірибесінде қалыптасқан инвестициялық
портфель – басқару обьекстісі болып табылатын жеке немесе заңды тұлғаға
тиесілі бағалы қағаз түрлерінің жиынтығын білдіреді.
Бағалы қағаздар портфелі – бағалы қағаздар нарығы субьектісінің
меншігіндегі немесе басқаруындағы әртүрлі бағалы қағаздардың жиынтығы.
Бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру барысында оның құрамы мен
құрылымын өзгерту арқылы басқарушы менеджер тәуекел мен табыстың
арақатынасы негізінде жаңа инвестициялақ сапаны қалыптастырады.
Қалыптастырылған бағалы қағаздар портфелі – тәуекел дәрежесі мен табыс
деңгейіне, қамтамасыз етілуіне қарай корпоративті облигациялар мен
акциялардың және өзге де бағалы қағаздардың жиынтығын білдіреді. Бағалы
қағаздар портфелінің құрылымын бір бағалы қағаздың орнына басқа бағалы
қағазды алмастыру арқылы өзгетуге болады.
Инвестор үшін бағалы қағаздар портфелі минималды тәуекелділік
деңгейінде, тұрақты табысты қамтамасыз ететін құрвл болып табылады. Бағалы
қағаз портфелі бойынша табыс – тәуекел деңгейін ескере отырып, қандай да
бір портфелде қалыптасқан барлық бағалы қағаздар жиынтығынан түскен
жалпы табысты білдіреді.
Бағалы қағаздардың инвестицияық сапасын ескере отырып, нақты бір кезең
ішінде портфельге тиесілі тәуекел мен инвестор күтетін табыс арасында баланс
бар, әртүрлі бағыттағы портфельді қалыптастыруға болады.
Бағалы қағаз портфелінқұру барысында инвесторлар белгілі
бір қағида, яғни принциптерді ұстанады.
1. Күткен мақсаттан ауытқу мүмкіндігі ұлғайған сайын,
бағалы қағаздың тәуекел тұсы да арта береді.
2. Портфель құрылымын өзгерте отырып, жалпы табыс пен
тәуекел деңгейін де өзгертуге болады.

3. Бағалы қағаз портфелін құруда пайдаланылған баға
ықтималдылық сипатқа негізделеді.

4. Бағалы қағаздар портфеліндегі бағалы қағаздардың әр
түрлі болуы.
Аталған факторлар бағалы қағаздар портфелінің типтерін анықтайды.
Бағалы қағаздар портфелінің типтері – бұл табыс пен тәуекелдің арақатынасына
негізделген портфелдің инвестициялық сипаттамасы. Пртфелдің типтерін
жіктеудің негізгі белгісі – курстық құнының өсуі немесе ағымдағы төлемдер
(процент пен дивидент)
Бағалы қағаздар портфелін қалыптастырудағы негізгі қағидалар:
1. Бағаздар портфелінің көлемі мен құрылымының, оны құрайтын
көздердің көлемі мен құрылымына сәйкестігін қамтамасыз ету.
2. Табыстылықтың, тәуекелділіктің және өтімділіктің оңтайлы
қатынасына жету.
3. Бағалы қағаз портфелінің басқарылуын қамтамасыз ету.
4. Бағалы қағаз портфелін әртараптандыру.
Бағалы қағаздар порфтелінің түрлері
Бағалы қағаз портфелінің типтері – табыс пен тәуекелдің
арақатынасына негізделген портфельдің инвестициялық сипаттамасы.
Портфелдің типтерін жіктеудің негізгі белгісі – курстық құнының өсуі
немесе ағымдағы төлемдер (процент пен дивидент).
Өсу портфелі – курстық құны өсетін компаниялардың
акцияларынан қалыптасады. Бұл типтегі портфельдің мақсаты –
дивидентті алумен қатар, портфельдің капиталдық құны да өседі.
Алайда дивиденттік төлемдер орташа мөлшерде төленеді.
Портфельдің құрамына кіретін жиынтық акциялардың нарық
құнының өсу қарқыны портфелбдің түрлерін анықтайды.
Пайданы алу көзіне қарай портфельдің жіктелімі:
1. Агрессивті өсу портфелі – капиталдың максималды өсіміне
бағытталған. Бұл портфельдің құрамына жаңадан құрылған және
тез өсетін компаниялардың акциялары кіреді. Агрессивті өсу
портфелінің тәуекелі жоғары болады соған сәйкес алатын табысы
да жоғары болуы мүмкін.

2. Консервативті өсу портфелі – тәуекелі төмен болып келеді.
Аталған портфельдің құрамына танымал ірі компаниялардың
акциялары кіреді. Консервативті өсу портфелінің құрамы ұзақ
уақыт бойы өзгеріссіз қалады және капиталдың сақталуына
бағытталады.
3. Орташа өсу портфелі – агрессивті және консерватиті өсу
портфельдерінің үйлесімділігін білдіреді. Портфельдің құрамы
кезеңмен жаңаланып отыратын, ұзақ мерзімге сатып алатын
сенімді бағалы қағаздардан тұрады. Сонымен бірге капиталдың
орташа өсімі мен салым тәуекелдігінің деңгейі бір қалыпқа түседі.
Сенімділік – консервативтік өсімнің бағалы қағаздарымен, ал
кіріс агрессивтік өсімнің бағалы қағаздарымен қамтамасыз етіледі
инвесторлар тарапынан жоғары сұранысқа ие кең тараған типтегі
портфель болып табылады.
Өсу және табыс портфелі – алатын табыстың және курстық құнының
төмендеуінен пайда болатын шығынды азайтуға бағытталған. Осы типтегі
портфельдің құрамына кіретін қаржылық активтің бір бөлігі капитал
құнының өсуіне, ал екінші бөлігі пайда алуға мүмкіндік береді.

1. Баланстандырылған портфель – бұл типтегі портфельге тәуекелі жоғары
бағалы қағаздар, сонымен қатар жай және артықшылықты акциялар,
облигациялар кіреді. Бұл портфельдің ерекшелігі табыстар мен
тәуекелдердің балансталуымен сипатталады. Әр түрлі инвестициялық
салымдардың комбинациясы капиталдың өсіміне жетуге және жоғары
табысты алуға мүмкіндік береді.

2. Қос бағыттағы портфель – жоғары деңгейде табыс алатын бағалы қағаздар
кіреді.
Табыс портфелі – жоғары деңгейде табыс алуға мүмкіндік береді.
Пайызы немесе дивиденді жоғары облигациялар мен акциялардың және
басқа да бағалы қағаздардың жиынтығынан тұрады. Сенімділігі жоғары
бағалы қағаздар нарығының құралдары портфельдің объектісі болып
табылады.

1. Тұрақты табыс әкелетін портфель – минималды тәуекел
деңгейінде орташа табыс алып келетін жоғары сенімді бағалы
қағаздардан қалыптасады.

2. Табысты бағалы қағаздар портфелі – орташа тәуекел деңгейінде
жоғары табыс алып келетін корпоративті облигациялардан тұрады.
Бағалы қағаздар портфелін басқару
Бағалы қағаздар портфелін басқару – бастапқы инвестициялық
қоржынды сақтауға, жоғары деңгейде табыс алуға, портфельдің
инвестициялық бағытын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін
әртүрлі бағалф қағаздар жиынтығына нақты әдістер мен
теxнологиялық мүмкіндіктер қолдануды білдіреді.
Портфельді басқару портфельдің жақсы сапасын қамтамасыз
ету үшін және оның бағасының өсуін қамтамасыз ету үшін бағалы
қағаздармен әрдайым операциялар жүргізуді қажет етеді.
Портфельді басқару процесінің негізгі бес
құрамдас бөлігін атап өтуге болады.
Мониторинг инвестициялық қаржылардан түсетін табыстың көлемін болжауға және
бағалы бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды интенсификациялауға
(арттыруға) мүмкіндік береді

Мониторинг:
Активті басқару моделі
1. Бағалы қағаздарды іріктеу. Тиімді бағалы қағаздарды сатып алу ал тиімсіз бағалы
қағаздарды сату
2. Жаңа портфельдің табыстылығы мен тәуекелін есептеу
3. Жаңа және бұрынғы қалыптасқан портфельдің тиімділігін салыстыру
4. Жаңа портфельді қалыптастыру

Пассивті басқару моделі
1. Минималды қажетті табыстылықты анықтау
2. Жақсы әртараптандырылған портфельге бағалы қағаздарды іріктеу
3. Портфельді оптимизациялау
4. Табыстылықтың төмендеу себебін анықтау
5. Жаңа портфельді қалыптастыру
Басқарудың активті моделі портфельдің инвестициялық мақсатына
жауап беретін құралдарды тез арада сатып алу және нарықтағы болып
жатқан өзгерістердің портфельге әсерін мұқият қадағалауды білдіреді.

Басқарудың пассивті моделінің сапасы жоғары тәуекел деңгейі төмен
ұзақ мерзімге эмиссияланған бағалы қағаздардан қалыптасқан портфельді
баасқаруға тиімді модель болып табылады.
Портфельдің типіне қарай басқару тактикасы қолданылады.

Активті және пассивті басқару моделі клиенттің қаражаты есебінен немесе
екіжақты келісілген келісімшарт негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Бағалы қағаздар портфелін басқарушы менеджер өзінің біліміне негізделе
отырып және өзі таңдалған стратегиясы негізінде тиісті операцияларды жүзеге
асырады. Бағалы қағаздар портфелі бойынша түсетін табыстың көлемі
менеджердің инвестициялық өнеріне байланысты болады. Бұл қызметтің түрін
бағалы қағаздар портфелін басқару деп атайды.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ПОРТФЕЛІН БАСҚАРУ
Шешімді табудың процесін басқару Автокөлікке қызмет көрсету Қолданылған шешімді басқару
Бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру
Дәріс No8. Бағалы қағаздар портфельін қалыптастыру
ҚР-ның коммерциялық банктерінде банк тәуекелдерін басқару
Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау
АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫ – НЕСИЕЛІК МЕКЕМЕЛЕРІ
Ипотекалық несие
САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯЛАРЫ
Қаржылық институттар ретіндегі инвестициялық қорлар қызметтері және оларды басқару ерекшеліктері
Пәндер