Трансгенді ағзалар туралы түсінік


Slide 1

«Астана» медицина университеті «Молекулалық биология және медициналық генетика»кафедрасы СӨЖ

Тақырыбы:Трансгенді ағзалардың медицинада және фармацияда қолданылуы

Орындаған:Матығұлова Ж. Е

Тексерген:Абдрахманова Б. М

Астана 2019

Slide 2

.

Жоспар

І. Кіріспе

1. 1 Трансгенді ағзалар туралы түсінік.

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Трансгенді жануарларды алу әдістері

2. 2. Трансгендiк өсiмдiктер

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Трансгенді немесе трансформацияланған ағзалар деп - геномында бөтен ген бар ағзаларды айтады. Трансгенді жануарлар алу трансгеноз әдісі арқылы іске асады.

Трансгеноз дегеніміз - генді бір биологиялық жүйеден басқа жүйеге жаңа белгілері бар организмнің формасын алу үшін жасанды жолмен тасымалдауды айтамыз. Трансгенді ағзалар әр түрлі биологиялық активті биотехнологиялық заттарды синтездеу және бағалы белгілері бар жануарлардың жаңа тұқымдарын алу үшін қолданылады. Трансгеноз әдісімен бөтен генді эукариоттық жыныс клеткаға енгізіп, оның жұмысын бақылау арқылы генетикалық инженерияның көптеген мәселелерін айқындауға болады, өйткені мұнда трансгенді эмбрионның жатырдағы даму ерекшеліктерін зерттеу мүмкін болады

Slide 4

Трансгендік дара ағзаларды алу жұмыстары үш бағытта жүргізіледі: ауыл шаруашылығы түліктерінің геномдарын анықтау, эндогендік қосымша өнімдерді өндіру, оларды малдардың тұқымдарын жақсарту, асылдандыру, климатқа бейімдеу және жерсіндіру мақсаттарында қолдану

Slide 5

Солардың негізінде соматотропин гені бар немесе бірқатар ауруларға қарсы тұра алатын (генетикалық иммундық формалар) трансгендік жануарлар желісін құруға болады. Келешекте зиготаларына бірнеше ген енгізілетін политрансгенді жануарлар шығарудың мүмкіндігі зор. Бірақ та жеке ағзаның эволюциялық геномын құртып алу қаупі жоқ емес. Сондықтан да бұл жағдайда политрансгендік жануарлар геномын мұқият іріктеу және селекциялау жұмыстары негізгі шарттардың бірі болмақ. Түрлері бойынша трансгендік жануарлар шығару үшін гендік инженерияда іске асырылатын бірнеше бағытты белгілеуге болады.

Slide 6

Трансгенді жануарларды алу әдістері

Трансгенді жануарларды алу технологиясы қазіргі кезде жақсы жолға қойылған. Клондалған гендерді жұмыртқа клеткаларына немесе алғашқы сатыдағы эмбриондарға енгізудің бірнеше әдісі табылған. Бөгде ген реттеушісіне байланысты әртүрлі тканьдарда қызмет атқарады. Мысалы, егерде тасымалданған генге, оның қайдан алынғанына байланыссыз бактериядан, өсімдіктен, адамнан, жануардан қалыпты жағдайда бауырда қызмет атқаратын тышқан генінің реттеушісін жалғаса, онда көшіріп орнатылған ген трансгенді жануарлардың бауырында жұмыс атқарады

Slide 7

XX ғасырдың 80-ші жылдарының басында трансгендік технологияны дамыту үшін жүргізілген ғылыми жұмыстар зертханалық тышқандарда жүргізілді. Трансгенді тышқандар, үлкен масштабта емдеу заттарының синтезделуіне, сондай-ақ адамның әртүрлі генетикалық ауруларын реттеуге қажетті трансгенді линияларды жасау үшін маңызды роль атқарды.

Slide 8

Тышқандарға бөгде ДНҚ енгізуді әэртүрлі әдістермен жүзеге асыруға болады:

1) имплантация алдында ретровирустардың векторларының көмегімен;

ұрықталған аналық жасушасына ұлғайтылған спермия ядросын микроинъекция арқылы енгізу;

3) иплантация алдында эмбрионның алғашқы дамуы барысында оған, генетикалық модификацияланған эмбрионның қабырғалық жасушаларды енгізеді.

Slide 9

Трансгенді ірі қара (сиыр) . Егер сүт безін «биореактор» ретінде қолданса, онда трансгеноз үшін ең қалаулы жануар болып сиыр қарастырылар еді, себебі ол жылына 10 000 л таман (1 л сүтте 35 г белок болады) сүт береді. Егер сүтте осынша мөлшерде рекомбинантты белок болса, онда оның тазалау тимділігі 50% құрайды, ал 20 трансгенді сиырлардан шамамен 100 кг белок алуға болады. Трансгенді сиырды алу үшін, тышқандарды микроинъекциялау әдістемесі негізге алынып, трансгеноздың модификациялық әдісі қолданылды .

Slide 10

Трансгенді шошқаларға зерттеулер жүргізу барысында, мысалы, трансгенді шошқаларда адамның гемоглобині синтезделді. Трансенді шошқалар түзетін адам гемоглобинінің химиялық құрамы адамның табиғи гемоглобинімен бірдей болды. Бірақ осылай бөлініп алынған гемоглобин эритгроциттерге қарағанда оттегін аз тасымалдайды және жануар организмінде жылдам ыдырайды

Slide 11

Трансгендiк өсiмдiктер

2002 жылы трансгендiк сорттарды егудiң жалпы көлемi бiр жылға 105% жылдамдығымен алты жыл қатар өсiп келе жатты. 2002 жылы ол 58, 7 млн. га құрады және осы бизнеспен 6 млн. жуық адам айналысты. Бұл Ұлыбритания жерiнiң көлемiнен екi есе артық немесе Ресей Федерациясының бүкiл егiстiгiнiң 50% астам, онда әзiрше бiр де бiр коммерциялық трансгендiк дақылдар өсiрiлмеген. Әлемде 2001-2002 жылдары бойынша гендiк модификацияланған (ГМ) өсiмдiктердi егу көлемi 12%, ал 1996 - 2002 жылдар бойынша - 35 есеге өстi. Өндiрiске енгiзудiң мұндай жоғары қарқыны ауыл шаруашылығының бүкiл тарихында кез келген басқа технологиямен салыстырғанда теңдесi жоқ. Соңғы жетi жылда трансгендiк дақылдарды өсiретiн елдер саны екi еседен астам артты және он алтыға жеттi.

2002 жылы трансгендiк дақылдардың басым болғаны қытай бұршақ, екiншi орында жүгерi, үшiншi орында - қоза және содан кейiн күздiк рапс.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Трансгенді ағзалар
Трансгендік өсімдіктер
Гендік - модификацияланған ағзаларды алу
Генетикалық инженерия негізі. Ағзаларды клондау
Гендік инженерия негіздері
ГЕНДІК ИНЖЕНЕРИЯНЫҢ ЖАНУАРЛАРҒА ҚОЛДАНЫЛУЫ
Генетикалық инженерия негіздері
Факторлардың экогенетикалық әсері
Гендік модифицирленген өнімдер
Трансгенді майлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz