Қазақстанның негізгі пайдалы қазбалары


Slide 1

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалары.

Slide 2

Кіріспе Қазақстан өзінің жер қайнауының байлығымен әйгілі. Оның байлығы территориясының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу кезінде магмалық жыныстар енгенде және шөгінді жыныстар метаморфтанғанда, рудалар және түрлі минералдар пайда болады. Қатпарлы жақпарлы таулар (Алтай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань) қатты бұзылып күшті кемірілген сайын рудаға бай теңдігі жатқан тау жыныстары жер бетіне жақындап кейде тіпті жер бетіне шығып қалған. Көбіне бұзылған ескі таулардан рудалы қазбалар табылады.

Slide 3

Қазақстарн қазір хром, ванадий, рений, висмут, фтор қоры жағынан дүние жүзінде бірінші орын алады. Ал темір, хромит, қорғасын, мырыш, вольфрам, молибден, фосфорит, мыс, калий және кадмий қорынан елімізде алдыңғы орындардың бірінде. Пайдалы қазбалар кен орындары үш топқа бөлінеді: жанатын, рудалы және рудасыз.

Slide 4

Қазақстанның негізгі пайдалы қазбалары

Пайдалы қазбалар түрі

Теңгерімді қорлар (тонна)

Әлемдегі орны (қорлар бойынша)

Әлемдегі орны (кенде қамтылым бойынша)

Темір кені

18 600 000 000

6

7

Марганец кені

635 200 000

4

10

Хром кені

382 700 000

2

1

Бокситтер

365 400 000

12

н/д

Қорғасын

17 200 000

5

41

Мырыш

39 800 000

5

40

Мыс

39 300 000

12

63

Титан

24 100 000

10

15

Вольфрам

2 100 000

1

25

Алтын

2 232, 6

15

2

Күміс

53 204

4

31

Қалайы

69 300

10

23

Уран

1 600 000

2

д/ж

Тас көмір

150 000 000 000

8

д/ж

Slide 5

Қазақстан жер қыртысында тоқсаннан астам пайдалы қазбалар кездеседі. Республика аумағында пайдалы қазбаларды іздестіру жиырмасыншы ғасырдан бастау алған. Қатты пайдалы қазбаларды өндірудің жалпы көлемі бойынша республика 70 тау-кен өндіруші державалардың ішінде 13-ші орынды иемденеді. Кен орны пайдалы қазбаларды іздестіру өндіруге жарарлықтай жер қыртысында табиғи шоғырлануы. Біздің елімізде 6мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Пайдалы қазбалардың таралу ерекшеліктері: Архей протерозой, полезой, эраларының қалың шөгінді жыныстарының да мыс, мырыш, никель, темір, алтын, фосфор рудалары кездеседі.

Slide 6 Slide 7

Жанатын пайдалы қазбалар.

Мұнай мен газ-Атырау, Маңғыстау,

Қызылорда, Ақтөбе және батыс қазақстан

облыстарында шоғырланған. 1899 ж.

Қарашүңгілде Әмбі кен орнында бірінші

рет мұнай атқылады. 1911 ж. Доссор, 1915 ж. Мақат кен орны пайдалануға берілді. 1960 ж. Өзен мен Жетібай қосылды. Кейіннен Қаражамбас пен қаламқас, Теңіз ( Атырау облысы), Кеңқияқ және жаңажол ( Ақтөбе облысы) , Қарашығанақ ( Батыс Қазақстан облысы) пен Құмкөл( Қызылорда облысы) кен орындары ашылды. Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14 алап және 207 кен орны бар. Бүгінде республикада жылына шамамен 55 млн. т. мұнай, 7, 5 млрд. м3 газ өндіреді. Шетелге 17 млн. тоннадай өңделмеген мұнай шығарылады. 10 көмір алабы, 300 кен орны бар, жалпы 162 млрд. т. қоры бар. Қарағанды алабы-3600 шқ 2 жерді алып жатыр. Ол- негізгі көмір базасы.

Slide 8

Көмір. Қазақстанда

көмір қоры мол.

Мұнда тас көмір мен

қоңыр көмірдің 10

алабы, 300 кен орны

бар. Қазақстанның

жалпы көмір қоры 162 млрд т - ға жетті. Ғалымдардың жобалауы бойынша еліміздегі көмір қоры 248 жылға жетеді. Көмір кен орындарының басым көбі Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында орналасқан.

Slide 9 Slide 10 Slide 11

Рудалы пайдалы қазбалар. Темір. Қазақстан темір кені қоры үшінші і орын алады жөнінен ТМД бойынша Ресей мен Украинадан кейін үшінші орын алады (17 млрд т) . Оның 93%-ы Қашар, Сарыбай, Соколов, Әйет, Лисаков кен кен орындарында, Солтүстік Қазақстанда шоғырланған. Сарыбай темір кен орнын 1948 жылы ұшқыш М. Сургутанов ашты. Ұшақ кен үстінен ұшқанда, темір аномалиясының әсерінен түсбағар тілінің кенет ауытқығаны ұшқыштың көңілін аударды. Көп ұзамай, өте сирек кездесетін темір кені ашылды. Мұндағы кен жоғарғы сапалы және оның құрамындағы темірдің мөлшері 50-60%-ды құрайды. Шөгінді жыныстардан пайда болған рудалар Қостанай облысындағы Әйет және Лисаков кен орындарында кездеседі. Руда 30 м тереңдіктен ашық әдіспен өндіріледі. Кеннің құрамында таза темір 37-52%. Темір кенінің шағын кен орны Қарағанды (Кентөбе, Қаратас), Солтүстік Қазақстан (Атансор) аймақтары

Slide 12

Марганец. Қазақстанда

11 марганец кен орны

бар, ең ірі кен

орындарына Орталық

Қазақстандағы Атасу және Жезді жатады. Мұндағы рудалардың 27%-ына жуығы марганец. Марганец кендері Ұлытау, Сарыарқа, Қаратау, Маңқыстау өңірлерінен де табылды.

Республикадағы марганец рудасының қоры 408 млн тоннаны құрайды. Дүние жүзі бойынша 2-ші орында.

Slide 13

Хром. Хромит кен орындарының 99%-ы Мұғалжар тауларында кездеседі. Кемпірсай және Дөң тобына жататын кен орындары жоғары сапалы рудалармен әйгілі. Қазақстан хромит кенінің барланған қоры мен жылдық өндірілетін мөлшері жөнінен дүние жүзінде екінші орынға шықты. Олар тоттанбайтын болат қорытуға қажет. Хром әлемнің 40 еліне шығарылады. Хромит кендері Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында да ашылды. ТМД елдеріндегі хромиттің 97 %-ы Қазақстанда өндіріледі. Оның 21 кен орны есепке алынған. Жалпы қоры 430 млн т.

Slide 14

Никель. Никельдің

едәуір коры

Мұғалжар таулы

ауданында үгілген

тау жыныстары құрамында шоғырланған. Никельдің 40-тан аса ірі кені Ақтөбе облысындағы Кемпірсай кен орнының үгілу қыртысындағы Бұрақтал кеніштеріне де шоғырланған. Қостанай облысындағы Аққара, Ақтау кендерінің коры мол, сапасы жоғары. Никель кен орындары Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында да бар.

Slide 15

Алюминий. Қазақстанда

алюминийдің негізгі

шикізаты боксит.

Ашылған 200 кен

орнының 50-ден

астамы платформалық типке жатады. Негізгі кен орындары Сарыарқаның солтүстік-шығысында Акмола және Торғай ойысында (Арқалық торабы) . Бұлардағы боксит коры онша көп емес. Сондықтан құрамында глиноземы бар басқа шикізат көздерін (нефелин рудасы, Екібастұз көмірінің қалдығы) пайдалану жолдары іздестірілуде. Қазақстан алюминий өндіру жөнінен ТМД елдері арасында алдыңғы орындардың бірін алады.

Slide 16 Slide 17

Мыс.

Қазақстанда мыс

рудасының аса бай

қорлары бар. Мысты

құмтастардың ең ірі

кен орны

Жезқазған. Жезқазған кен орны ТМД бойынша бірінші, дүние жүзінде екінші орында. Қазақстан мыс өндіру жағынан дүние жүзінде жетінші орын алады. Өнімнің 92%-ы шет елге шығарылады.

Slide 18

Алтын. Қазақстанда 196

алтын кен орны

бар. Алтын республиканың

шығысындағы Алтайда,

Қалба жотасы шеңберінде,

солтүстік-

батысындағы Жітіқара өңірінде өндіріледі. Орталық Қазақстанның солтүстік аймағындағы алтын шығатын кен орындары: кварцты желі, кайталама кварцит пен шашыранды алтын (Степняк, Ақсу, Майқайың) кездеседі. Қалба жотасында да кварцты желі және шашыранды алтын кен орындары шоғырланған. Шағын кварцты-желілі кен орындары Жетісу және Іле Алатауларында да бар.

Slide 19

Рудасыз пайдалы қазбалар.

Асбест. Асбест кен

орны магмалық

жыныстарға байланысты

игеріледі. Ең ірі кен

орны Қостанай

(Жітіқара) және Қарағанды (Жезқазған) облыстарында. Мұғалжардың оңтүстігінде Бөгетсай және Шу-Іле тауларында, Хантау кен орындарында асбестің едәуір қоры бар.

Slide 20

Фосфорит. Қазақстан

фосфориттің коры

жөнінен АҚШ-тан

кейін екінші орын

алады. Оңтүстік Қазақстан аймағында, Қаратауда ірі фосфорит кен орындары (Шолақтау, Ақсай, Жаңатас) бар. Сапасының жоғарылығы және қабатының қалыңдығы жөнінен бұл кен орындарының бүкіл жер шарында теңдесі жоқ. Сондай-ақ фосфорит кен орындары Актөбе облысында, Жем өзенінің жоғары ағысында да кездеседі.

Slide 21

Тұз. Қазақстан

аумағында тұз қоры

өте мол. Әсіресе

тұзға Каспий маңы

ойпаты бай. Ондағы кей


Ұқсас жұмыстар
Тас көмір Калий тұзы
Қазақстанның жалпы көмір қоры
Сарыарқа туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалары
КЕНДІ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР
Пайдалы қазбалары
Орталық Қазақстан.Шаруашылығының қалыптасу ерекшеліктері. Халқы
Аустралия материгінің пайдалы қазбалары
Қазақстан Республикасының өзекті экологиялық мәселелері және тұрақты дамуы
Мұнай мен газ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz