Қонақ үйдің негізгі функциялары


Slide 1

Қазақстан Республикасындағы ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ОРЫНДАҒАНДАР: ҚҰЛЖАБАЕВА АЙДАНА

ЕРГАЗИНА ЖАНСАЯ

ТЕРГЕУБАЕВА САИДА

НУРИМБЕТОВА САБИРА

ТЕМИРТАС АСЫЛ

ШҮКІРБАЙ АЙГЕРІМ

Slide 2

Қонақжайлылық индустрияның бірден-бір құраушысы қонақ үйде орналастыру құралы болып табылады.

Қонақ үй - ол жиһаздалған үй, қонақтарды қабылдау мен олардың қонуына арналған, келесі мақсаттардың біреуіне баруға болады: іскерлік, конгрестік, демалыстық, ойын-сауық, тану, саудалық миссия, этникалық, діни-таным, емделу және спорттық мақсаттар.

Қонақ үйдің негізгі белгілері нөмірлердің болуы мен қосымша қызметтермен бірге жүретін қызметтер болып табылады.

Қонақ үйдің негізгі функциялары:

Қонақтарды жатын орындармен қамтамасыз ету.

Қонақтарды тамақтандырумен қамтамасыз ету.

Толыққанды демалу үшін жағдайлау жасау.

Клиенттің тұруына байланысты қосымша қызметтер көрсету

Slide 3

Қонақ үй қызметтерінің сапасы өндірістік фирмалардың сапасынан шұғыл ерекшелінеді. Оның ерекшелігі қонақ үй кәсіпорынның өнімі бір уақытта өндіріліп - тұтынылатынында. Зерттеушілер сапаны қонақ үміттерін қанағаттандырып, одан асу мүмкіндігі ретінде анықтайды. Сапаға ұмтылу - шексіз үрдіс, бірақ бүгінгі күн қонақ үй бизнесіндегі барлық бірлестіктер онымен айналысатын уақыт. Қызмет көрсету сапасының моделі танылған бес сатылы модель ретінде кең қолданылады. Ол қызмет көрсетудің сапасын қонақтың үміттерін қанағаттандыру көзқарасынан анықтайды. Модельді жасағандардың айтуынша “қызмет көрсетудің бір қадамы - қонақтардың үміттерін және қызмет көрсету сапасында қандай қиындықтар туу мүмкіндігін білу болып табылады. Басқаша айтқанда, фирма өз қонағының үміттерін білу, және де сол күтулерін үлгілі сапамен іске асыру керек”

Slide 4

Қазақстанда қазір 1559-қа жуық қонақ үй жұмыс істесе, оның басым көпшілігі Астанада, Алматыда, Қарағандыда, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан обылыстары аумағында орналасқан. Қонақ үй шаруашылығын туристік шаруашылықтан бөліпқарауға болмайды. Ал соңғысымен біздің елдің жағдайы тамаша емес. Әрине сыртқы туризм бізде біршама жақсы дамыған: қазақстандықтар үшін шетелде демалуды әдетке айналдырған - 45, 8%, ішкі туризм бойынша - 37, 9% көрсетсе, туристердің Қазақстанға келу көрсеткіші небәрі 16, 3%-ке ғана жетеді. Мемлекет осылардың соңғысына мұқтаж, себебеі оның арқасында елге шетелдік валютаның көп келуімен, өндіріс салаларының қарқынды дамуына бастау алады. Қазақстанға туристерді келтіру үшін бірқатар жұмыстар атқарып, оның ішінде қонақ үй инфраструктурасын қолға алу керек. Еліміз қарқынды дамудың нарықтық жолына түскендіктен Қазақстан көптеген шетелдік әріптестерімен жұмыс жасап, әр қаладағы біріккен өнеркәсіптермен және шетел өкілеттіліктерімен қатар әр қаланың қонақ үй өмірі біршама қайта жанданды

Slide 5

Жаңа қонақ үйлер пайда болып, ескілері жаңартылып немесе қайта күрделі жөндеуден өткізілді. Айта кетерлік жайт, Қазақстандағы бірдей жұлдызды қонақ үйлердің сапа деңгейінің әр түрлі екендігі ешкімге жұмбақ емес. Тіпті арнайы маман емес, қарапайым турист көзімен-ақ кейбір жұлдызы төмен қонақ үйлердің қолайлығымен қызмет көрсету деңгейі, оның жоғары жұлдызды «ағайындарына» қарағанда әлдеқайда биік екендігін көруге болады. Дәлірек айтсақ, сол сияқты, бірақ төмен деңгейлі бағамен қолайлы, европалық деңгеймен салынған 3 жұлдызды қонақ үй, тек бизнес туристерге ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның табиғат кереметін тамашалауға келген қарапайым шетел қонақтарына да ұнайтыны сөзсіз. Сондықтан да Қазақстан қонақ үйлері ең алдымен елге келетін туристер ағымының 86 % құрайтын алыс шетел адамдарының, содан кейін тек 14 % құрайтын ТМД туристерінің қалауынан шығуға жұмыс істеуі қажет

Slide 6

Қазақстан Республикасындағы қонақ үй ісін халықаралық қонақ үй стандарттарына сәйкестендіру

Халықаралық қызмет көрсету стандарты міндетті түрде қонақүйдің сапалы жоғарғы деңгейдегі қызмет көрсетуді талап етеді Қызмет көрсету стандарты деп - клиентке міндетті түрде көрсетілетін қызмет ережелерінің жиынтығы, өндірістік операциялардың жоғарғы деңгейдегі сапаны кепілдеу. Стандарт белгілі бір критерийлерден тұрады, олар қонақүй шаруашылығының персонал қызметін және клиенттерге көрсетілетін қызмет сапасының деңгейімен бағаланады:

Ақпарат немесе брондау жайлы хабарламаға жауап уақыты (15; 20; 30 секунд) ; орналастыру қызметі кезіндегі уақыт.

Клиенттердің көп келуіне қарамастан, қонақүй шаруашылығында қатарда тұру уақыты көп ұзамау керек (5; 10; 15мин) ;

Белгілі бір қызмет түріне кететін уақыт шығыны. Мысалы, клиенттің номерге кіргеннен бастап 3 мин кем емес жүкті жеткізу; тәулік ішінде клиенттің жеке заттарын тазалау және жинастыру және т. б. ;

Сыртқы кейіп және униформаның болуы;

Персоналдың тіл білуі және т. б

Slide 7

Қонақ үй бизнесін не мейрамхана бизнесін басқаруда аса үлкен маңызға қызметкерлердің уақытысымен демалыс алып тұрулары да ие болады. Негізгі ережелер жинағында қызметкерлердің демалыс алуларына байланысты бірнеше тараулар қарастырылған. Бұл ережелерді сақтау қаншалықты дағдарыс ауыр болғанымен де іс жүзінде жүзеге асу керек. Оларға келесілерді жатқызуға болады:

мейрам күндері;

науқастану;

жақсы қатысымдық үшін сыйақы;

демалыстар;

әскери шақыру;

сот міндеттері;

туысқандардың көз жұмуы,

кезексіз демалыс.

Slide 8

Алматы қаласындағы қонақүй нарығын талдау

Қонақүй шаруашылығы индустриясы қазіргі таңда халықаралық туризмде негізгі орынды алады. Қонақүй индустриясының дамуы маманданған қонақүйлік кәсiпорындардың санының көбеюiмен орын алуда. Қызмет түрлерi кең дәстүрлi қонақүйлер, қарапайым және маманданған қонақүйлер ұсынылуда. Сол ұсынылған қонақүйлердің көптеген дамыған желісін көш бастаған ел АҚШ болып табылады. Туризмнің негізгі бағыттары туризм индустриясының осы яғни қонақүй шаруашылығының көлеміне және ұсынылатын орындардың сапасына тікелей байланысты. Қазіргі «Қонақүй шаруашылығы индустриясы» дегеніміз отельдер, мейрамханалар, барлар, курорттар, ойын - сауық үйлері, казино, сауықтыру кешендерін құрайды. Алматыдағы бес жұлдызды қонақүйдің бір күндік құны 55 мың теңгеден басталады. Кейбірінде 500 мың теңгелік номерлер де бар. Кей кезде бағасы мен сапа сәйкес келе бермейді.

Slide 9

Қонақ үй бизнесіндегі стратегиялық бәсекелестіктегі артықшылықтарды қалыптастырудың негізгі бағыттарының бірі болып өзінің бәсекелестеріне қарағанда неғұрлым жоғары сапалы қызмет көрсету болып табылады. . Осыған сүйеніп, тұтынушы әуелі қызмет көрсетушіні таңдайды, сонан соң олардың ұсынған қызметін өздерінің күткендерімен салыстырады. Егер де көрсетілген қызмет олардың күткенімен сәйкес келмесе, клиент қызмет көрсету фирмасына бар ынтасын жояды, ал егер де сәйкес келсе немесе олардың күткендерінен асып түссе, олар бұл қызмет көрсетушіге болашақта тағы келуі мүмкін


Ұқсас жұмыстар
Мейрамхана мейманхана бизнесі маркетингінің ұғымы, мақсаттары мен міндеттері
ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ СӨЖ
Бизнес-жоспар Мотельдер ашу
Қонақ үйдің, қонақ үйдің электрондық құлыптарын басқару жүйесі
Негізгі орналастыру орындары
Тянь - Шань Маркетингтік ортасы
Өз ісіңізді ұйымдастыру үшін қызмет түрін таңдап, SWOT талдау
Бизнес-жоспар Қонақ уй ашу
Туристік қызметтер өндірісі мен демалыс орнының жайлылығы, қызметкерлердің жақсы қызмет көрсетуінің үйлесімділігі
Топтастырудың халықаралық жүйелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz