НОРВЕГИЯ ЕЛІ
Презентация қосу
НОРВЕГИЯ ЕЛІ
мемлекеттік құрылымы және
әкімшілік бөлінуі
Тәуелсіздік күні: 7 маусым 1905 жылы жарияланып, қазан айының 26 күні мойындалды
Ресми тілі – Норвег тілі. Елордасы – Осло қаласы. Ірі қалалары: Осло, Берген,
Тронхейм, Ставангер
Үкімет түрі: Конституциялық монархия. Корольі: V Харальд . Премьер-министрі:
Эрна Сульберг
Норвегия жері 19 облысқа бөлінген. Әр облыс қалалар мен ауылдық округтерден
(коммуна) құралады. Ол әрбірі төрт жылда бір сайланатын кеңеске ие.
географиясы
Норвегия, ресми атауы — Норвегия
корольдігі — Еуропада орналасқан
ел.
Солтүстік Еуропаның
Скандинавия түбегінде батыс
жағалауды барынша иемденіп
жатқан ірі елдердің бірі.
Атлант мұхитынан соғатын суық желдің әсері бар, батыстағы таулы қыраттың
қытымыр аязы үстемдік құратын өлке қатарынан үш елмен қоңсылас орналасқан:
Ресеймен — 196, Финляндиямен — 727 км, ал Швециямен — 1619 км шекарасы
шектесіп жатыр.
Корольдіктің жер аумағы — 386 960 км2 құрайды. Бұл жағынан келгенде Норвегия
Скандинавия елдері ішінде екінші орында.
табиғаты
Норвегияның көп бөлігін
Скандинавия таулары алып жатыр
(ең биік нүктесі – Гальхепигген
тауы 2469 м). Солтүстік және
Норвег т-нің жағалаулары
фьордтармен тілімделген. Климаты
– баяу теңіздік.
Жылдық жауын-шашын мөлшері шығысында 300 мм-ге, батыс тау беткейлерінде
3000 мм-ге дейін жетеді.
Мұздықтардың жалпы аумағы 3 мың км². Мол сулы ірі өзендері – Гломма, Логен,
т.б. Жерінің 27%-ын ормандар (негізінен қылқан жапырақты, жапырақты) алып
жатыр.
саяси жүйесі
Норвегия — демократиялы конституциялық монархия болып табылатын
мемлекет. 1991 жылдың 17 қаңтарынан бері мемлекет королі — Харалд V.
1814 жылы қабылданып, көптеген рет өзгерістер мен толықтыруларды
бастан кешірген ел конституциясына сай, корольдің уысына елдің үш билігі
бірдей берілген.
Министрлер кабинеті Премьер-министр мен 16 министрден құралады.
Үкіметбасыға елдің атқарушы билігі табысталған.
Стортинг аталатын ел парламентіне 169 депутат мүше бола алады.
қысқаша
тарихы
Норвегия
құрылған жыл:
872 жыл
Норвегияның тарихы Викингтер дәуірінде басталды, оның қатыгездігі
Ұлыбритания жағалауларында әлі күнге дейін аңызға айналуда.
Тәуелсіздікке 1905 ж. ғана қол жеткізсе, бұған дейінгі 1397—1814 жылдары Дания
қарауына еніп, кейінгі 1814—1905 жылдары Швецияның отары болған.
халқы
Халық саны жер аумағына қарай
шаққанда аз және қоныстануы да
әркелкі.
Айталық соңғы жасалған халық
санағы бойынша елде 5 миллион 250
мың халық тұрады. Ал осы аз
халықтың үштен бірі — бір Осло-
Фьорд аймағына ғана шоғырланған.
Ал өзге ірі қалалардағы халықтың қоныстануы төмендегідей: Берген (224 мың),
Тронхейм (145 мың), Ставангер (106 мың), Берум (98 мың).
Елдегі бала туу — 11,89% құраса, адам өлімі — 9,51%. Елдегі балалар өлімі ең төменгі
деңгейде. Және статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әрбір төртінші норвег ауылдық
жерді мекен етеді екен
сыртқы саудасы
Норвегия әлемдегі экспорт көлемі бойынша 36-шы ел болып табылады: 2017
жылы ел 106 млрд $ тауар экспорттады, ал 84,8 млрд $ импорттады, сыртқы
сауданың оң сальдосы — 21,2 млрд$.
мұнай (26 %), Металлургия,
химия өнеркәсібі және машина жасау өнімдері.
балық және балық өнімдері (10,5% дейін), табиғи газ (26 %),
Бас сатып алушылар: Ұлыбритания (21,4 млрд $), Германия (16,4 млрд $), Швеция (9
млрд $), Нидерланды (7,88 млрд $) және Франция (7,5 млрд $).
Негізгі импорттық тауарлар: Машиналар, жабдықтар және
электроника (21,1 %), көлік құралдары (19,4 %), металлургиялық
шикізат және жартылай фабрикаттар (13 %), киім, аяқ киім, азық-
түлік тауарлары (жемістер, көкөністер, алкоголь ж әне алкогольсіз
сусындар), буып-түйілген дәрілер. Басты жеткізушілер: Швеция ( 10,1
млрд $), Германия (9,6 млрд $), Қытай (8,17 млрд $), Оңтүстік Корея
(5,71 млрд $) және АҚШ (5,5 млрд$).
кедендік баж салығы
Норвегиялық кеден - "қоғамда тауарларды заңсыз
әкелуден және әкетуден қорғауға және баждар мен
салықтарды дұрыс және уақтылы төлеу жолымен
Мемлекеттік кірістерді қамтамасыз етуге" жауап береді.
2017 жылдан бастап агенттікті кеден қызметінің директоры Эйстейн Бермер
басқаруда.
Агенттік - орталық басқару, Норвег кеденінің Директоратынан және 6 кедендік
аймақтан тұрады. директораттың рөлі кедендік ережелерді әзірлеу, кедендік
аймақтарды қолдау және жұртшылық үшін байланыс орталығының
функцияларын орындау болып табылады.
Директораттың штаб-пәтері Ослода орналасқан.
• Егер сіз Норвегиядан тыс жерде 24 сағаттан астам уақыт жүрсеңіз, онда сіз
елге 6000 НОК дейінгі бажсыз тауарларды импорттауға құқығыңыз бар.
• Егер Норвегиядан тыс жерде болу 24 сағаттан аз болса, сіз кедендік баждар
мен алымдарды төлемей-ақ, бір тәулік ішінде жалпы құны 3000 НОК дейінгі
тауарларды импорттауға мүмкіндік аласыз.
• Алкоголь мен темекіні барлық төлемдерді төлеп сатып алғандығын
растайтын құжаттар болған кезде ғана әкелуге болады.
• 12 жасқа дейінгі балаларға минералды су, шоколад және кондитерлік
өнімдерді қоспағанда, тамақты бажсыз әкелуге тыйым салынады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz