Магистрлік диссертацияны жазуға қойылатын талаптар




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Әл – Фараби атындығы Қазақ ұлттық университеті
Экономика және бизнес жоғары мектебі

Магистрлік диссертацияны жазуға қойылатын
талаптар

Қабылдаған: Коргасбеков Д. Р.
Орындаған: 1 – курс магистранты
Бостандық Нұржанат
Магистрлік диссертация ғылыми мазмұндағы
соңғы біліктілік жұмысын көрсетеді, яғни
таңдалған тақырып нақты және талданған
көрсеткіштер толығымен бейнеленуі қажет.
Ол қазіргі ғылым және техниканың даму
деңгейіне сәйкес болу керек, ал тақырып –
өзекті болуға тиіс. Диссертация мазмұнының
толық ашылуы, қорытынды және ұсыныстары
олардың жаңашылдығы және қажеттілігі
сияқты көрсеткіштерді қамтуы керек.
Сондықтан магистрлік диссертация ерекше
ғылыми шығарма түрінде ұсынылады.
Диссертация жинақталған ақпараттарды
мәтіндік материалдар түрінде, яғни
диссертант өзіндік қарауы бойынша
жинақталған ғылыми фактілерді және
ғылыми құндылығын дәлелдеп немесе
тәжірибелік қажеттілігін саналы түрде
айқындап көрсетуі қажет.
Диссертация мазмұнында келтірілген
мәліметтердің қайталанбауы қадағалануы
қажет. Мазмұнның негізі болып жаңа
материалдар немесе басқа ғылыми
орындарда ерте әйгілі жағдайларды қамту
немесе тың аспекті болып табылады
Диссертацияның мазмұны көбіне
жүйеленген түрде ғылыми зерттеудің
бастауын және жүру барысын және
осыдан шыққан нәтижесін бекітеді.
Бірақ бұл жерде тек қана ғылыми
негіздер ғана жазылмайды, олардың
жан-жақты талданылуы жүргізіледі,
балама және таңдаулы себептер
арасынан қалыпты жағдайлар
қарастырылады.
Диссертация әрқашан бір ғана концепцияны
бейнелейді және бір ғана көзқарасты, соның
ішінде бір қатысушының сырттай ғылыми пікірі
қарастырылады. Оның мазмұнында нақты және
таңдап алынған концепцияның дәлелденген
аргументтері келтіріледі. Пайдалануына қарай
жан-жақты жүйелендіреді және қарама-қарсы
көзқарастар дәлелді түрде саналады.
Магистрлік диссертация жеке ғылыми зерттеу
болғанымен, оқу-ағарту жұмысының құрамына
жату керек. Оның ғылыми деңгейі әрдайым оқу
бағдарламасына сәйкес болуы керек. Орындалған
жұмыс тек ғылыми мәселелерді шешу үшін емес,
бұл автордың өз бетінше ғылымды ізденуі болып
табылады.
Магистрант магистрлік диссертация қорғау мерзімінен 1 апта бұрын ЖООК
білім беру бөліміне төмендегі құжаттарды тапсырып, бөлім бастығының
рұқсатымен қорғауға жіберіледі:

- диссертациялық жұмыс сараптама комиссиясында қаралу (қорғау мерзіміне
дейін 2 апта бұрын);
- зерттеу тақырыбына сәйкес республикалық журналда жарияланған кем
дегенде 3 мақаласының болуы;
- рецензенттердің (рецензенттің қорғаған шифры магистранттың зерттеу
жұмысына сәйкес келу керек) және ғылыми жетекшінің жазбаша оң пікірлері
(рецензенттің визасы жұмыс атқаратын мекеменің кадр бөлімімен
куәландырылған болуы қажет);
- реферат (1 б/т көлемінде, яғни кем дегенде 16 беттен кем болмауы тиіс,
қорытынды бөлімі 3 тілде-қазақ, ағылшын, орыс. );
- алдын ала қорғаудың хаттамасының көшірмесі;
- аннотация (3 тілде-қазақ, ағылшын, орыс.);
- диссертациялық жұмыстың антиплагиаттық тексеруден өткендігі туралы
анықтама.
Магистрлік диссертацияда берілген
мамандық бойынша қазіргі заманға
сәйкес тақырыптың ғылыми
нәтижелері шешілуі керек. Қорғауға
жіберілген диссертацияның негізгі
нәтижелері баспа бетінде мақала
ретінде басылуы керек.
Магистрлік диссертацияның мазмұнына төмендегідей
талаптар қойылады:

• Зерттеудің өзекті мәселелері;
• Нәтиже жаңалығы;
• Қорғауға жіберілген нәтижелердің ғылыми
маңыздылығы;
• Автор алған нәтижелердің (диссертацияның
безендірілуі кезінде барлық пункттер «Кіріспе»
бөлімінде көрсетілуі қажет);
• Қорғауға диссертация ұсынған бітіруші-магистрант
оның жеке авторы болып табылып, диссертацияның
мазмұнына толығымен жауапкершілікті өз мойнына
алады.
Рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Сауат ашу барысында жазуға қойылатын талаптар
Қолдаушы сөйлем
Оқу материалдарының білімділік және тәрбиелік мәні
Бағалаудың алты қағидасы
Сауат ашу сабақтарына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар
Академиялық жазу, оның ерекшеліктері
Азаматтық қарым- қатынасты реттейтін құжат Түйіндеме
Ғылыми зерттеудің нәтижелерін рәсімдеу және презентациялау
Жазуға қойылатын талаптар
Сауат ашу сабағына қойылатын талаптар
Пәндер