Күйзеліс (стресс): анықтамасы, денсаулыққа әсері және жеңу тәсілдері


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Презентация

Орындаған:Жолдасова Аида

Тобы: АП-16-2к

Қабылдаған:Қалходжаева А. М.

Шымкент 2016

Slide 2

КҮЙЗЕЛІС (СТРЕСС) ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕҢУ ТӘСІЛДЕРІ

Күйзелісті (стрессті) кез келген организмнің сыртқы ортадағы қандай да бір жағымсыздыққа негізгі реакциясы ретінде анықтауға болады. «Стресс» термині біздің күнделікті тіл оралымымыздағы үйреншікті сөзге айналып кетті. Бұл қысқа да ауқымды сөзге күрделі жағдайларда немесе жоғары қауіпте пайда болатын өз мінез-құлқымыздағы өзгерістер мен сезімдердің және толғаныстардың тұтастай гаммасы туралы елестетуімізді жинақтаймыз.

Slide 3

Организміміздің күйзеліс туындаған кезеңдегі жұмысын қоршауға алынған бекініспен салыстыруға болады. Оны қорғауға барлық күш-жігер жұмсалған, алайда мұның да шегі бар. Әлде жау жеңіледі және қоршау алып тасталады, әлде бекініс құлайды, өйткені ешкім мәңгі бақи қорғана алмайды. Дәл осы жағдайда күйзеліс кеселдері пайда болады.

Slide 4

Бұл ең алдымен жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйесінің дерттері (жүректің ишемиялық кеселі, инфаркттар, гипертония, демікпе) . Кеселдің келесі санатын көбіне-көп дұрыс тамақтанбаумен байланыстырады. Бұл әрқашан дұрыс болып келе бермейді. Әңгіме әр түрлі өмір салтын ұстанатын адамдар жапа шегетін қарын мен ұлтабар, гастриттер жөнінде болып отыр. Стресс ауруларының үшінші санатына эндокриндік ауытқулар мен зат алмасу үдерісінің бұзылыстары жатқызылады.

Slide 5

Стресс әсерінен болатын аурулар;

жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйесінің дерттері

жүректің ишемиялық кеселі, инфаркттар, гипертония, демікпе

эндокриндік ауытқулар

зат алмасу үдерісінің бұзылыстары

Slide 6

Күйзелісті жеңудің әр қилы стратегиялары:

Slide 7

Жағдай ықтималды қауіпті, күрделі немесе жаңа ретінде қабылдануын доғарғанда, стресс тиылады. Мұнда білуге тиіс жайт, негативтік (теріс) жай-күй тек біздің теріс ойларымызбен ұсталып тұрылады. Нақ солар барлық бәленің көзі болып табылады. Өз ойларыңызбен жұмыс істеуді үйреніп, сіз өз эмоционалдық жай-күйіңізді реттеуді үйренесіз.

Slide 8

Стресстен құтылудың басты ережесі:

Бірінші ереже - өз бойыңыздан теріс ойды қумау, керісінше оған оның басқа ойлар сяиқты өмір сүруге өз құқығының бар екеніне түсіністікпен қарау.

Slide 9

Стресстен құтылудың басты ережесі:

Екінші ереже - бұл ойға сыпайы түрде айналып өтуді ұсыныңыз, өйткені әр кезде өзіңізге қызықтырақ, маңыздырақ және пайдалырақ басқа ойлар мен тірліктер бар. Бұл кезде бірден бұл жаңа ойларды, тірліктерді ойлап іске кірісіңіз.

Slide 10

Өмірдегі теріс жағдайда жақсы және пайдалы нәрсені таба білуге үйрену әрқайсымызға маңызды. Себебі өмір қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресінен құралған.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Ганс Сельенің күйзеліс ілімі және эмоционалды стресс: жалпы адаптациялық синдромның физиологиясы мен жеңу тәсілдері
Стресс: анықтамасы, себептері, кезеңдері және денсаулыққа әсері
Стресс пен депрессия: себептері, салдары және жеңу жолдары
Теріс эмоциялардың психикалық және физикалық денсаулыққа әсері
Өмірлік және қызметтік стресс: ағзаға әсері және басқару бағдарламасы
Эмоциялық стресс: анықтамасы, белгілері және арылу жолдары
Стресс: анықтамасы, кезеңдері және физиологиялық әсерлері
Цитокиндер, стресс және гормондардың иммундық қызметке әсері
Стресс пен тамақтану бұзылыстары: әсері, себептері және басқару стратегиялары
Стресс: анықтамасы, түрлері, кезеңдері, белгілері және алдын алу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz