Құстар гигенасы



Тақырыбы: Құстар гигенасы
СӨЖ
Орындаған: Уалихан. Ж. Ш
Тобы: ВС- 505
Тексерген: Қойгельдинова А. С
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Аграрлық факультет
Ветеринариялық санитария

Жоспар:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Құстарды ұстау жүйелері мен тәсілдері
2. Балапандардың гигиенасы
3. Құстардың қора микроклиматы
4. Инкубациялаудың (балапан басудың) гигиенасы
III Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Еліміздің халықты тағамдық өнімдер мен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаның орындалуына ауыл шаруашылық құстарын өсірудің де зор маңызы бар. Өйткені құстардың етінің құндылығы ғана емес, оған жұмыртқа және мамық өнімдерінің бағалылығын қоссақ, оны мен бірге олардың тез жетіліп, көп өнім беретіндігін ескерсек құстарды өсірудің маңызы белгілі болады. Бірақ құстарды өсіру кезінде олардың сыртқы қоршаған ортаға (күтіп-бағуға, азықтандыруға т. б. ) сезімталдығының өте жоғары екендігін ескеру қажет. Құстардың азғана жерде көптен орналасқан жағдайында оларды әртүрлі аурулардан сақтандыру тек қана ветеринариялық санитарлық ережелерді орындап, гигиеналық талаптарға сай жұмыс істегенде ғана болады.

Құстарды ұстау жүйелері мен тәсілдері.
Құс шаруашылығында үш түрлі ұстау жүйелері: экстенсивті, интенсивті және аралас немесе жартылай интенсивті қолданылады. Әр жүйенің өзіне тән тәсілдері яғни клеткаларда және едендерде ұстайтын түрлері тараған. Едендерде ұстау тәсілдері үш түрде кездеседі: жиналмайтын қалың төсенішті, сыртқы және сеткалы (торкөзді) едендерде арнайы серуен алаңдарын пайдаланып, немесе серуенсіз тұрғызып күтіп-бағу болады.
1) Экстенсивті жүйе - көбінесе кіші құс фермаларында белгілі бір мезгілдерде ет және жұмыртқа өнімдерін алуға бағытталған. Мұндай фермаларда құстарды едендерде ұстап, табиғи жарықтандыруды, ауаны желдетуді және мезгілді серуендетуді пайдаланады да, ондай кездерде фермадағы ауыр жұмыстарды (азық тарату, көң тазалау т. б. ) механикаландырудан гөрі қол жұмыстарының бөлігі жоғары болады.

2) Интенсивті жүйе - жыл бойына жоспарлы түрде біркелкі сапалы, мол өнім алу үшін жоғарғы өнімді құстарды клеткаларда және едендерде ұстап, технологиялық процесстерді (вентиляция, канализация, жарықтандыру, азықтандыру т. б. ) механикаландырып, автоматтандырып және арнайы зауаттарда дайындалған құнарлы құрама жемдерді пайдаланып, серуенсіз ұстайды.
3) Аралас немесе жартылай интенсивті жүйе - құстарды технологиялық процесстері автоматтандырылған және механикаландырылған қораларда ұстап, бірақ шектеулі серуендетуді пайдаланып (қаздар, үйрету фермаларында) немесе құстар жылдың бір мезгілінде экстенсивті, ал басқа уақытында - интенсивті жүйеде ұсталады

Құстарды қалың жиналмайтын төсеніштерде ұстау тәсілі көбінесе, ет бағытындағы фермаларда қолданылады. Қалың төсеніштерде құстарды ұстау үшін әуелі құрғақ, дезинфекцияланған және алдын ала қортылған хлорлы әкі ұнтағы себілген (әр кв. м. 0, 5-1 кг) еденге қалыңдығы - 15 см төсеніш салып, соңынан әр бір екі айда үстіне төсеніш материалын қосып, жалпы қалыңдығы жыл аяғына дейін 25-30 см жеткізеді.
Мұндай төсеніштерде, биотермиялық процесстердің нәтижесінде, қыс айында температура 12-18ºС жетеді де, ал төсеніш аралығындағы сапрофитті микробтардың өсуінің салдарынан, әсіресе витаминдер тобы В түзіліп, құстар төсеніш түйірлерін шоқып жеп, өздеріне қажет кейбір витаминдерді табады. Сол сияқты, құстарды қалың төсеніш едендерде ұстағанда, олар еркін қозғалыста болып, денсаулығына бір шама пайдалы әсері тиеді.

Мұнымен қоса құстарды қалың жиналмайтын төсенішті едендерде ұстау кезінде айтарлықтай кемшіліктер кездеседі. Біріншіден бұл тәсілмен ұстаған кезде, құстар белгіленген ұяларға жұмыртқаламай еденге түсіріп, олар ластанып тек тағамдық қана емес инкубациялық сапасын төмендетеді және жұмыртқаларды жинау қыйынға түседі. Екіншіден, құстардың саңырық араласқан төсеніштермен ылғый денесі түйісіп, шоқып жеп альминтарлы (іштен) инфекцияға және инвазиялық (құрт) ауруларға шалдығуына қауіп төндіреді. Үшіншіден, құстарды бұл тәсілмен ұстағанда төсенішті ұзақ алмастырмағанның нәтижесінде, онда улы газдардың мөлшері көбейіп кетпеу үшін өте көп жаңа төсеніш қоры қажет болады (жылына әр құсқа 5-6 кг) .

Құстарды сырықты (планчатты) едендерде ұстау тәсілі кезінде арнайы ағаш сырықтардан құрылған (размері, көбінесе 2 м × 3 м) рамаларды қоралардың еденінен 80-85 см биіктікте, көлдеңнең орналастырады. Рамаларды жасауға қалыңдығы 1, 5-2 см, жалпақтығы 4-5 см ағаш сырықтар (рейка) алып, құс саңырығына бөгет болмау үшін үстіңгі бетін тегіс, қырларын жұмырлап үстіріктеп, бір-бірінен 2, 5-3, 0 см қашықтықта орналастырады. Мұндай едендердің арасынан құс саңырағы астындағы бетондалған арыққа түсіп, одан механикалық түрде арнайы сырғыш-қырғыш құрылымдардың көмегімен тазаланып отырады.
Сырықты едендерде ұстағанда құстарға төсеніш қажет болмайды және олардың дем алып отыруына арнайы қондырғылар қаралмайды, құстардың саңырығы еден тесігінен төмен түсіп кетеді де, олардың денесі таза болып, ауру жұқтыру қаупі төнбейді және құстардың орналасу сиымдылығы жоғарлайды. Бірақ, мұндай артықшылығымен қатар айтарлықтай кемшілігі болып, бұл сырықтан жасалған едендердің сыртқы әсерлерге құс саңырықтарына төзбей, тез істен шығып, жарамсыздануы саналады.

Құстарды тор көзді едендерде ұстау - басқа түрлеріне қарағанда тиімді болып есептеледі.
Ол үшін аса берік, ауыр салмаққа иіліп кетпейтін, сыртқы әсерлерге төзімді, әсіресе химиялық заттар мен газдарға, тот баспайтын (цинкпен, полиэтиленмен, резинамен қапталған) сымдардан ара қашықтықтары (тесігі) 3, 5 × 3, 5 см төркөздер (сетка) жасалып, жерден 60-70 см биіктікте, керіп орнатылады. Олардың астында көң жиналатын бетондалған арықтар жасалады. Бұл тәсілдің сырықты едендерден артықшылығы сыртқы факторлардың әсеріне төзімділігі болса, кемшілігі ұзақ уақыт құс салмағына шыдамай, еден иіліп, салбырап кетеді де, оны жиі керіп отыруға қосымша еңбек жұмсалады және құстардың дем алып отыруына арнайы қондырғылар қаралуға тура келеді.

Арнайы клеткаларда құстарды ұстау тәсілі құс шаруашылығында, әсіресе ірі өндірістерде (фабрикалар) кең таралған. Бұл тәсілмен ұстау кезінде арнайы клеткалы батареялар (тізбегі) жасалып қораның ішіне бірден бес қабатқа дейін аралықтарынан жол қалдырып орналастырылады. Ол үшін құстарды жекелеме, шағын топпен (2-10 басқа дейін) және ірі топпен (бірнеше ондық) ұстауға арналған цинкпен көмкерілген сымдардан клеткалар жасалып тізбектеп орналастырылады.
Қазіргі кезде клеткалы батареяларда барлық негізгі технологиялық процесстер: азық жеткізу, суару, жұмыртқа жинау, саңырық тазалау, жуу, дезинфекциялау т. б. механикаландырып және автоматтандырылған. Клеткаларды қорада орналастырылуы тігінен және сатылы немесе каскадты жасалады. Құстарды клеткалы батареяларда ұстағанда, олардың орналасу қабатына байланысты, еденде ұстағанмен салыстырғанда 2-4 есе, қораның сиымдылығы артады.

Құс қораларының микроклиматы нашар болса жас құстардың өсіп-дамуы тежеліп, өнімділігі төмендеп, құстың басқа ауруларға қарсы тұру қабілеті азаяды. Құстарды қанағаттандырғысыз микроклиматы бар қораларда ұстағанда, олардың өнімі 40-50 % төмендейді, бір өнімге шаққанда азық шығыны 30-40 % артып, құстың, әсіресе жас балапандардың ауруы 3-4 есе көбейеді. Ірі құстардың, онымен қоса ересек жас құстардың қораларындағы ауаның температурасының, қыс айларында, төмендеуі немесе жоғарлауы қалыпты нормадан 2 градустан артық ауытқымауы керек.
Жылдың жылы мезгілдерінде қора ауасының температурасының ең жоғарғы шегі сыртқы ауаның температурасының көрсетуінен 5 градустан жоғары болмай, бірақ 1-10 тәуліктік балапандар үшін 33ºС артық емес, басқа жастағы жұмыртқалайтын құстарға - 28ºС, ет бағытындағыларға - 26ºС жоғары болмауы керек.
Қысқа мезгілде (тәулік ішінде 4 сағатқа) ауа температурасының жоғарлауына рұқсат етіледі, бірақ жалпы орта есеппен 33ºС жоғары көтерілмеуі керек

Құс қораларының ауасының температурасының төмендеуі құстың энергияға сұранысын арттырып азық шығының жоғарлатады да, ал температураның жоғарлауы белгілі бір мөлшерге дейін азыққа құстың сұранысын төмендетеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz